8 тақырып: Инклюзивті білім беру Cұрақтар: «Инклюзия»



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата03.05.2023
өлшемі454,75 Kb.
#89292
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тк 3 8,9,10 тақырып

Интеграция үдерісі (лат. integratio – біріктіру, қайта қалпына келтіру) 
қандай да бір жүйенің жеке элементтері мен бӛліктерінің ӛзара тәуелділігі 
мен ӛзара бір-бірін толықтыратын қасиеттері негізінде қосылып біртұтас 
жүйеге айналуы. 
Интеграция гуманитарлық салада қолданылатын күрделі пәнаралық 
ғылыми ұғым болып табылады: философия, әлеуметтану, психология
педагогика және т.б. Педагогикада интеграция мәселесі кӛптеген 
ғалымдардың еңбектерінде әр түрлі аспектілерден қарастырылады. Бұл 
ретте ғалымдар әртүрлі ұғымдар ұсынады: интеграция үдерісі, интеграция 
қағидасы, интегративтік үдерістер, интегративтік жолдар (тәсілдер). 
Педагогикалық үдерісте интеграция ұғымы даму үдерісінің бір жағының 
бұрын жеке-жеке болып келген элементтерінің ӛзара бірігіп тұтасуы деп 
түсіндіріледі. Бұл үдеріс қалыптасқан жүйе шеңберінде немесе қандай да 
бір жаңа жүйе шеңберінде жүзеге асуы мүмкін. Интеграция үдерісінің мәні 
– жүйеге енетін элементтердің іштей сапалық ӛзгеруі. Интеграция 
қағидасы оқыту үдерісінің барлық компонеттерінің ӛзара байланысын
жүйенің барлық элементтерінің байланысын, жүйелер арасындағы 
байланыстарды түсіндіреді. Демек, оқыту түрлері мен әдістерін, мазмұнын 
анықтауда жетекші рольге ие болды. Интегративтік жолдар немесе 
тәсілдер педагогикалық үдеріс компоненттерінде интеграция қағидасының 
жүзеге асуын білдіреді, сӛйтіп, педагогикалық үдерістің біртұтастығын 
қамтамасыз етеді. Интегративтік үдерістер тұтас жүйенің немесе 
жүйедегі жеке элементтердің сапалық ӛзгерісі болып табылады. 
Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан ӛткеруге мәжбүр 
қиындықтар туралы пікірталастар қоғамда жиі орын алып жатады. Алайда 
ересек мүгедектердің ӛз құқықтарын іске асыруына байланысты 
мүгедектік проблемалары жиі еске алынып жатады, ал кемтар балалардың 
жағдайына тиісті кӛңіл бӛлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық 
бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап олардың тұлға 
ретінде қажетсіздігіне дейінгі осы саладағы проблемалар санының 
кӛптігіне қарамастан, орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар-ожданын 
кемсітетін, оның дамуға және тіпті ӛмір сүруге құқығын іске асыруына 


кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші кӛріністер болып табылады. 
Мүгедек балалардың құқықтарын жүйелі түрде бұзу мысалдарының 
бірі білім беру саласында қалыптасқан жағдай болып табылады. Жалпыға 
бірдей Адам құқықтары декларациясы дене немесе психикалық 
ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның білім алуға құқығын жариялады. 
Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы 
пакт білімнің тұлғаның толық дамуына, оның артықшылығын сезінуге 
және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына құрметпен қарауға 
шешуші әсері туралы баяндады. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар 
балалар үшін кіріктірілген білім беру институтын енгізу қажеттігі туралы 
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру жӛніндегі Саламанк 
декларациясы (Саламанка, Испания, 7—10 шілде 1994 ж.), Мүгедектер 
үшін тең құқықтарды қамтамасыз етудің стандартты ережелері туралы 
пікірлерін айтты. 
Алайда, мүгедектіктің әр түрлі аспектілері жӛнінде, оның ішінде 
арнайы білім беру мәселелері жӛнінде халықаралық стандарттардың 
әзірленгеніне қарамастан, қазақстандық заңнама мен қолданыстағы 
практика кемтар адамдардың білім беру жүйесіндегі құқықтарын 
қамтамасыз ету жӛнінідегі халықаралық ұсынымдарға толық кӛлемде 
сәйкес келмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет