Сөздік: қабырғасына бату, рәсуа, тілі мен жағына сүйену.
Мазмұндау жоспары:
1. Жердегі жұмыртқалар.
2. Қарт бүркіттің уайымы.
3. Ақыл айту.
4. Зәресі ұшқан Көкек.
5. Қарлығаш.
6. Адамдардан үйрену керек.
7. Тапсырма.
8. Құстар үй салуға кірісті.
Жолдыаяқ – ақылды ит
Жолдыаяқ екеуміз бұта-жыңғылардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым. Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім. Бір қызығы, Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, ьұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді, өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай- ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдарлай білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істеін» дегендей мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр- шыр етіп,
қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады.
Мен оны қатты аяп кеттім.
- Жолдыаяқ болды енді, тиіспе! – деп дауыстадым итіме.
Сол-ақ екен, Жолдыаяқ әурелеуін қойды. Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне – өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бәр бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісінен асып, көзден ғайып болды.
Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті. (Ы. Кененбаев, 218 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |