8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен



бет15/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Сөздік: жалғыз аяқ жол, құдды, шыбын жанын қоярға жер

таппады, көзімен ұзатып салу, көзден ғайып болу.

Мазмұндау жоспары:

1. Жалғыз аяқ жол.

2. Құр балапаны.

3. Жолдыаяқтың ақылдылығы.


«Заман-ай» күйі
Әнші, күйші сері Сейтек аралданқашып шықты. Домбырасын тастамай қолтығына қыса кетті. Салды теңізге итеріп жіберіп, Сейтек ең ақырғы боп өзі мінді.

- Қош, Сахалин!... Бұл дауыста қауіп те, үміт те бар-ды.

Алдында сұлап жатқан теңізге Сейтек көз жібермеді. Мелшиген мылқау мұхит. Түпшіс тұңғиық. Аспан мен дария тұтасқан, біріне-бір ұқсас. Құдды аспан айналып суға тускендей. Толқынға көмілген жанқадай сал лезде теңіз қатпарында жоқ болды.

"Сәт" деді ішінен Сейтек бекініп, серт берген пішінмен. Өңі бұзылып қоңырқай беті бозарды. Ендігі серт - тез ғана елге жету. Зұлымдық жасап "барса келмес" аралына жіберсе де, тірі қайту; байтақ далада сұлу жарын, кәрі анасын құшу, туған елде күй шабытын шарықтатып, тағы да шыңға сермеу; жүректегі зар боп қатқан қайғыны күйге салып халыққа тарату жазықсыз қиянат әділетсіз заманның құралы екенін аңғарту; бойдағы барлық қуат, тілек, сезім соған шақырады.

Қашқындар бір күн, екі күн ... толқынмен ақты. Азық таусылды, қуат азайды. Қауіп күшейді.

Әттең дүние, үйренген қыр үсті болар ма еді! Ең құрығанда дөң басына шығып, қол бұлғаса біреу көрер еді. Мына түнерген теңізде ұшқан құс та көрінбейді. Айнала зым-зия, тірліктен хабарсыз сияқты.

Бір кезде айнала бозарып, тұман серпіліп, көз ұшында ноқаттай бірдеме қарайды. Жаға ма? Үміт жағасы ма? Бұл қарайған өмір үміті емес пе!! Па, шіркін!...

Сейтек шыдамады қолтығынан кішкене домбрасын жұлып алды. Он саусағы безектеп, домбыра бебеу қақты.

Сейтектің серіктері де күйге ұйып, тыңдай қалыпты. Оларда ызғарлы теңіз-қаупін  ұмытты. Күйге беріліпті. Әне, Василийдің көзінен домалап аққан жас теңіз суына қосылып жатыр.

Теңіз бетінде   құйындай ұйытқыған толқын арасынан кеудесін ашып, анасы Бәтима құшағын жаяды... Әлден уақытта оның бейнесі ғайып боп, күй желісі өзгереді. Заматта қаратүнек жоғалып, үміт жиегінен күн шығады. Бұл " Заман-ай" күйі еді.

Осы кезде:

- Әне, жиек! - деп шулап жіберді қашқындар. Сейтек бөркін алып, домбыраға сүйеніп, сонау жиекке тесіле қарады. Арманы осы еді. Оның қонырқай жүзі жадырады, көзінде құбылған бейнет, қайғы, жалғыздық көлеңкесін қуаныш басты.

Алыста, таң сәулесі астында, теңіз жағасында қарайған нұсқа азаттық белгісі еді. (З. Шашкин, 319 сөз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет