8-сынып 1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз



бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі21,6 Kb.
#120746
1   2   3   4
5. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.
а) Дәурен балық аулағанды жақсы көрмейді. ә) Дәурен әпкесін сыйламайды.
б) Дәурен уақыттың өткенін байқамай қалды. в) Дәурен үйге ерте келді.
6. Мәтінде қазақтың туыстарына көрсететін қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?
а) тазалық ә) еңбекқорлық б) жалқаулық в) бауырмалдық
7. Мәтіннен синоним сөздерді табыңыз.
8. Қай сөйлемде етістіктің қалау райы бар?
а) Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. ә) Малға шөпті уақтылы бер.
б) Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой.
в) Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.
9. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
а) Дәуреннің анасы қайда жұмыс істейді? ә) Гүлнардың жасы нешеде?
б) Дәурен анасына қандай көмек көрсетуі керек? в) Дәурен нешінші сыныпта оқиды?
10. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) үй сыпыру, еден сүрту, гүлге су құю
ә) балық аулау, кеш келу, малға шөп салу, Дәуреннің ризашылығы
б) достармен өзенге бару, қуану, кеш келу
в) көйлек жуу, еден сүрту, су әкелу
2-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана – болашағы үлкен қала.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Біздің ел тез дамиды және гүлденеді. Мен отаншылмын. Мен өз елімді сүйемін, себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет