8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен


- сынып Сөйлем. Сөйлемнің сазына қарай түрлері



бет2/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

8 - сынып

Сөйлем. Сөйлемнің сазына қарай түрлері
Бақылау диктанты
Қараша күз белгісі

Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс ату саятына көп шықпаса да, қаз-үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрейгейге қырғи мен күйкентай салғанды талай-талай тамашалаған. Ол ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе, ұзақ-ұзақ сапарлары, жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтызары еді. Міне, бүгін де күн шықпай шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты. (С. Бақбергенов, 142 сөз)



Аттану
Күн ала бұлтты болатын. Махмұт ол – пұлын дәріс берген шәкірт бала Көксегенге жинатып, аттаныс қамына кірісіп жатқан. Аядай есіктен еңгезердей болып біреу кірді. Шағиман шал екен.

  • Сіз екенсіз ғой, ақсақал. Төрлетіңіз.

  • Немене, жүрмекшімісің?

  • Иә, ақсақал ондай ой бар.

  • Ой болғаны – жол болғаны. Сезем, шырағым, жай –

күйіңді. Немене, мына шалдың қауқиған бойы деп ойлама. Жүрек деген қыж – қыж қайнайды, күресерге дәрмен жоқ. Өзімнің құлай ұнатқан балам едің. Жалғыздық басыңа түскенде қол ұшын бере алмадым.

  • О, не дегеніңіз, Шәке. Сізге не деп өкпе айтайын?

Тіпті, қай – қайсыңызға да өкпе – назым жоқ. Тілеуім ақ, көңілім пәк, аунадым, қунадым. Бір қауым шаруамды бітіріп алдым.

-Әй, Махмұт – ай сипақтатып қайтесің? Маңдайымызға сыйдыра алмадық қой. Білместік. Жә, аттанам дейсің, астында атың да жоқ. Күн болса мынау жауғалы тұрған. Баяғыда Жазатырдан өзім әкеліп едім, енді барар жеріңе апару да міндетім секілді. Әйтпесе қазақ болып туғаным қайсы? Атаңның атын мініп кет, Махмұт.



маған түсіп беріп...

  • Уа, садағаң кетейін! Сөзді қой, шырақ. Мініп кет! Атаң

екі сөйлемейді. (О.Бөкей, 150 сөз).

Жақан
Малшы ауылдың үлкен – кішісімен түгел қоштасып, рульге отырды. Зулап келе жатқан жылдамдықтан ба, бетке ұрған самал лептен бе, бір жыл асқанша артынан ербие қарап тұратын риза жанарлардан ба, тамағы құрғап, көзі жаурап кетеді. Олар үшін бұл дүниедегі ең қымбат, ең жақын адамдай. Олар бұған жабыла ақ жол тілеп тұрғандай. Жақан артына жалтақ – жалтақ қарап қойып, педальді баса түседі. Шіркін десеңші, адамдарға қажетің бары қандай жақсы. Шамасы, азаматтың азаматтығы да басқаларға қаншалықты қажетінің барлығымен өлшенетін болса керек. Олардың саған күнде пәлен рет, «айналайындап» алдыңа келіп тұратындары қандай тамаша! Жігітке өз атын басқаның аузынан естігеннен асқан бақыт бар дейсің бе!

  • Жақан!

  • Уа, Жақан!

Айта берсін, атай берсін, айқайлап шақыра берсін. Күніне мың рет, тіпті, миллион рет атасын, шақырсын, әңгіме қылсын... Тек мынау жол жиегіндегі әрі өткен мен бері өткеннің шаңына көміліп, белгісі мен бедерінен жұрдай боп, енді мынау ұлан – асыр дүниеде ешкімнің көзіне ілікпейтін сілтібас тырбық қылтанақтай керексіздіктен аулақ қылғай... (Ә. Кекілбаев, 152 сөз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет