№80 (8488) 15 қазан, сенбі, 2016 жыл Мерекелік салтанат Өңіраралық байланыс



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата27.01.2017
өлшемі23,75 Mb.
#2815
1   2   3

ҮЙ 

САТЫЛАДЫ 

 

Алшынбаев көшесі 31 үй саты-



лады. Үй 7 бөлмелі, бір жерден жы-

лытады.  Времянка,  гараж,  сарай, 

баня,  бау-бақшасы,  мал  қорасы 

бар. №35 мектеп-лицейдің жанын-

да. Байланыс телефондары : 21-1-

77 , 8777-610-91-78. 

***

№8  бекетіндегі  фазенда  үйі, 



мал,  жер  телімі,  глубиной  насо-

сы,    қора-жайымен  бірге  сатыла-

ды. Электр желісі жүргізілген. 

Тел: 8-705-787-25-26,    

8-702-884-78-06.

Тәуелсіздік-халқымыздың  арманы  еді. 

Ата-бабамыз  тәуелсіздік  үшін  ат  үстінен 

түспей күресті, барлық қиыншылықты ба-

сынан  өткерді.  Оларды  тәуелсіздіктің 

таңы ататынына жеткізген сенімдері  мен 

табандылығы, қайсарлығы болатын.

Тарихтың  парақтарына  көз  жібертсек 

халқымыздың  басына  төнген  жоңғар 

шапқыншылығы  «Ақтабан  шұбырынды, 

алқакөл  сұлама»  кең  байтақ  жерімізді 

ойрандап  кеткенде  ел-халық    босып 

кеткені  белгілі.  Мұнан  кейінгі  қиын  за-

ман  1925-1933  жылдары  Қазақ  жеріне 

келген  ашаршылық  пен  қуғын-сүргін 

2  миллионға  жуық  адамды  құрбан 

етті.  Сондай  солақай  саясаттың  кесірі 

қазақтың біртауар азаматтары Мағжан, 

Міржақып,  Жүсіпбек,  Бейімбет, 

Ілияс,  Сәкендердің  өзегін  өртеп, 

өмірін қиды. Олардың өздері өлсе 

де,  артында  мәңгі  өлмейтін  асыл 

қазнылары қалды. 

Ұла Отан соғысы жылдарындағы 

қазақ қаһармандарының ерлігі, даңқы 

ұрпақ  жадында  мәңгі  сақталады. 

Тәуелсіздік  жолындағы  күрес  май-

дан 


даласында 

қалған 


боздақтардың 

қанында 


қайнады. 

Еліміздің 

дүрбелеңге 

түскен 


1986 

жылғы  


Желтоқсан  желі  қазақтың 

көптеген  азаматта-

рын  темір  шылбыр 

болып  тұзаққа  түсірді.  Әділдік  үшін  шарқ 

ұрған боздақтар арасында Қайрат, Ләззат, 

Сәбира,  Ерболдың  есімдері  алтыннан 

қашалып жазылды. Желтоқсан жаңғырығы 

қаншама жылдар бойы жаңғырып тұрса да, 

мәңгі алау оты өшпек емес. Осынау қилы 

кезеңнен  есін  жия  алмай  қалған  халыққа 

жылдап  еңбекақының  берілмеуі,  сөрелері 

босаған  дүкендер  қатты  батты.  Десек  те 

қажыған ел-жұрт елінің келешегіне сенді. 

Алғашқы  онжылдықта  жекешелендіру, 

әлеуметтік  саланың  тізесінен  тұруы, 

халықтың  жағдайы  жақсаруы  басталды. 

Халық Тәуелсіздік атты ұғымның дәмін та-

тып,  бодандықтың  бұғауынан  босағанын 

сезініп, еркіндіктің ескен лебімен тыныста-

ды. 


Ұлы  Тәуелсіздік-қасиетті  де  қадірлі 

құндылық. 

Бостандыққа 

ұмтылған 

бабаларымыздың  қайсар  рухының  жемісі. 

Қазақстанды  Тәуелсіз  мемлекет  ретінде 

дүние  жүзі  тани  бастады.  Әлемнің  наза-

рына  болашағы  кемел,  елі  мен  жері  бай 

халық ретінде танылды. 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарын-

да  бүкілхалықтық  Президент  сайла-

уы  өтіп,  халқымыз  өз  тағдырын  Елбасы 

Н.Назарбаевқа  сеніп  тапсырды.  Мемле-

кет қайраткері, әлемдік деңгейдегі өзіндік 

орны  бар  тұлға,  саясаткер  Н.Назарбаев 

нағыз  патриот,  өз  елін  шын  сүйетін 

қаһарман.  Оның  тектілігі,  мейірімді 

жүрегі,  қайырымдылығы,  елінің  ертеңіне 

сенім  ұялатты.  Елбасының  асыл  мұраты-

халқының  жарқын  бүгіні  мен  ертеңі.  Өз 

тағдырын қазақтың келешегімен байланы-

стырып,  әлем  алдында  мемлекетімізді 

мойындатып,  қажыр-қайратын  сарқып 

келеді.  Қазіргі  таңда  Қазақстан  әлем 

таныған  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттер 

қатарында.  Дүниежүзіндегі  белді 

ұйымдарға  мүше  болып,  еліміздің 

атын  асырып,  іргесін  нығайту  үшін 

Елбасы  күндіз-түні  тынбай  еңбек 

етуде.


Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл 

толған  тұста  жеткен  жетістіктерді 

сараласақ,  еліміз  әлемде 

дамыған 


50 

елдің 


қатарына  еніп,  енді  30 

елдің  қатарына  ену  мақсатын 

қойды. 

Халқымыздың 



әлеуметтік 

сала 


еңбеккерлерінің 

еңбекақысы, 

жәрдемақылары 

мен 


шәкіртақылар 

бірнеше  есе  өсті.  Республи-

када  жаңа  мектептер  мен 

балабақшалар,  тұрғын  үй 

құрылысы қарқын алды. 

Мемлекеттік  бағдар-

ламалардың  іске  асуы 

мен  жұмыссыздық  деңгейі  төмендеді. 

«Бизнестің жол картасы-2020», «100 мек-

теп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» 

т.б.  бағдарламалардың  жемісі  ел  игілігіне 

жарады. Әрбір қазақстандық өз болашағын 

жоспарлап,  оның  кемелдігіне  сенеді. 

Қажетті  білімін  алған  жастар  мемлекеттің 

одан  әрі  өсіп-дамуына  атсалысары  сөзсіз. 

Олар қоғамның қозғаушы күші ретінде эко-

номиканы нығайтып, мемлекетіміздің берік 

іргесіне айналды. 

Көкте желбіреген Тәуелсіздік туы бар-

ша жастар үшін қымбат. Бастысы ел бірлігі-

табыстарымыздың  қайнар  көзі.  Еліміздегі 

татулық  пен  тыныштық,  тұтастық  пен 

тұрақтылық әлемге өз әлеуетін паш етеді. 

Осындай  бақытты  ұрпақтың  өкілі  ретінде 

Тәуелсіздігіміздің  баянды  болуына  атса-

лысып,  аянбай  еңбек  ету  басты  парызы-

мыз  деп  білемін.  Алдағы  25  жылдық    ме-

рейтой,  келер  жылы  өтетін  халықаралық 

ЕХРО  -2017  көрмесін  табысты  өткізу  Ұлы 

жолдағы  сәтті  сапарымыздың  бастамасы 

болғай.

Б.ЖАНӘЛІ

Тұғыры биік 

Тәуелсіздік

Тоқтыбаев көшесінде «Мер-

си» 

кондитерлік 



дүкенінің 

дәмханасы  ашылғанын  ха-

барлаймыз.  Және  де  тойға, 

құдалыққа,  құран  оқытуға 

бауырсақ, самса, құймақ, учпуч-

мак, бәліш, котлет, торт, бурек, 

пицца,  тамақтарға,  салаттарға 

тапсырыстар қабылдаймыз. Те-

лефондарымыз:  87773977136, 

87475408867



кЕНТ ТҰРғЫНДАРЫ 

МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫң 

НАзАРЫНА !

Бірлігі 


бекем 

елді 


мекендегі 

№137  орта  мектептің  тәлімгері  Ләйла 

Қалыбайдың 

бастамасымен 

өткен 

шара  «Үлкенге    құрмет,  кішіге    ізет» 



атты  халық  даналығы  аясында  өрбіді. 

Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейлі 

мерекесі  қарсаңында  ұйымдастырылған 

игі  іске  оқушылар  белсенді  түрде 

қатысты.  Оқуда  озат,  өмірде  тәртіпті 

жасұландықтар 

ауылдың 

ардақты 


ақсақалы  Орынбасар  Әдсадықовтың 

үйіне  барып,  қарияға  құрмет  көрсетті. 

Соңғы 

жылдары 


денсаулығы 

сыр 


беріп  жүрген  ардагердің  ауласын  рет-

ке  келтіріп,  қолғабыс  етті.  Өз  кезегінде 

ұзақ жылдар ауданның өсіп-өркендеуіне 

үлес  қосқан  жан  қызықты  естеліктер  айтып, 

оқушылардың  сұрақтарына  жауап  берді.  Соны-

мен  бірге,  ақсақал  шара  соңында  жастарға  ақ 

батасын берді.

Жалпы,  соңғы  уақыттары  №137  орта  мек-

теп  оқушылары  қоғамдық-мәдени  шараларға 

қатысу көрсеткіші бойынша өзге білім ұяларынан 

белсенді  екенін  танытып  келеді.  Жақында  ғана 

қарттар  мерекесінде  өз  өнерлерін  паш  еткен 

орта мектептің өнерлі өрендері алдағы уақытта 

да осы қалпынан таймақ емес. Өйткені, білім ор-

дасында оқушылардың бос уақытын тиімді пай-

далану  жақсы  жолға  қойылған.  Біз  өз  тара-

пымыздан,  «Жас  Ұлан»  ұйымының  ауылдағы 

жұмыстарына  жоғары  баға  беріп,  жақсылыққа 

жаны құмар жастар көп болғай демекпіз.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ

Бәрекелді

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАҒАн 

ЖАСТАР

Осыдан  тура  бес  жыл  бұрын  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен 

республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымы құрылғанына бес жыл ғана болғанымен, 

қазір  республика  бойынша  оның  қатарында  2  миллионға  жуық  өрен  бар.  Ол 

оқушылардың барлығы жоғарыда атап өткендей, кілең үздік оқитын, тәрбиелі, ина-

батты әрі азаматтық қоғамның белсенді мүшелері. Аталмыш ұйымның жұмысы ау-

дан  көлемінде  де  ұтымды  ұйымдастырылып  келеді.  Жақында  ауданға  қарасты 

С.Сейфуллин  ауылдық  округінде  жасұландықтардың  белсенді  қатысуымен  өткен 

игілікті шара соның бір дәлелі десек артық айтқандық емес.


4

№80 (8488) 15 қазан, 2016 жыл

Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4

Газет  Қазақстан  Республикасы  байланыс  және  ақпарат  агенттігінде  19.06.2014 

жылы қайта тіркеліп, №14409-Г  тіркеу куәлігі берілген.

“Тіршілік тынысы” аудандық газеті ҚР СТО ИСО 9001-2009 “Сапа менеджменті 

жүйесі” талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сәрсенбі, сенбі күндері шығады.

Қолжазбалар өңделеді және кері қайтарылмайды. 

Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасын білдірмейді.

3082

1236

Кезекші редактор Бибісара ЖАНӘЛІ

мейірім


Бүгінде  жарымжан  жандардың  қоғамдық  шараларға 

қатысуы белсенді. Оған күнделікті өтіп жатқан шараларда куә 

болып  жүрміз.  Солардың  бірі  осымен  VI  рет  өткізіліп  отырған 

«Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық 

өнер  фестивалі.  Өмірге  құштар  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  ара-

сында  ұйымдастырылған  фестивальге  ауданнан  қатысқан  14  жа-

сар Айжан Сәбитқызы ән жанры бойынша ІІІ орынды иеленді. Аймақ 

бойынша  50-ден  астам  мүмкіндігі  шектеулі  өнерпаз  балалардың 

ішінде  ол  үздік  өнер  көрсетіп,  биік  тұғырдан  көрінді.  Фестиваль 

қорытындысында  Айжан  Сәбитқызы  Айжанды  ІІІ  дәрежелі  ди-

пломмен марапатталып, бағалы сйылық алды. Талапты әнші жасты 

байқауға «Тереңөзек кенті клубы» МКК қызметкерлері дайындады.

Аяулы  анасының  аялы  алақанының  жылуын  сезініп,  нұрлы 

көздерінің  мейіріміне  бөленген,  оның  әрбір  сөзінен  тәлім  алып, 

бойына сіңірген Айжан кішкентайынан ән айтуға құштар болған. 

Қоғамның белсенді мүшесі ретінде өз тағдырына батыл сеніммен 

қарайтын  оның  өнерге  деген  құлшынысы  ерекше.  Содан  бо-

лар  ол  облыстық  фестивальде  әсерлі  әнді  әуелете  шырқап, 

көрерменнің қошеметіне бөленді. Нәтижесінде, таудай тала-

бымен биікті бағындырды.  

Айжан  болашақта  әнші  болсам  деп  армандайды.  Ал  ауруынан  айығып,  аяғынан  тік 

тұрса, түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп 

келе  жатқан  анасына  қолғабыс  етіп,  қамқор  болатынын  жеткізді.  Өмірде  мойы-

май, тек алға қарай ұмтылатынын да атап өтті. Біз де өз жеңісінен қуанышы 

қойнына  сыймай  тұрған  Айжанды  құттықтап,  жасымай  тек  қана  биіктен 

көріне беруіне тілектестік білдіреміз.



Е.БЕРкІНБАЕВ

Редакцияға немересін жетектеп зейнеткер апа Әмина 

Жүзбаева келді. Байырғы кітапханашыны бірден та-

нып, хал-жағдай сұрасып, бізге келу себебін сұрадық. 

Әжесінің қасындағы бала Нұрбек Батырханов марқұм 

қайнінісі Батырханның баласы екен. Ол кенттегі №36 

Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 2 «д» сынып 

оқушысы. Анасы Жанат сол мектепте мұғалім. Нұрбек 

отбасындағы 5 перзенттің төртіншісі. Оның ізінен 1 

жасар қарындасы Айзере ерсе, 

алдында 3 бірдей ағасы бар. 

Барлығы да мектеп жасындағы 

балғындар. Нұрбектің ерек-

ше қасиеті сурет салуды ерекше 

ұнататыны. Көп баланың арасы-

нан осы баланың сурет өнеріне 

жақын болуын әжесі Әмина 

апа:-Мен ұзақ жыл аудандық 

кітапханада безендіруші болып 

еңбек еттім. Осы қабілетім не-

мереме берілгеніне қуанамын, 

болашақта суретші болғанын 

қалаймын,-деп түсіндіріп әлек.

Иә, кішкентай суретшінің 

талпынысы, қадамы жақсы. 

Нұрбектің ең жақсы көретін тақырыптары ертегі кейіпкерлерінің бейнесін 

салу. Сурет салуда ашық түстерді пайдаланатынын бала қиялының шексіздігін 

дәлелдесе керек. Ол соңғы кезде қыл қаламмен де сурет салуды үйреніп жүр 

екен. Оның сурет альбомында түрлі тақырыптарға салынған суреттер бар екен. 

Оқырмандардың назарына жас балғынның өзіне ұнаған бірнеше суреттерді 

ұсынуды жөн көрдік. Болашақта үлкен өнер иесі болуына ақ тілегімізді білдіреміз!

Б.ЖАНӘЛІ  

Үстіміздегі  жылдың  13-15  қазан  күндері  аудан 

көлемінде  жолаушылар  тасымалдауымен  айналысатын 

қоғамдық көліктер арасында жол қозғалысы ережелерін 

өрескел бұзушыларды анықтау мен қоғамдық көліктердің 

қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының ал-

дын  алу  мақсатында  «Автобус»  профилактикалық  іс-

шарасы өткізілді.

Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлінісі 

және  аудан  бойынша  мемелекеттік  кірістер  бөлімімен 

бірлесіп  өткен  іс-шарада  автобустармен,  таксилермен 

жолаушыларды тасымалдаған кезде талаптарды сақтау 

үшін бақылау күшейтілді.

Жолаушы  қауіпсіздігі  қашанда  маңызды.  Діттеген 

жеріне  жолаушыны  аман-есен  жеткізу  жүргізушінің 

міндеті.  Сондықтан  адамның  өміріне  жауапты  көлік 

жүргізуші  ең  алдымен  көлігінің  техникалық  ақауының 

болмауын  қатаң  қадағалап,  жүргізушінің  күнделікті 

медициналық  тексеруден  өтуі  бақылауға  алынуы 

тиіс.  Ауданда  өткен  профилактикалық  іс-шара  бары-

сында  барлық  жолаушы  тасымалымен  айналысатын 

маршрутты  Газельдер,  автобустар  мен  таксилердің 

жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелері туралы тиісті 

талаптар түсіндірілді.



Жергілікті полиция қызметі

“ЖҮРЕК ЖЫЛУЫнАн” 

ЖҮЛДЕМЕн ОРАЛДЫ

Әсем  қала  Алматыда,  Алатаудың  етегінде  орналасқан 

ҚазҰУ қалашығы әр елді-мекендерден келген жас буынның 

басын  қосқан  үлкен  үйімізге  айналды.  Жастарға  ата-

бабаларымыздың  қазақ  мәдениеті  мен  тариxына  сіңірген 

еңбектері  мен  руxани  мұраларын  таныстыру  мақсатында 

көптеген  мәдени  іс-шаралар  жүргізілуде.  Соның  бірі  рек-

торымыз  Ғ.М.  Мұтановтың  қолдауымен  ұсынылған,  әр 

ҚазҰУ  студенті  оқуға  тиісті  «100  кітап»  жобасы  негізінде 

тариx,арxеология  және  этнология  факультетінде  Ш. 

Уалиxановтың  180  жылдығына  арналған  дөңгелек  стол  бо-

лып өтті.

Бұл шараға факультетіміздің «кітапxана ісі» мамандығының 

2-курс  студенттері  белсене  қатысып,  тариxымызға  деген 

сүйіспеншілігінің  жоғары  дәрежеде  екендігін  дәлелдеді.  От 

ауызды, орақ тілді шешендеріміз Шоқанның қазақ xалқының 

дамуына  қосқан  үлесіне  тоқталса,  әдебиетке  жаны  құмар 

ақын  қыздарымыз  Шоқанға  деген  сүйіспеншілікке  толы 

жыр  жолдарын  арнады.  Әсем  әуезді  әндермен  көпшілікті 

патриоттық сезімге бөледі. Осы орайда жастарымыз жалын-

дап  жанып  тұрғандығын,  ата-бабасы  із  қалдырған  тариxын 

сүюдің биік сезім екенін көрсете білді.



Әсел РАХМЕТОЛЛА

тариx, арxеология және этнология факультетінің 

кітапхана ісі 2-курс студенті 

эдвайзер: Т.Н.МҰҚАЖАНОВА

«VIP топтамасын қос 

та сыйлық ал» акциясы

VIP топтамасын  қосыңыз да,  «VIP 

топтамасын қос та сыйлық ал» акциясы-

на  қатысыңыз.  VIP  топтамасын  қосқан  абоненттер  ара-

сында  планшеттер  ойнатылады.  Асығыңыз!  Сыйлықтар 

саны шектеулі!

Акцияның өту мерзімі  2016 жылдың 31 желтоқсанына 

дейін.


Анықтама телефоны 160

2014.09.10 №14014826 лицензияны Қазақстан Республикасы Инвести-

циялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат 

комитеті берген.

ШОҚАН – ДАНА, 

ШОҚАН – ДАРА 

ҚАЗАҚТА

КІШКЕНТАЙ СУРЕТШІ



ЕРЕжЕ

І. жалпы ереже

Тәуелсіздік күніне арналған оқушылар мен студенттер 

арасындағы бұл байқауды (бұдан әрі – Байқау) «Сыр 

медиа» ЖШС өткізеді.



ІІ. Байқаудың мақсаты

Мемлекеттің ең ұлық мерекесінің мәнін, ел тәуелсіздігіне 

ширек ғасыр толған айтулы датаны мектеп оқушылары 

мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері 

арасында кеңінен насихаттау, ынталандыру

Жас өскін бойында қазақстандық патриотизмді және  

отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, шығармашыл 

тұлғаны дамыту.

Ел тәуелсізідігін жариялаған 25 жылда көркейіп, 

гүлденген туған ауыл, туған аудан, туған қала келбетінің 

бүгінгі тыныс-тіршілігін, ондағы елмен бірге еңсе тіктеген 

тұрғындардың шат-шадыман тұрмысын, боямасыз 

болмысын бейнелеу, көркем мазмұнда жеткізу;

ІІІ. Байқаудың міндеттері

Байқаудың жеңімпаздарын анықтау конкурстық 

комиссияның (қазылар алқасы) шешімімен жүзеге 

асырылады;

Қазылар алқасының құрамына БАҚ өкілдері кіреді;

Осы ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі 

тұлғалардың танысуы үшін ұсынылады.

IV. қатысу шарттары

Байқауға қатысуға облыстың орта мектептері мен 

лицейлерінің оқушылары және кәсіптік-техникалық білім 

беру ұйымдарының, колледждердің, сондай-ақ жоғары 

оқу орындарының студенттері шақырылады. 

Байқауға қатысатын материалдар биылғы қазан айының 

17-сінен бастап 1 желтоқсан аралығында қабылданады. 

Бір автордан бір ғана шығармашылық жұмыс 

қабылданады. Мақала А4 форматында Times New 

Roman (14) қарпімен терілген, 3 беттен аспауы қажет. 

Шығармашылық жұмыспен қоса авторы туралы қысқаша 

мәлімет «Байқауға» деген белгімен aqmeshit_zhastary.

kz@mail.ru электронды поштасы арқылы мемлекеттік 

және орыс тілдерінде қабылданады немесе «Сыр 

Медиа» ЖШС, «Ақмешіт жастары» газетінің редакциясы 

(Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 4 үй, 

Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйі) 3-қабат, 312, 

313, 314, 315 кабинеттерге жолдауға болады. Қосымша 

сұрақтар үшін тел.: 8(7242) 40-06-71. Байқау нәтижесі 

бойынша үздік деп танылған туындылар «Сыр медиа» 

порталына қарасты барлық сайттарға жарияланады.   

Жеңімпаздар саны – төртеу. Бас жүлде І, ІІ, ІІІ орын 

және қосымша ынталандыру сыйлығы тағайындалады.

V.Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері

Конкурстың материалдарын бағалау кезінде төмендегі 

өлшемдер назарға алынады:

– автордың ұстанымы;

– жазу стилінің көркемдігі;

– мақаладағы дерек пен дәйектің шынайлығы;

– оқырманға эмоционалды әсері;



VI. ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйымдастырушылар 

және қазылар алқасынан тұрады. Байқауды дайындау 

мен өткізу жөніндегі жұмысты жоспарлайды және 

үйлестіреді, сонымен қатар оның орындалуын 

қадағалайды. 

Байқау туралы ережені және конкурстың қазылар 

алқасы құрамын бекітеді. 



ұйымдастыру комитеті

Байқау

«Сыр медиа» ЖШС Қр ТәуелСіздігінің 25 Жылдығына орай оҚуШылар мен 

СТуденТТер араСында «Туған өлке келбеТі» ТаҚырыбында ШығармаШылыҚ 

байҚау Жариялайды



Жанат  Жәдігерқызы,  оқушы ларға  сапалы  білім,  саналы 

тәрбие беруде кітаптың маңызды орын алатыны баршамызға 

белгілі.  Биылғы  жылы  аудан  мектептерінің  қажетті 

оқулықтармен қамтылуы көңілдегідей болды ма?

-Әлбетте, ауданда 17 мектеп болса, барлығы да қажетті оқулықтармен 

100  пайыз  қамтамасыз  етілді.  Бұл  ретте  кемел  елдің  келешегі  білімді 

ұрпақ екенін ойлаған аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлы оқушылар мен 

ата-аналардың шексіз алғысына бөленді. Өйткені, биылғы жылы аудан 

мектептеріне оқулықтар алу үшін 50 млн.569 мың теңге қаржы бөлінді. 

Мұндай  қамқорлық  бұрын-соңды  жасалған  емес.  Сондай-ақ  мұндай 

қомақты қаржы бірде-бір ауданда бөлінген жоқ. Осының нәтижесінде 

оқушыларымыз жаңа оқулықтардың иесі атанды. Оқулықтар тапсырыс 

бойынша үш баспадан «Мектеп», «Атамұра», «Экспресстен» келді.   



-кітапханашылардың  сапалық  құрамы  туралы  айтып 

өтсеңіз?

-Ауданның  17  мектебінде  21  кітапханашы  жұмыс  жасайды. 

Барлығы  да  өз  мамандықтары  бойынша  еңбек  етуде.  Араларын-

да  мұғалімдер,  басқа  мамандық  иелері  жоқ.  Кітапханашылардың 

сапалық  құрамын  жоғары  болуының  нәтижесінде  оқушыларға 

оқулықтар  дер  кезінде  жеткізіліп,  кітаптың  маңыздылығы  туралы 

түрлі  іс-шаралар,  көрмелер  тұрақты  өткізіліп  тұрады.  Халықаралық 

кітап күніне, басқа да атаулы күндерге байланысты іс-шаралар жос-

пары  жасалып,  аудандың  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен  мектеп-

терде  семинар-кеңестер  ұйымдастырылады.  «Кітап-досың,  ақылшың» 

тақырыбында  мектеп  кітапханаларында  оқушылармен  жұмыстар 

жүргізіледі.  Аудан  мектептерінің  кітапханаларында  жалпы  кітап  қоры 

383072- кұрайды. Оның ішінде мектеп оқулығы 251211.

-Биылғы  жаңа  оқу  жылында  оқушыларды  оқулықтармен 

қамтудағы ерекшеліктер туралы айтсаңыз?

-2015-2016 

жылғы 

оқу 


жы лы 

қорытындысында 

мектеп 

кітапханаларындағы  оқулықтарға  есеп  жүргізіліп,  жетіспейтін 



оқулықтар  анықталып,  оларға  сұраныстар  берілді.  Нәтижесінде  жоқ 

кітаптар түгелдей алынды. Биылғы жылы 1 сыныптықтардың кітаптары 

түгелдей жаңартылды. 4 сыныптықтарға Ағылшын тілі, 8-9 сыныптарға 

«Дінтану  және  зайырлы  негіздері»  оқулықтары  толықтай  алынды. 

Сөйтіп, 2016-2017 оқу жылында аудан оқушылары оқулықтармен толық 

қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 1 қыркүйек Білім күніне орай «Менің От-

аным Қазақстан» атты кітап Елбасының атынан 1 сынып оқушыларына 

сыйға  берілді. 



-Мерекеге  орай  кітапханашы ларға,  оқушыларға  айтар 

тілегіңіз?

-«Кітап  –  жан  азығы»  дейді  халық  даналығы.  Балалардың  мек-

теп  қабырғасында  білім  нәріне  молынан  сусындауына  сіздердің 

де  еңбектеріңіз  зор.  Жұмыстарыңызға  табыс  тілеймін  деймін 

кітапханашыларға.  Ал  балаларға  айтарым,  кітап-ақылшы  досың, 

оны  ұқыпты  ұстап,  кітаптан  өмірлік  білім  жина.  Болашақта  қоғамның 

белсенді құрылысшысы бол демекпін.

Сұқбаттасқан Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ

Кітап білім бұлағы

ОҚУЛЫҚТАРМЕН 



ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

«кІТАп-БІЛІМ БҰЛАғЫ, БІЛІМ-өМІР ШЫРАғЫ» ДЕЙДІ 

ХАЛЫҚ ДАНАЛЫғЫ. ХАЛЫҚ АЙТСА ҚАЛТ АЙТпАЙДЫ. 

«кІТАпСЫз БІЛІМ ЖОҚ, БІЛІМСІз кҮНІң ЖОҚ»,- ДЕГЕН 

АСЫЛ Сөз АТАДАН-БАЛАғА МИРАС БОЛЫп кЕЛЕ ЖАТҚАНЫНА 

ДА БІРНЕШЕ ғАСЫРДЫң ЖҮзІ БОЛғАНЫ БЕЛГІЛІ. ЕЛБА-

СЫ Н.Ә.НАзАРБАЕВ «кІТАп-ТАуСЫЛМАС ҚАзЫНА» ДЕп 

өМІРЛІк ҚҰНДЫЛЫғЫМЫзғА ЖОғАРЫ БАғА БЕРДІ. АДАМ 

өМІРІ ҮШІН кІТАпТЫң, БІЛІМНІң ҚАНШАЛЫҚТЫ МАңЫзДЫ 

ЕкЕНІН ОСЫДАН –АҚ АңғАРА БЕРІңІз. БІз кІТАпХАНАШЫЛАР 

кҮНІ ҚАРСАңЫНДА АуДАНДЫҚ БІЛІМ БөЛІМІНІң ӘДІСкЕРІ 

Ж.Ж.ОРЫНБАЕВАМЕН АуДАН МЕкТЕпТЕРІНІң ЖАңА ОҚу 

ЖЫЛЫНДА кІТАппЕН ҚАМТЫЛуЫ, кІТАпХАНАШЫЛАРДЫң 

САпАЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ЖАЛпЫ кІТАп ҚОРЫ ТуРА-

ЛЫ ӘңГІМЕ өРБІТкЕН ЕДІк. СОЛ СҰХБАТТЫ СІзДЕРДІң 

НАзАРЛАРЫңЫзғА ҰСЫНАМЫз.

«АВТОБуС» пРОФИЛАкТИкАЛЫҚ 

ІС-ШАРАСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет