№80 (8488) 15 қазан, сенбі, 2016 жыл Мерекелік салтанат Өңіраралық байланыс



жүктеу 279.76 Kb.

бет1/3
Дата27.01.2017
өлшемі279.76 Kb.
  1   2   3

№80 (8488) 

15 қазан, сенбі, 2016 жыл

Мерекелік салтанат

Өңіраралық байланыс

Австрия ЭКСПО-

2017-ге үлкен 

бағдарлама 

дайындауда

Көрме  Ұйымдастырушысының  Кеңсесінде  «Астана-

ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен 

Австрия  Ұлттық  павильонының  комиссары  Рихард  Шенцтің 

кездесуі өтті. 

Ахметжан Есімов осы айда павильондарды қатысушыларға 

тарату басталатындығын, сондай-ақ делегация мүшелері үшін 

апартаменттер  қазан  айының  соңында  дайын  болатындығын 

хабарлады. 

«Австрия осы Көрмеде өзін ұсыну мүмкіндігіне қуанышты. 

Біздің  еліміз  «Болашақ  энергиясы»  тақырыбында  әлемдік 

лидерлердің  бірі  болып  табылады  деп  санаймын.  Бүгінгі  күні 

баламалы көздерден біз энергияның 25 % тұтынамыз», - деп 

атап өтті Рихард Шенц.  

Ұлттық 

павильон 



жұмысы 

шеңберінде 

Австрия 

экономикалық және туристік байланыстарды дамыту үшін В2В 

форматында кездесу өткізуді жоспарлауда. Соның ішінде олар 

екі жақты экономикалық форум ұйымдастыруға ниет білдіріп, 

үлкен мәдени бағдарлама дайындауда. 

Сондай-ақ кездесу барысында австриялық тарап өте қызықты 

деп мойындалған, өз павильонының тұжырымдамасын ұсынды. 

Бұдан басқа, Комиссар «Үздік тәжірибелер аймағы» контентіне 

үш австриялық компаниялардың әзірлемелері кіргендігін, бұл 

ел үшін үлкен мақтаныш болып табылатындығын атап өтті.

 Қыркүйектің ортасында басты тақырыптық павильондардың 

бірінде  ұсынылатын  энергия  саласындағы  үздік  әлемдік 

тәжірибелер  ішінде  байқау  аяқталды.  Нобель  сыйлығының 

лауреаттарынан  тұратын  халықаралық  комиссия  «Үздік 

тәжірибелер аймағы» үшін 20-дан  астам жоба  іріктеді.  

Құрметті 

меймандарды 

аудан 


әкімі 

Ғ.Қазантаев  күтіп  алып,  алдымен  тіректі  елді 

мекен Ақжарма ауылы тұсындағы «Нұрлы жол» 

сервистік кешені жұмысымен таныстырды. «Ба-

тыс  Еуропа-Батыс  Қытай»  автомагистралінің 

бойында  салынған  кешенде  қонақ  үй,  асхана, 

автотұрақ, дәріхана, шаштараз және техникалық 

орталық  бар.  «Ақжарма-2»  шаруа  қожалығы 

салған  кешен  3  мың  адамға  дейін  қызмет 

көрсете  алады.  Мұнда  жолаушыларға  сапалы 

қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. 

Делегация құрамындағы Ақтөбе облысының ау-

дан  әкімдеріне  аудандық  мәслихат  депутаты, 

«Ақжарма-2» ШҚ төрағасы М.Бисенов сервистік 

кешен өткен жылы іске қосылғандығын айтты. 

Шаруашылық  егін,  мал  шаруашылығымен  ай-

налысып, аудан экономикасын әртараптандыру 

бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатқандығын 

жеткізді.  300  адамды  жұмыспен  қамтып 

отырған шаруашылық жұмыстарымен танысқан 

ақтөбеліктер халықаралық автодәліз бойындағы 

сервистік кешенді аралап көрді.

Ақтөбе  облысының  өнерін  танытып,  ауыл 

шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге келген де-

легация  құрамы  үлгілі  ауыл  Н.Ілиясовқа  да 

ат  басын  бұрды.  Келбеті  көрікті  елді-мекенде 

мәртебелі меймандар мемлекеттік-жеке меншік 

әріптестік  аясында  салынған  спорт  кешенінде 

болды.  Бұл  жерде  аудан  әкімі  Ғанибек 

Қонысбекұлы  ауданда  атқарылып  жатқан 

жүйелі жұмыстарды атап өтті.

-Сырдария ауданында 13 ауылдық округ бар. 

Қазіргі  таңда  барлық  елді-мекендерде  жүйелі 

жұмыстар  жүргізілуде.  Ауылдардың  орталық 

алаңдары 

абаттандырылуда. 

«Ақбұлақ» 

бағдарламасы  ауданда  толық  іске  асырылып, 

тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі 

шешілді.  Ақжарма  мен  Шаған  ауылдарының 

тұсында  сервистік  кешендер  жұмыс  жасап 

тұр.  Сонымен  қатар,  Шағанда  3000  бас  мал-

ды бордақылау алаңы салынды. Осындай іргелі 

істердің  нәтижесінде  ауданның  өз  кірістері  5 

миллиардтан  асты,  -  деген  аудан  басшысы 

Қоғамдық кеңестер жұмысына да тоқталды.

-Қоғамдық кеңестер туралы қабылданған Заң 

ауданнан бастау алды. 2013 жылы барлық елді-

мекендерде Қоғамдық кеңестерді құрдық. Оның 

ережесін жасап, жұмысын қалыптастырдық. Со-

дан бері Қоғамдық кеңес билік пен халық арасын 

жалғайтын  алтын  көпір  болды.  Аталған  кеңес 

мүшелері елді-мекендердегі барлық жұмыстарға 

атсалысып,  қоғамдық  жұмыстарды,  әлеуметтік 

мәселелерді  үйлестіріп  отырады.  Қазіргі  таңда 

Қоғамдық  кеңессіз  бірде-бір  адам  жұмысқа 

қабылданбайды. Одан бөлек, қоғамдық тәртіпке, 

тұрғындардың  әлеуетіне,  салалар  жұмысына 

кеңес мүшелері жауаптылық танытуда. Осының 

нәтижесінде,  сырдариялықтардың  ауызбірлігі 

артып, ынтымағымыз жарасып келеді, - деді ау-

дан әкімі Ғ.Қазантаев.

Спорт  кешенінен  кейін  делегация  құрамы 

абаттандырылған  орталық  алаң  арқылы 

«Тағзым» алаңына барып, Ұлы Отан соғысында 

ерлік  көрсеткен  қаһармандарға  тағзым  етті. 

Мұнан  соң  ауылдық  мәдениет  үйін  арала-

ды.  Мәдени  ошақтың  фоесінде  ауыл  әкімі 

Қ.Қуандықов  ауылда  атқарылып  жатқан 

жұмыстарды атап көрсетті. 

Тіректі  елді-мекен  мен  Еңбек  Ерлері  ау-

ылында  болған  ақтөбелік  делегат  ауқымды 

жұмыстарға  қанық  болып,  өздерінің  ізгі 

лебіздерін білдірді.



Е.БЕРКІНБАЕВ 

АҚТӨБЕЛІКТЕР АЖАРЛЫ 

АУЫЛДАРДА 

БүгІНдЕ АймАқтАР 

АРАсыНдАғы БАйлАНыс 

БЕКи түсудЕ. ЭКоНоми-

КАНы АРттыРып, озық 

ЕлдЕРдІң қАтАРыНА қосылу 

үшІН мұНдАй өңІРАРАлық 

тығыз қАРым-қАтыНАс 

қАзАқстАНдықтАРғА 

КЕРЕК-Ақ. сЕБЕБІ, әР 

АймАқтың БІР-БІРІНЕ үлгІ 

ЕтЕРлІК ІлКІмдІ ІстЕРІ 

Көп. соНдықтАН Алыс-

жАқыН оБлыстАР ЭКоНо-

миКАНы әРтАРАптАНдыРу, 

КәсІпКЕРлІК өРІсІН 

КЕңЕйту, мәдЕНи 

құНдылықтАРды тАНы-

ту жәНЕ тАғы дА БАсқА сА-

лАлАР БойыНшА тәжІРиБЕ 

АлмАссА, мұНың Ел үшІН 

пАйдАлы ЕКЕНІ сөзсІз. 

осы мАқсАттА, 14-15 қАзАН 

АРАлығыНдА қызылоРдА 

қАлАсыНдА АқтөБЕ 

оБлысыНың КүНдЕРІ өтудЕ. 

оғАН АРНАйы КЕлгЕН дЕлЕ-

гАция мүшЕлЕРІ КЕшЕ Ау-

дАНдА қоНАқтА Болып, 

ЕңсЕлІ ЕлдІ-мЕКЕНдЕРдІң 

тыНыс-тІРшІлІгІмЕН 

тАНысты.

маңызды мәселелер 

талқыланды

Жиынды  аудандық  қоғамдық  кеңес 

төрағасы  М.Омаров  ашып,  жүргізіп  от-

ырды.  Ол  Ұлт  Жоспары  «100  нақты 

қадамда»  айқындалған  Қоғамдық  кеңес 

жұмысының  жандануы  және  атқарылған 

жұмыстардың  барлығының  ашықтыққа 

негізделу  барысы  туралы  кеңінен  ай-

тып  өтті.  Мұнан  кейін  күт  тәртібіндегі 

бірінші  мәселе  бойынша  «Азаматтарға 

арналған  үкімет»  мемлекеттік  корпора-

циясы»  коммерциялық  емес  акционерлік 

қоғамының  Қызылорда  облысы  бойын-

ша  филиалы    «Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы»  департаментінің  Сырдария 

аудандық бөлімінің басшысы Ж.Жұмабаев 

баяндама  жасады.  Есепті  мерзімде 

атқарылған 

жұмыстарды 

тізбектеген 

бөлім  басшысы  үстіміздегі  жылдың  9  ай-

ында  «Connection  Point»  бағдарламасы 

аясында  27  149  мемлекеттік  қызмет 

көрсетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, соңғы 

жылдары сала жұмысының жаңа бағытқа 

бет  алғанын,  заманауи  техникалық 

құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етіліп 

жатқанын да айтты. Ал екінші мәселе бой-

ынша  аудандық  тұрғын-үй  коммуналдық 

шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және 

автомобиль  жолдары  бөлімінің  басшы-

сы Е.Бахтияров хабарлама жасады. Бөлім 

басшысы  Қоғамдық  кеңес  мүшелеріне 

аудан  көлемінде  жүргізіліп  жатқан  жол 

жөндеу  жұмыстары  туралы  кеңінен  ай-

тып өтті. Өз кезегінде аудандық мәслихат 

хатшысы Е.Әжікенов аудандағы жүргізіліп 

жатқан  құрылыс  жұмыстарының  сапа-

сын  бақылау  мақсатында  партиялық 

бақылау  шараларын  ұйымдастыру  мен 

ауылдық  қоғамдық  кеңестердің  атқарған 

жұмыстарын  саралауды  ұсынды.  Бұл 

мәселелер  Қоғамдық  кеңес  мүшелерінен 

қолдау  тауып,  жетекші  партияның 

аудандық  филиал  төрағасының  бірінші 

орынбасары  жақында  арнайы  кесте 

бекітіліп,  халық  қалаулыларына  тараты-

латынын,  соған  сәйкес,  барлық  маңызды 

құрылыс  нысандарына  рейдтік  шаралар 

жүргізілетінін атап өтті. Бұл күні аудандық 

қоғамдық  кеңес  мүшелері  Х.Әбенұлы, 

А.Бақтиярова,  Б.Сауытбаевтар  бірқатар 

мәселелер  бойынша  өз  ойларын  ортаға 

салып, қоғамдық кеңес жұмысының жан-

данып келе жатқанын тілге тиек етті. 

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

жАқыНдА 

АудАНдық ІшКІ 

сАясАт БөлІмІНІң 

мәжІлІс зАлыН-

дА АудАНдық қоғАмдық 

КЕңЕстІң КЕзЕКтІ от-

ыРысы өттІ. жиыНғА 

КЕңЕс төРАғАсы м.омАРоВ 

жЕтЕКшІлІК ЕтІп, қоғАмдық 

КЕңЕс мүшЕлЕРІНІң НАзА-

РыНА БІРқАтАР мәсЕлЕлЕР 

ұсыНылды. Ал КүН 

тәРтІБІНдЕ НЕгІзгІ ЕКІ 

мәсЕлЕ қАРАлды.

«ТІРшІЛІК ТЫнЫсЫ» 

сЫРДАРиянЫң 

негізгі жаңалықтары

газетінде

Баспасөз-2017

Жекелерге

2000 


теңге

Мекемелерге

3000 

теңге


оқыРмАННың Ашып ойлы сАРАйыН,

БЕлЕстЕРдІ БАғыНдыРғАН толАйым.

БІР АудАННың АйНАсыНА АйНАлғАН,

төл гАзЕтКЕ жАзылыңыз, АғАйыН!

Семинар

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған  2014 

жылғы  17  қаңтардағы  «Қазақстан  жолы-2050:  Бір  мақсат.  Бір 

мүдде. Бір болашақ» атты Жолдауында: «Таяудағы екі-үш жыл-

да  дуалдық,  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  ұлттық 

жүйесінің  негізін  қалыптастыру  керек.  Келешекте  жастардың 

техникалық  білім  алуын  мемлекеттік  кепілдендіруге  көшіруді 

қарастыру қажет» деп атап өткен болатын. Осыған орай өткен 

жылдан  бері  Сырдария  агротехникалық  колледжі  аудандағы 

іргелі  шаруашылықтардың  бірі,  әрі  аудан  орталығына  жақын 

орналасқан  «Шаған  Жер»  ЖШС  базасында  дуалды  оқытуды 

эсперименталды  түрде  бастады.  Елбасы  «100  нақты  қадам» 

Ұлт  жоспарында  атап  өткеніндей  дуалды  оқыту  даярлана-

тын  кадрлардың  бәсекелестік  қабілетін  арттырады.  Бұл  орай-

да  дуалды  оқыту  дегеніміз  –теорияны  өндіріспен  ұштастыра 

оқыту  технологиясы  болып  табылады.  Ол  алғаш  Германия 

елінде  пайда  болған.  Дуалды  оқыту  жүйесінің  кәсіби  маман-

дар  даярлауда  тиімділігі  мен  нәтижесі  зор  екендігі  тәжірибеде 

дәлелденген.  Мұнда  оқушылар  уақытының  үштен  екі  бөлігінде 

еңбек  ете  жүріп,  өндірістен  қол  үзбей  оқиды.  Тек  уақытының 

үшінші  бөлігін  теориялық  оқуға,  білімді  ұйымдастыруға  арнай-

ды. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық кәсіптік 

оқу  орындарының  жұмыс  беруші  жеке  сектордағы  өндіріс, 

шаруашылық  мекемелерімен  серіктес  ретінде  бірлесе  оты-

рып нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын жаңа 

инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дай-

ын жұмысшы мамандар даярлау. 

Сырдария 



агротехникалық 

колледжінде 

ауыл 

шаруашылығының  тракторшы-машинисі,  фермер  мамандығы 



бойынша білім алып жатқан 25 бірінші курс студенттері биылғы 

1  қыркүйектен  бастап  «Шаған  Жер»  ЖШС  базасында  дуал-

ды оқытудың практикалық тағылымдамасынан өтуде. Олардың 

көпшілігі Шаған ауылының балалары. Қазір қай ауылға болмасын 

механизатор, фермер қажет. Дуалды оқытудан өткен студенттің 

кәсіби  біліктілігі  зор  болады.  Өткен  жылы  шаруашылықпен 

жасасқан  меморандумға  сәйкес  осында  дуалды  оқытудың 

алғашқы  әліппесімен  танысқан  15  түлек  «Шаған  Жер»  ЖШС-

на жұмысқа алынды,-дейді колледж директорының оқу-өндірісі 

жөніндегі орынбасары Б.Әмірбеков. 

 

Біз  «Шаған  Жер»  ЖШС-нің  машина-трактор  жөндеу  



шеберханасында  болғанымызда  колледждің  өндірістік  оқыту 

шеберлері  Жаппарбек  Асқаров  пен  Ералхан  Сматовтың 

басшылығымен  25  студент  қуатты  К-700  тракторының, 

Италияындық  шөп  тайлағыштың,  шетелдік  Палесса-1218 

комбайнының ішкі құрылысымен, жұмыс жасау процессімен та-

нысып  жатты.  Шеберханада  практикалық  дәрісті  серіктестіктің 

бас  инженері  Жұман  Омаров  пен  бас  механик  Ермаш  Пралиев 

жүргізді.

Студенттердің  үйренуге  ықыласы  зор.  Біздің  болашақ 



кадрларымыз  ғой  бұлар.  Біз  де  білгенімізді  үйретуден 

жалықпаймыз,-дейді 30 жылдан астам еңбек өтілі бар бас меха-

ник. Студенттерді нақты өндіріс жағдайларына бейімдеп, жұмыс 

орнында дағды мен білімді тікелей игеруге ықпал ететін маман-

дар  теория  пен  практиканы  ұштастырып  жатқан  жастардың 

болашақта білімді, білікті маман болып шығатынына сенімді. Шы-

нында да теория жүзінде оқығанды көзбен көріп, қолмен ұстап, 

еңбек  тәжірибесінің  дағдысын  қалыптастыру  бұл  шеберлікке 

жасалған баспалдақ екені анық.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ

Аптаның  сәрсенбісінде  №36  Ә.Тәжібаев  атындағы 

мектеп-лицейінде 

аудандық 

мемлекеттік 

кірістер 

басқармасының  ұйымдастыруымен  «Чек  талап  етіп, 

жүлде  ұтып  ал!»  науқанына  орай  кездесу  өтті.  Шараға 

сала мамандары, білім ордасының ұстаздары мен жоғары 

сынып  оқушылары  және  жергілікті  баспасөз  ақпарат 

құралдарының өкілдері қатысты.

Науқан

ЧЕК ТАЛАП ЕТІП, ЖҮЛДЕ 

ҰТЫП АЛ

Дөңгелек үстел

ЖАСТАР ТАҢДАУЫ – 

КӘСІПКЕРЛІК 

Аудан жастары арасында кәсіпкерлікті 

кеңінен түсіндіру мақсатындағы кездесуді 

аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен 

«Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі 

ұйымдастырды. 

Дөңгелек 

үстелге 


қатысқан  жас  кәсіпкерлер  мен  белсенді 

жастарға  «Даму»  кәсіпкерлікті  дамы-

ту  қорының  консультанты  Қ.Матназаров, 

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы 

А.Сәдуақасовтар бағыт-бағдар беріп, сала 

бойынша  көрсетіліп  жатқан  қолдауларды 

атап көрсетті. 

Негізінде,  кәсіпкерлік  –  экономика-

ны  қарқындатудың  басты  көзі.  Ол  бар 

жерде  жаңа  жұмыс  орындары  ашылып, 

елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы 

түзеледі. Оның ішінде жастар кәсіпкерлікке 

бет бұрса, мемлекеттің дамыған 30 елдің 

қатарына  енуі  жеделдей  түсетіні  анық. 

Сондықтан  қазіргі  таңда  өз  ісін  қолға 

аламын  деген  жастарға  мол  мүмкіндік 

қарастырылған. Соның нәтижесінде, жас-

тар кәсіпкерлігін дамытуға жаңа бетбұрыс 

жасалды.

Дөңгелек  үстелді  «Мирас»  жастар 

ұйымы  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Б.Қарамырзаев  ашып,  жүргізіп  отыр-

ды.  Соңғы  жылдары  кәсіпкерлікпен  ай-

налысамын  деген  жастарға  мемлекет  та-

рапынан  барлық  жағдайдың  жасалып 

жатқанын атап өткен үкіметтік емес ұйым 

төрағасы  шағын  және  орта  бизнес  ел 

экономикасының негізі екенін айтты.

Елбасы  өзінің  жыл  сайынғы  Жолда-

уларында  бизнеске  ерекше  назар  ау-

дарып  келеді.  Бұл  шағын  және  орта 

бизнестің дамуына барынша қолдау жасау 

керектігін және осы бағытта атқарылатын 

жұмыстардың  өзектілігін  көрсетеді.  Де-

мек,  жалпы  кәсіпкерлік  саласын  дамыту 

бойынша  тиісті  шаралар  қабылданатыны 

және тың бастамаларды ынталандырудың 

жаңа 


жүйесі 

жасалып, 

отандық 

кәсіпкерлерді 

қолдаудың 

тетіктері 

жетілдірілетіні  анық.  Нәтижесінде,  шағын 

және орта бизнесті дамыту  ХХІ ғасырдағы 

Қазақстанды 

индустриялық 

және 

әлеуметтік  жаңғыртудың  басты  құралы 



болып  қалады.  Осы  орайда,  айта  кететін 

жайт,  шағын  және  орта  бизнесті  дамы-

туда  жас  кәсіпкерлердің  әлеуетіне  сенім 

арту керек және осы бағытта жұмыстарды 

жандандыру  арқылы  жастарға  мол 

мүмкіндіктердің  болатынына  сеніміміз 

мол,-деген  Б.Қарамырзаев  ауыл  жаста-

рына мемлекеттік «Құлан», «Алтын асық» 

секілді  тиімділігі  мол  бағдарламаларды 

түсіндірді. 

Өз  кезегінде  «Даму»  кәсіпкерлікті  да-

мыту  қорының  кеңесшісі  Қ.Матназаров 

бизнес жоспар құру жөнінде бағыт-бағдар 

берсе,  аудандық  кәсіпкерлік  бөлімінің 

бас  маманы  А.Сәдуақасов  сала  бойынша 

атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. 

Дөңгелек  үстел  соңында  ауыл  жастары 

сала  мамандарына  бірқатар  сұрақтарын 

жолдап, тұщымды жауаптар алды. 

«ТТ»-ақпарат

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ 

ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ

Азаматтардың  тауар,  жұмыс  және  қызмет  тұтынушысы  ретінде  өз 

мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыруды басты 

мақсат  еткен  кездесуде  аудандық  мемлекеттік  кірістер  басқармасының 

бас  маманы  Жанар  Қошқарбаева  салық  ұғымының  шығу  тарихы,  оның 

мемлекетке тигізер пайдасы және салада атқарылып жатқан жұмыстар 

туралы  кеңінен  айтып  өтті.  Арнайы  слайд  арқылы  оқушыларға  салаға 

қатысты жаңалықтарды көрсетіп, салық төлеу  әрбір кәсіп иесінің мем-

лекет  алдындағы  парызы  екенін  атап  өтті.  Өз  кезегінде  аудандық 

мемлекеттік  кірістер  басқармасының  бас  маманы  Әйгерім  Раманқұлова 

оқушыларды «Чек талап етіп, жүлде ұтып ал!» науқанына белсінді түрде 

қатысуға шақырып, ұтысқа жүлделі техникалар тігілгенін жеткізді.

  Аталмыш  акцияға  «Wipon»  мобильді  қосымшасы  арқылы  өздері 

тұтынған  тауарға  берілген  фискалды  чектің  суретін  жіберген  барлық 

қазақстандық  азамат  қатыса  алады.  Барлық  облыстарда  ай  сайын 

жүлдегерлер  анықталып,  оларға  сыйлықтар  табыстау  шарасы  өтеді. 

Биылғы негізгі сыйлық  автокөлік. Ол үшін дүкеннен кез келген зат са-

тып  алғанда  чек  талап  етуіңіз  және  оны  арнайы  бағдарлама  арқылы 

комиссияға  жіберуіңіз  керек.  Жеңімпаздарды  анықтау  ашықтыққа 

негізделген,- деген сала маманы былтырғы жылғы шіркейлілік тұрғынның 

теледидар ұтып алғанын айтты.

Кездесу  барысында  оқушылар  науқанға  байланысты  бірқатар 

сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тұщымды жауаптар алды. Шара-

дан кейін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 

БАҚ өкілдерімен бірлесіп кент орталығындағы сауда нысандарын аралап, 

халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Зат сатып алған тұтынушыларға 

науқанның мақсаты мен тиімділігі жөнінде түсініктемелер берілді.

А.СЕЙІЛОВ

Гендер  дегеніміз  –  ерлер  мен  әйелдердің 

мінез-құлқын,  сондай-ақ  олардың  арасындағы 

әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, 

олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен 

рөлдерінің жиынтығы. 

Ал,  гендерлік  саясат  –  қоғамдық  өмірдің 

барлық салаларында ерлер мен әйелдің  теңдігіне 

қол  жеткізуге  бағытталған  мемлекеттік  және 

қоғамдық қызмет.

Сырдария аудандық сот ғимаратының мәжіліс 

залында  «Гендірлік  саясат,  тұрмыстық  зорлық-

зомбылық» атты тақырыпты насихаттау негізінде 

сот  жүйесі  мамандарымен  семинар  сабағы 

өткізілді. Бұл семинарға  сот төрағасы А.Абдулла 

төрағалық  етіп,  бүгінгі  күні  еліміздегі  гендерлік 

саясаттың  қағидаттары  жайында  тереңнен  сөз 

қозғады.


Гендерлік    саясаттың  негізгі  қағидаттары 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы-

мен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең 

құқығы мен еркіндігін белгілейді. Қазақстандағы 

гендерлік  саясаттың  міндеттеріне  әйелдер  мен 

ерлердің  билік  құрылымдарында  теңдестірілуіне 

қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің  барлық 

тең  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ету,  өз  бизнесін 

дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасын-

да  құқықтар  мен  міндеттерді  тең  жүзеге  асыру 

үшін жағдайлар жасау.

Қазақстан 

Республикасының 

2006-2016 

жылдарға  арналған  гендерлік  теңдік  стратегия-

сында мемлекеттік басқару органдар арасындағы 

әйелдер  өкілеттілігін  30  пайызға  дейін  көтеру  

міндеті қойылған. 2010 жылға дейін ол көрсеткіш 

10 пайыз көрсеткішке ие болған. Гендерлік теңдік 

стратегиясы  2006-2016  жылдар  аралығындағы 

кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен 

мүмкіндіктерінің  теңдігіне  қол  жеткізу  жөніндегі 

міндеттердің шешілуін көздейді.

Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  ны-

саны  ретіндегі  зорлық-зомбылыққа  жол  бер-

меу.  Зорлық-зомбылықтың  барлық  көріністерін 

барлық  әлеуметтік  салаларда,  соның  ішінде  от-

басында түбірінен жою.

Жалпы  әйелдер  істері  жөніндегі  ұйымдар 

қағаз жүзінде  емес, іс жүзінде жұмыс істеуі ке-

рек.    Олар,  әсіресе  біздің  аудандағы  ауылдық 

округтер жанындағы әйелдер кеңестеріне тікелей 

қатысты. Гендерлік  саясат ашық түрде насихат-

талып, тұрмыстық зорлық – зомбылық орын алған 

отбасы  мүшелерімен  әңгімелесіп,  сотқа  дейін 

жеткізбей шешу, гендерлік саясаттың жүзеге асу-

ына баршамыздың ықпал етуіміз қажет.

Ж.Б СЫРғАБАЕВА

Сырдария аудандық сотының 

бас маман – аға сот жасауылы

ГЕнДЕРЛІК САяСАТ: өзЕКТІ мӘСЕЛЕСІ

-Ұлмекен  Шанайқызы  әлеуметтік  дүкен  қашан 

құрылды,  оның  жұмысында  нендей  принципті 

басшылыққа аласыздар?

-Әлеуметтік  дүкен  2015  жылдың  12  желтоқсанында 

ашылды.  Дүкеннің  ережелері  мен  нормативтері 

бекітілген.  Аудан  әкімі  Ғ.Қазантаевтың  тапсырмасы 

және біздің қоғамдық жұмысымыздың талабы бойынша 

әлеуметтік  көмектің  нақты  қажет  адамға  жетуін 

қадағалаймыз. Кенттің тұрғындары әлеуметтік жағынан 

аз  қорғалған  әлжуаз  топтардың  өкілдері  қоғамдық 

ұйымның  жетекшісі  ретінде  маған  жиі  келіп:-Бұл 

бастамаларыңыз жақсы болды. Дүкен жабылып қалмаса,-

деген  өтініш-тілектерін  білдіріп  кетеді.  Бүгінгідей 

дағдарыс  кезеңінде  дүкенді  ұстап  тұру  оңай  емес.  Бұл 

маңызды іске аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлы тікелей 

басшылық  жасап,  тұрақты  назарында  ұстап  отыр. 

Жақында  осы  әлеуметтік  дүкенге  байланысты  өткен 

басқосуда  әлеуметтік  көмек  орнының  жабылмайтынын 

2017 жылы жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Және 

де  аудан басшысы да әлеуметтік көмек орнының жұмысы 

ашық, мөлдір, қолжетімді болғанын қалайтынын айтты. 

Біздің  бақылау,  қадағалау  жұмысымыздың  да  негізі 

осыған  сүйенеді.  Дүкенге  тіркелген  әрбір  отбасының 

жағдайы  зерттеледі.  Олардың  әрбір  мүшесінің  табысы 

7000  теңгеден  аспаса  тізімге  алынады.  Кент  әкімінің 

ұсынысы бойынша дүкенге тіркеуге ұсыныс беріледі, біз 

оны қарап, бекітеміз. Әлеуметтік дүкеннің әлжуаз топтар 

үшін  жеңілдігі  ерекше.  Мысалы  әлеуметтік  дүкенде 

азықтың 5 түрін яғни 105 кг азық-түлікті 2 отбасыға 50 

пайыз жеңілдікпен нормаға сәйкес толық заттарды 10435 

теңгеге  сатып  алуда,  ал  базар  бағасымен  алатын  болса 

26545 теңгеге алар еді. 

Қалған отбасылардың барлығы 30 пайыз нормаға сәйкес 

толық  заттарды  14609  теңгеге  алса,  бұл  отбасыларда 

базар бағасымен алатын 26545 теңгеге алар еді.  



  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал