10 тақырып: Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім
берудің қазіргі кездегі күйі
Сұрақтар:
1.
ҚР инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары.
2.
ҚР инклюзивті білім берудің даму перспективасы.
Қазақстанның Конституциясы республика азаматтарына міндетті
болып табылатын тегін орта білім алуына кепілдік береді, бұл басқа
жақтарын қоспағанда, оның қол жетімділігі мен сапасын да кӛздейді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында білім мақсаты қоғам
мүшелерінің адамгершілік, зияткерлік, мәдени және дене дамуының әрі
кәсіптік құзыреттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу болып табылатын,
тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі деп түсіндіреді. Білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі әр
азаматтың зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, халық үшін білімнің қол жетімділігі болып
табылады.
Арнайы нормативтік құқықтық актілерде – «Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және басқаларда мүгедек
балалардың білім алу процесі туралы айтылған.
Туған сәтінен бастап мүгедек балалар психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияда (ПМПК) тексеруден ӛтіп тұрады, ол
психологиялық-медициналық- педагогикалық зерттеу диагностикасының
нәтижесінде олардың жалпы не арнайы түзеу арқылы білім беретін жүйеде
оқуға және тәрбиеленуге қабілеттері туралы шешім шығарады. Кемтар
балалардың жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен оқу
орындарында тәрбиелену мен оқуды жүзеге асыруына мүмкіндігі болмаған
жағдайда және ата-аналарының қалауын ескере отырып, тәрбиелеу мен
оқыту үйде жүргізіледі. Бұл ретте ата-анасының біреуіне не оны
алмастыратын адамға мүгедек балаларды балалар интернат үйлерінде
асырау құнының мӛлшерінде материалдық қамтамасыз ету ұсынылады.
Жоғарыда аталған жәрдемақылар үйде оқытылатын балалар 18 жасқа
болғанша, тӛленеді. Бірақ «оқи алмайтын» деп танылған мүгедек балаларға
ПМПК жәрдемақы тӛлеуді тоқтатады. Осы балалар білім мен тәрбие беру
процесінен толығымен шеттетіледі. Жер- жерде қалыптасқан осы практика
кемсітуші болып табылады, ӛйткені оқи алатындар мен оқи алмайтындарға
бӛлу баланың дамуға және оқуға қабілетті қоғам мүшесі ретінде
танылуына құқығынан айырады.
Алайда, егер кемтар баланы үйде оқыту ұсынылса, оған берілген білім
алуға құқығы толық кӛлемде іске асырылмайды. Мүгедек балаларды
оқытуға қолданыстағы заңнама аптасына небары 8 сағат бӛледі.
Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері айтып отырғандай, үйде оқыту түрі
тек ата-аналарының балаға мектеп бағдарламасын игеруіне барынша кӛмек
кӛрсету жӛніндегі күш- жігеріне байланысты, ал жетекшілік ететін
мектептің ролі – оқушыны тоқсан сайын аттестациядан ӛткізуде.
Мектептегі білім сапасы қалада берілетін білімге сәйкес келмейтін
ауылдық және шалғай аудандарда оқыту, оның ішінде үйде оқыту мәселесі
неғүрлым ӛткір болып отыр. Нәтижесінде алынған білім стандарты жас
мүгедектердің жоғары оқу орындарына түсу кезінде, ал кейіннен жұмысқа
орналасу кезінде неғұрлым дені сау құрбы-құрдастарымен бәсекеге түсуіне
мүмкіндік бермейді.
Мүгедек балаларға білім берудің біздің елімізде белгіленген кез келген
түрлері мен нысандары кезінде адам құқықтарының негізгі компоненті
болып жарияланған, құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің қағидаты
бұзылып отырғаны белгілі. Және жоғарыда санамаланған проблемалар тек
кемтар балаларға қатысты кемсіту практикасының бір ғана бӛлігі болып
табылады.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арнайы білім беруді жалпыға
ортақ білім беру жүйесінен оқшау қарастыру арқылы прогреске қол
жеткізу қиын. Арнайы білім беру – бұл жекелеген жүйе емес, бұл ұлттық
білім беру жүйесі буындарының тек бір бӛлігі ғана.
Қазіргі уақытта арнайы білім берудегі нақты прогреске бірнеше
факторлар: мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы; балаларды
оқытуды жүзеге асырушы кадр персоналының әлсіздігі; арнайы білім беру
жӛніндегі ұлттық стандарттардың жоқтығы; инклюзивті білім беруге
мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.
Арнайы білім беруді кез келген білім беру реформаларының
бағдарламаларына
енгізу,
жер-жерде
кіріктірілген
білім
беру
тұжырымдамасын енгізу, жеке оңалту бағдарламаларын жоспарлау кезінде
мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту
және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнайы заңдарды әзірлеу,
ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарының
құқықтарын қамтамасыз ету - осының барлығы жағдайды едәуір ӛзгертіп,
барлық адамдардың білім идеяларын іске асыруы үшін алғышарттар жасар
еді.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жж.
арналған Мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі
балаларды қолжетімді білім алу жағдайларын ескеретін оқыту үдерісіне
кіріктірудің механизмдері анықталды.
2004 ж. ашылған мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және
түзетушілік- педагогикалық қолдау жүйесін нормативтік, оқу-әдістемелік
жағынан қамтамасыз ететін, ғылыми зерттеулер жасау, оларды тәжірибеге
енгізіп байқау мәселелерімен айналысатын мекеме - Әлеуметтік бейімдеу
және еңбек реабилитациясы орталығы Түзету педагогикасының Ұлттық
ғылыми-практикалық орталығы болып қайта ашылды.
Республикада мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайларын
жасауда келесі
Достарыңызбен бөлісу: |