8 тақырып: Инклюзивті білім беру Cұрақтар: «Инклюзия»



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.05.2023
өлшемі454,75 Kb.
#89292
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тк 3 8,9,10 тақырып

бағыттар басымдылыққа ие бағыттар болып саналады: 
Бірінші бағыт — балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте анықтау 
және түзету жұмыстарын да мүмкіндігінше ерте кезеңде ұйымдастыру. 
Мектепке дейінгі жаста дер кезінде кӛрсетілген кӛмек баланың мектепте 
оқуға даярлығын жоғарылатады, оқуда кездесетін қиындықтардың алдын 
алады. 
Арнайы оқыту жүйесінің алғашқы сатысы психологиялық-дәрігерлік-
педагогикалық кеңес беру болып табылады. 
Қазіргі күні елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық ПМПК 
жұмыс істейді, оның ішінде 1 республикалық. ПМПК жүйесінің кеңеюіне 
байланысты балалардың дамындағы кемістіктерді анықтау мүмкіндігі 
молайды. Сонымен бірге МШ балалар ӛсіріп отырған ата-аналар мен 
олардың балаларына түзетушілік-психологиялық-педагогикалық кешенді 
кӛмек беру қызметтері кӛбейді. 
Олар: 119 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, 15 
реабилитациялық орталық және 283 логопедиялық пункт. 
Екінші бағыт — балалардың дене бітімдік және психикалық 
ерекшеліктеріне сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруда кӛпнұсқалы 
жағдайлар туғызту. 
Қазір республикада даму кемістігінің түрлеріне қарай әртүрлі типтегі 
арнайы (түзету) білім беру мекемелері, жалпы білім беретін мекемелер 
құрамында арнайы топтар мен сыныптар бар: 
35 арнайы балабақша мен жалпы түрдегі балабақшалардың 228 арнайы 
топтарында 10 мыңнан астам бала тәрбиеленеді; 101 түзету мектебі мен 
жалпы білім беретін мектептердің 820 арнайы сыныптарында 24 мыңнан 
астам бала білім алады. 
МШ балаларға арнайы білім беру мақсатында балалардың дене бітімдік 
және психикалық ерекшеліктеріне сәйкес білім алуға қажетті жағдайларды 
ескеретін Типтік арнайы оқыту бағдарламалары жасалған (ҚР Білім және 
ғылым министрлігінің 8.07.2009ж.№333 бұйрығы): 
1) 
сенсорлық, 
тілдік, 
қимыл-қозғалыстық 
және 
зияткерлік 
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандартына және балалардың жастарына сәйкес білім беру; 
2) 
сенсорлық, 
тілдік, 
қимыл-қозғалыстық 
және 
зияткерлік 
мүмкіндіктері шектеулі балаларға жеке оқу жоспарына, қысқартылған оқу 
бағдарламасына және балалардың жастарына сәйкес білім беру; 
3) 
зияткерлік кемістіктері бар балаларға (ауыр ақыл-ой кемістігі мен 
күрделі кемістіктер) және жеке оқыту бағдарламасы бойынша білім беру. 
Білім берудің сапасы мектептердің материалдық-техникалық және оқу-
әдістемелік базаларына байланысты. Қазіргі кезде кӛру қабілеті бұзылған 
балаларды оқытатын мекемелерінің 60%; естуі бұзылған балаларға 


арналған оқыту мекемелерінің - 56%; кӛмекші мектептердің – 30 % 
заманауи арнайы техникалық құралдармен толық жабдықталған. 
Үшінші бағыт - интеграцияланған инклюзивті білім беру. 
«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім 
беру үдерісі арнайы білім берудің перспективалық дамуы болып 
табылады. Бұл термин «Сапалы білім 
-барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін 
мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын 
топтарға жататын оқушыларға ӛзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай 
жасау. 
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар кӛбіне арнайы 
мектеп- интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, 
қоғамдық ӛмірге бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі 
қоғамның да кінәсі бар. Ӛйткені мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей 
қараудан арыла алмай келеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде 
олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді қолға алына бастады. 
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың 
ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. 
Реабилитациялық орталықтарда, түзету мектептері мен балабақшаларда 
эмоция-ерік саласында айқын бұзылыстары бар балаларды, күрделі 
кемістіктері бар балаларды бірге оқытып-тәрбиелейтін экспериментальдық 
сыныптар мен топтар ашылды. 
Инклюзивті білім беру үдерісін енгізу ісі кешенді сипатқа ие, ол 
мемлекеттік құрылымдардың, ата-аналардың, отбасының, білім беру 
жүйесі мен мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуын, тікелей араласуын 
және белсенділігін қажет етеді. 
Инклюзивті білім беру үдерісін енгізудің алғашқы сатысында ең 
алдымен жалпы білім беретін және арнайы білім беретін салалардағы 
нормативтік-құқықтық актілердің үйлесімі болуы шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет