№80 (8488) 15 қазан, сенбі, 2016 жыл Мерекелік салтанат Өңіраралық байланыс


-Қайырымдылықты кім қалай ұғынып жатыр?



жүктеу 23.75 Mb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата27.01.2017
өлшемі23.75 Mb.
1   2   3

айырымдылықты кім қалай ұғынып жатыр?

-Әлеуметтік  дүкен  шаруашылық  басшыларының 

қайырымдылық  шарасының,  сондай-ақ,  бюджетті 

мекемелер  қызметкерлерінің  1  күндік  жалақысын 

аударуымен, кәсіпкерлердің қолдауымен жұмыс жасауда.  

Тапқан  табысын  бауырына  басып  жатпай,  кем-кетік, 

кембағал жандармен бөлісіп отырған оларға мың рахмет. 

Дегенмен көптеген кәсіпкерлер бұл игі істен шет қалып 

отыр.  Оларға  айтарым  сауапты  іске  араласқандарыңыз 

мақұл.  Алла-тағала  бәрін  көріп  тұр.  Қайырымдылық 

жасау әрбір кәсіпкердің жоспарына, күн тәртібіне кірсе 

артық емес. Бұл олардың рейтингісін өсіріп, табысының 

молаюына жол ашады. Дүкенге тізімге алғанда отбасында 

көмекке мұқтаж жандар бірінші кезекте есепке алынады. 

Бас көтерер азаматы жоқ, отбасында мүмкіндігі шектеулі 

жандар бары ескеріледі. Бүгінгі күні осындай 5 адамды 

біз тізімге. Ал, 9 адамды тізімнен шығардық. Себебі олар 

дүкен  ашылғалы  бері  келіп  сауда  жасаған  емес.  Яғни, 

жағдайлары  анау  айтқандай  нашар  емес.  Біз  алдағы 

уақытта  тізімде  тұрып,  үш  ай  бойы  дүкеннен  сауда 

жасамағандарды  автоматты  түрде  есептен  шығарамыз. 

Мұны көпшілікке ескертіп қойғанымыз жөн болар. 



-Әлеуметтік  дүкенге  қандай  қайырымдылық 

көмектер жасалуда?

-Демеушілердің  көмегімен  келген  азық-түліктен  басқа 

биылғы құрбан айтта мешітте сойылған ет дүкен арқылы 

тегін  таратылды.  Бұл  да  қайырымдылықтың  жарқын 

үлгісі. Кент тұрғындарын тағы бір қазақылыққа тән абзал 

қасиеті үйлеріндегі артық-ауыс киімдерін дүкенге әкеліп 

тапсыру  дер  едім.  Оған  арнайы  бөлім  ашылды.  Мен 

біреуге артық киімімді беретін болсам, ол үлкен немесе 

кіші  болуы,  ұнамауы  мүмкін.  Ал,  дүкенде  көпшілікке 

таңдау болады. Үйде бос жатқанша оны өртеп жібермей

дүкенге әкеліп тапсыруға көпшілікке кеңес берер едім. 

Мұнда оған «екінші өмір» сыйланады. 



-Әлеуметтік  дүкен  2017  жылды  қалай  бастағалы 

отыр?

-Құдайға  шүкір,  ауданда  жүрегі  жомарт,  кең  пейілді 

азаматтар көп. Солардың бірі іскер азамат, білікті басшы 

Алдаберген Құлбаев ағамыз жоқ-жітік адамдарға көмек 

қолын  созуды  өзінің  парызы  санап  отыр.  Алдекең 

әлеуметтік  дүкен  қорына  1  млн.  теңге  ақшалай,  2 

тонна  күріш  тапсырды.  Абзал  азаматтың  бұл  тамаша 

бастамасын  өзге  басшылар  мен  кәсіпкерлер  іліп  алып 

кетеді  деген  сенім  зор.    Қайырымдылық  қашаннан 

қанымызға сіңген қасиет. «Кең болсаң, кем болмайсың» 

дейді  атам  қазақ.  «Жетім  көрсең  жебей  жүр»  дегендей 

кембағал жандарға қайырымдылық көмек жасау кісілігі 

мен парасаты келіскен жандарға қашанда парыз, міндет 

болып саналады. 



С.СҰЛТАНҚЫЗЫ,

Ш.НҰРСЕЙІТОВ  

Әлеуметтік дүкен тынысы

ҚАЙЫРЫмДЫЛЫҚ –ІзГІЛІКТІ ІС

Ұлы  дария  есімін  иеленген  ауданда  ел  қызығатын,  көпке  үлгі  болатын  халыққа  тигізетін  пайдасы  зор 

игілікті істер өркен жайып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Сонымен қара қылды қақ жарған әділдіктің 

жаршысы,  кент  пен  ауылдың  барлық  мәселесін  шешіп  отырған,  көптің  талқысына  айналған,  қоғамдық 

кеңестің  тұсауы  облыста,  республикада  бірінші  болып  біздің  ауданда  кесілгенін  қалайша  айтпай  кетуге 

болады. Бұл қоғамдық кеңестер қызметін Елбасы, облыс әкімі қолдап, қоғамға қажеттілігін таныды. «Ырыс 

–ынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады» дейді дана халқымыз. 

Елдің бірлігін ауданда тұрмысы төмен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларының жағдайын жақсарту 

мақсатында  2015  жылдың  желтоқсан  айында  кент  орталығында  «Әлеуметтік  дүкен»  ашылды.  Ауданда 

жұмыс жасайтын бюджеттік сала қызметкерлері бір күндік еңбек ақыларын әлеуметтік дүкеннің қорына 

аударды. Мұнай компаниялары, мердігерлер мен шаруашылық төрағалары арасында меморандумға қол 

қойылды. Дағдарыс кезінде жасалған бұндай қайырымды іс аудан халқының ауызбірлігін көрсетті. Баға 

шарықтап, кәсіпкер саудагерге айналған бүгінгі кезеңде дүкеннің жұмыс жасап тұрғаны дәтке қуат. Тереңөзек 

кенті орталығынан әлеуметтік дүкеннің ашылуына облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев арнайы келіп қатысып, оң 

бағасын берді. Жыл бойы жұмыс жасаған әлеуметтік дүкен ашылғанда 123 отбасы 544 мүшесіне қызмет 

көрсеткен болатын. Бүгінгі күні 147 отбасының 717 мүшесіне тиісті жеңілдіктер мен көмегін беріп жатыр. 

Кент  тұрғындарының  көңілінен  шығып,  қызмет  етіп  жатқан әлеуметтік  дүкеннің  жұмысы  туралы білмек 

ниетпен  оның  жанынан  құрылған  бақылау тобының  төрайымы  «Сырдария ауданы  әйелдері»  қоғамдық 

бірлестігінің жетекшісі Ұ.Ш.Жаналиеваны әңгімеге тартқан едік.

«Жас келсе іске» демекші, кәсіпкерлікке бет бұрған жастар баста-

машыл болады. Олардың бұл тұрғыда тың идеяларды қолға алып, 

жаңа  технологиялармен  жұмыс  жасау  қабілеттері  жоғары  екені 

айқын. Жастар өз кәсібін қолға алса, өзгелермен жиі тәжірибе алма-

сып, кәсібилігін арттыруда үнемі белсенділік танытып отырады. Сол 

себепті де аталмыш салаға олар жағымды жаңалықтарымен келсе, 

мемлекет тарапынан қолдау көп болмақ. Осы орайда, Тереңөзек 

кенті мен Шаған, А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун ау-

ылдарында дөңгелек үстелдер өткізіліп, жастарға кәсіпкерлік бой-

ынша насихат жұмыстары жүргізілді.

2

әлеумет


№80 (8488) 15 қазан, 2016 жыл

3

тағылым


№80 (8488) 15 қазан, 2016 жыл

Егеменді  ел  болып,  еңсемізді  көтеріп,  бойы-

мызды тіктедік. Көптеген тұрмыс түйіткілдерінің 

біртіндеп  шешімін  тауып  келе  жатқандығы 

қуантады. Мұның бәрі әр адамның өз жұмысына 

деген жауапкершілікті, адал еңбекті талап етеді.

Ойлап  отырсақ,  дамыған  бір  кездегі  бауыр-

лас  республикалардан  көш  ілгері  озық  тұрудың 

көптеген мәнді себептері бар екеніне анық көзіміз 

жетті.  Оларға  дамудың  үлгі  –  өнегесін  көрсетіп 

отырмыз. Бастысы – ел тыныштығы, ауызбірлік, 

халықтың хал-ахуалы жақсарып, тұрақтады.

Тұңғыш 

Президенті 



Н.Назарбаевтың 

көрегендігі,  сындарлы  саясатының  нәтижесінде 

жүзеге  асырылған  әлеуметтік  –  экономикалық, 

құқықтық,  саяси,  білім  беру  мен  мәдениет 

салаларындағы  орасан  зор  жауапкершіліктің 

шешуші роль атқарғанын бүгінде ХХІ ғасырдағы 

ең  озық  30  елдің  қатарына  ену  бағдарламасы 

белгіленген  міндеттер  алпауыт  мемлекеттердің 

өзінен де лайықты бағасын алғаны қуантарлық.

Алдағы мақсат Елбасының «Қазақстан - 2050» 

стратегиясының  өзегіне  айналып  отыр.  Стра-

тегияны  іске  асыруға  бағытталған  көп  салалы 

жұмыс негізгі 5 бағытқа топтастырылып, «5 ин-

ституционалды реформа» дүниеге келді. Аталған 

реформа аясында жасалған 100 нақты қадамнан 

тұратын  «Ұлт  жоспары»  -  экономиканың  нақты 

салаларындағы өзгерістерге бағытталған «Нұрлы 

жол»  және  индустриалды  –  инновациялық 

даму  бағдарламаларымен  сабақтас  құжат.  Бұл 

құжаттарды  тектен  –  текке  әңгіме  арқауы  етіп 

отырған  жоқпыз.  Ғасырдың  ширегіне  толып 

жатқан  жас  мемлекетіміздің  ғасырлық  болашақ 

үшін бағыты айқын екендігін мақтанышпен айту.

Ендеше 


осындай 

ұлы 


мақсат, 

асыл 


мұратымызға  айтулы  үлес  қосу  еселі  еңбек  ету 

үстіндегі  ауданымыздың  бағдары  айқын,  еңбек 

адамдарының  жүзі  жарқын  деуге  болады.  Осы 

орайда  еліміздің  толағай  табыстарына  қасиетті 

Шаған  ауылының  еңбеккерлері  қосқан  үлесі 

зор  екенін  мақтанышпен  айта  аламыз.  Барлық 

жетістік  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  ар-

налып  отыр.  Осы    үрдісті  өзінің  бар  саналы 

ғұмырын ауылшарушылығына арнаған еңбекқор 

абзал  жанға,  ұрпақ  өсірген,  «Алтын  алқалы» 

анаға,  азаттықтың  арайлы  таңымен  өмір  есігін 

«іңгәләп»  ашқан    тәуелсіздігіміздің  құрдасына 

«Тәуелсіздік маған не берді?» деген сауал қойған 

едік. Енді сауалға жауаптарды ұсынып көрелік.



Райкүл  Жалғасбаева  –  еңбек  ардагері, 

«Сырдария ауданының құрметті азаматы» 

- Қойылған сұрақ өте орынды екен. Осы жасыма 

дейін сан түрлі мерекелерді көріп, небір мерейлі 

шақтарды бастан өткердік ғой. Жасыратыны жоқ 

солардың  көпшілігінде  озат  күрішші,  еңбеккер 

ретінде жиын төрінде отырып, биік мінбелерден 

сөз  сөйледік.  Төккен  терімнің  төлеуі  шығар,  ол 

күндерді де бүгін асқан ықыласпен еске аламын.

Әйтсе  де    Егемен  еліміздің  байтақ  

Отанымыздың  тек  өзіне  ғана  тән  мерекелердің 

орны бөлек екендігін айтып, дәлелдеп жатудың 

қажеттігі  жоқ  шығар.  Әсіресе,  Тәуелсіздік 

күні  секілді  аса  бір  шуақты  мерекелер-

де  көңілім  шалқып,  жаным  жадырап  қалады. 

Өзімді  әлденеше  жасарғандай  сезінемін.  Ал, 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығының  орны  тіпті 

бөлек.

Еңбек майданына ауыл орталығындағы орта 



мектепті  1966  жылы  бітірген  соң,  18  жасымда 

араластым. Трактор, машина руліне отырып, ел 

дәулетін  арттыруға  үлес  қостым.  Күріш  егетін 

жастар  бригадасына  жетекші  болып,  даңғайыр 

диқан  Ыбырай  Жақаев  бастамасына  үн  қостық, 

жетістіктерге  қол  жетті.  Қазақстан  комсомолы 

ХІІ съезіне ВАКСМ – нің ХVІІ съезіне делегат бо-

лып  қатыстым.  1971  жылы  Қазақ  ССР  Жоғарғы 

Советіне  Республика  басшысы  Д.Қонаевтың 

қолынан «Еңбек Қызыл Ту» орденін алғаным мен 

үшін мәңгі есте қалатын құбылыс. 

Бірнеше  медальдар, грамоталар, Алғыс хат-

тар, марапаттар жетерлік. Өндірістен қол үзбей 

жүріп  Алматыдағы  ауылшаруашылығы  инсти-

тутын  сырттай  оқып  бітірдім.  Шаруашылықта 

зейнеткерлікке шыққанша агроном болып, адал 

еңбек үлгісін көрсетіп, жастарға ақылшы – ұстаз 

болдық. Қазіргі таңда еңбек етемін деген жанға 

мүмкіншілік  мол.  Тек  адал  еңбек  жасауға  ниет-

тен.  Еліміздің  бас  –  аяғы  25  жылдың  ішінде  өз 

қатарластарынан  оқ  бойы  озық  шығуы  ақыл  – 

парасатпен  жүргізілген  саясаттың  нәтижесі  деп 

білемін.

Мерейімді  шалқытатын  тағы  бір  осынау 

игіліктердің  бәріне  ұйытқы  болып  жүрген  Ел-

басымыз  Н.Назарбаевтың  ерен  еңбегі,  ықылас 

–  пейілі  дер  едім.  Оның  бер  жағында  ау-

дан,  облыс  басшылыры  да  тынымсыз,  еңбек 

сүйгіш  азаматтар.    Ауыл  –  аймақты  жиі  ара-

лап,  тыныс  –  тіршілігіне  мән  бере  қарағаны, 

ауылдың  халқы,  еңбеккерлермен  жүздесуі, 

пікірлесуі ұнайды. Жетістіктерге бастама болуы, 

ұйымдастырушылық қабілеті бар, шаруашылықты 

тізгіндегендерге  сүйсіне қараймын. 

Кешегі мен бүгінгіні салыстырғанда болашақ 

жайын  қалай  қозғамай  кетерсің?  Өмір  көрген 

көңілге  түйгенім  мол  еңбеккер  ана  ретінде  ой 

тұжырымдайтын болсам, болашағымыз жарқын, 

келешегіміз  қазірден  кемел,  Тәуелсіздігіміз  ба-

янды  болса,  тұрмыс-тіршілігіміз  де  күннен  – 

күнге  жақсарып,  олқы  тұстарымыздың  орны  

тола  түспек.  Жастарға,  жалпы  қауымға  айта-

рым, басымызға қонған бағымыз баянды болып, 

әрдайым  тіліміз  бен    дінімізді  сақтап,  тәуелсіз 

еліміздің жарқын болашағы  үшін күш біріктірейік. 

Шуақты мерекеміз – алда жақындап келе жатқан 

Тәуелсіздік күні құтты болсын, басымызға қонған 

бағымыз баянды болсын деп тілейік!



Алтынай Баекешова, Алтын алқа иегері:

-  Ана  ретінде  әрдайым  атқан  таңға,  батқан 

күнге  ризашылығымызды  білдіріп,  елімнің, 

отбасымның  амандығын  тілеймін.  Өйткені, 

Тәуелсіздік – Алланың берген сыйы, халқымызға 

жасаған  қамқорлығы  деп  түсінемін.  Қазақ 

әйелдері  азаматтардың  демеушісі,  қиын  сәтте 

ақылшысы болып, талай – талай бұралаңы мен 

бұлтарысы көп кезеңдерде ұрпақ өсіріп, отының 

басында,  ошағының  қасында  жақсылықтың 

мәйегін маздатты ғой!

Мен 1936 жылы өмірге келіппін. Балалық бал 

дәурен  шақ  асау  толқындары  жағалауға  ұрған, 

шағаласы  ойнаған,  балықтары  тулаған  Арал 

теңізі жағалауында өтті.

Мен Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын сәби 

кезімнен сезініп, ширап, ширығып өстім десе де 

болады. Есейген соң Санатбаймен тұрмыс құрып, 

еңбек істедім. Тұрмыс пен жұмыстың қиындығын 

жастықтың әсерімен білмеген екенмін.

Шүкір,  кездескен  қиындықты  жеңе  отырып, 

отағасы екеуміз өмірге он бала әкелдік. Екеуміз 

де  балажан,  мейірбан  екенімізді  кейін  білдік.

Алланың берген үпір-шүпір перзенттерін біреуден 

кейін,  біреуден  ілгері  оқытып,  тәрбиеледік.

Адалдыққа, біреудің ала жібін аттамауға үйреттік.

Балаларым аман – есен, бүгінде үйлі – баранды 

болып өз алдарына отау тігіп отыр.

Айболған,  Қарасай,  Сайын,  Майра,  Рахме-

тулла, Мәрия, Гүлнар, Руслан, Рүстем, Жасұлан 

мен Нағи, Ғани Тәуелсіз еліміздің белді азаматта-

ры мен азаматшалары ретінде әр салада жемісті 

еңбек етіп жүр.

-  Дана  халқымызда  «Ұлың  үйленсе  – 

ырысың,  қызың  үйленсе  –  өрісің»  дейді.  Ыры-

сым мен өрісім кеңейген бақытты анамын. Ұл – 

қыздарымнан 31 немере – жиен, 6 шөбере сүйіп 

отырмын.  Немерелер  шетінен  өнерлі,  спортқа 

бейім.  Әртүрлі  спорттық  жарысқа  қатысады. 

Әсіресе,  Әзиз,  Данияр  бокстан  бірнеше  рет 

жүлде  алды.  Биыл  бір  немерем  Айда  мектеп 

бітіріп,  жақсы  білімінің    арқасында  мемлекеттік 

білім  грантымен  дәрігерлік  жоғарғы  оқу  орны-

на  түсті.  Бақыттың,  жақсылықтың  қадірін  ана-

дан  артық  ешкім  білмес.  Шүкір,  тәубе  25  жыл-

да елдіктің, береке – бірліктің дәмін таттық, ба-

лаларым тілін, дінін құрметтесе, өзім Елбасының 

қамқорлығына бөленіп, «Алтын алқаны» өңіріме 

тақтым.  Қуанарлығы  сол,  ойы  -  озат,  ертеңгі 

жарқын өмірдің ұландары жетіліп келеді.

Теледидар мен баспасөзді әлім келгенше мән 

бере тыңдаймын, оқуға тырысамын да. Егеменді 

елдің әл – ауқаты жылдан –жылға оңалып, жағдай 

жақсаруда, соған қуанамын. Жақында Астанада 

ел төрінде болғанымда келбетіне сүйсіне қарап, 

көз  тоймайтын  сәулетіне  аналық    ақ  тілегіммен 

риза  болып,  батамды  бердім.  Осының  бәріне 

қуанып,  балаларыма  «Білімді  бол  деп  Елбасы 

үнемі үлкен толғаныспен айтып келеді, оқыңдар, 

сендердің  замандарың  жақсы»,-  деп  күн  сай-

ын естеріне салып отырамын. Елімнің, жерімнің 

осылайша  түрленгеніне  қуанып,  бір  марқайып 

қаламын. Осы жолда тер төгіп, адал еңбек жасап 

жатқан  Елбасынан  бастап  барлық  азаматтарға 

рахмет!  Ана  ретінде  тілегім,  аспанымызды  бұлт 

шалмасын!



Ботагөз Дүбірбаева. № 37 орта мектептің 

мұғалімі, жас маман.

-Мен  өзімді  Тәуелсіздіктің  төл  құрдасымын 

деп  есептеймін.  Себебі,  1991  жылы  дүниеге 

келіппін.  Әке  –  шешем  «Ботадай  көзің  жайнап 

жүрсін, сен атаулы қасиетті күні өмірге  келдің, 

жақсы оқып, қоғамның белсенді мүшесі болуың 

керек»,-  деп  жиі  айтатын.  Орта  мектепті  үздік 

аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнына түстім. Бұл 

күнде №37 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін.

Елбасы  өзінің  дәстүрлі  олдауында  әрбір 

азаматқа  адаспайтын  жол,  айқын  да  ашық 

бағдар көрсетті. Жастарға үлкен міндеттер, зор 

жауапкершілік  жүктеп  отыр.  «Қазақстанның 

болашағы  жастардың  қолында»  деп  бізге 

сенім  артады.  Осыны  біле  отырып  «Біз  елімізге 

қандай  жақсылықтар  әкеледі  екенбіз?!»  де-

ген  ой  толғантады.  Ал,  осы  сұраққа  тек  білім 

арқылы,  көп  іздену  арқылы  жетуге  болады.  Ел 

басшысының  жас  ұрпақ  болашағына  алаңдауы, 

сол  жас  ұрпақ  «Қандай  заманда  өмір  сүреді?»  

деп ой жіберіп біз үшін қам жеп, біздің ертеңімізді 

ойлауы  ақылдылық  пен  даналыққа  жатады. 

Бірнеше  мемлекеттік  бағдарламалар  жастар 

үшін, олардың келешегі үшін өнімді жұмыс жасап 

жатыр. Соның айқын дәлелі «Дипломмен ауылға» 

бағдарламасы  ауылда  тұрақты  еңбек  жасайтын 

білімді  жастар  санатына  деген  қамқорлықтың 

бір  парасы.  Менде  осы  бағдарламаның  аясын-

да материалдық және моральдік қамқорлыққа ие 

болған жас маманның бірімін. Өзімді бақытты са-

нап, осындай қамқорлыққа мемлекетке қайтарым 

ретінде  адал  жұмыс  жасап,  күш  жұмсаймын, 

игілікті істерге бастамашы боламын. Жолдасым-

да  қоғам  үшін  қызмет  жасайды,  Ернұр  есімді 

перзентіміз бар және болашағына жауаптымыз.

Биыл  Тәуелсіздікке  25  жыл!  Мен  үшін  бұл 

ерекше  мереке,  үлкен  бақыт!  Өйткені,  елімнің 

ең  жарқын  күнімен  бірге  есейіп,  ақылым  өсіп, 

білімім толығып келеді.

Ұстаздарым мен ата – анамның сенімін ақтап, 

Қазақстанның білімді азаматшасы бола отырып, 

оның жарқын болашағы жолында жастық жалы-

нымды арнаймын!  Әрине, мен өзіме сенемін!



Нағыман ӘЙТЕНОВ

Қазақстан Журналистер Одағының 

мүшесі

АЗАТТЫҚТЫң АРАйЛЫ ТАңЫ



Тәуелсіздік  - теңдесі жоқ бақыт, егемендік еркін 

өміріміздің кепілі дейміз. Орынды айтылған сөз. Киелі ұғымды бойтұмардай 

қастерлегенімізге қанша уақыт өткенін есептесек 25 жыл бұрын нұрлы болашағымызға 

ұмтылған елімізді ізгі ниеттілердің қаз тұрған нәрестеге теңегені бүгінгідей есімізде. Қуаныштысы, 

арада өткен жылдар белесінде жас мемлекетіміз танымастай өзгерді. Әсіресе, басымыздан 

кешірген саяси – әлеуметтік оқиғаларды алсақ, қол жеткен табыстарымызға шын 

көңілден қуанарымыз хақ.

Аудандық  Әділет  басқармасының 

базасында  «Нұр  Отан»  партиясы 

аудандық  филиалы  мен  басқарма 

қызметкерлері бірлесіп «Әділет кеңес 

береді» республикалық акция аясын-

да қоғамдық қабылдау өткізді. 

Тұрғындарға  құқықтық  көмек  көрсету, 

азаматтық  қоғамның  ішкі  құрылымында 

саяси  белсенділік  қалыптастыру,  қоғам 

мен  билік  арасында  байланыс  алаңын 

кеңейту  мақсатында  өткізілген  қоғамдық 

қабылдауға «Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

М.Омаров, аудандық Әділет басқармасының 

басшысы  А.Досымов,  аудандық  аумақтық 

филиалы бөлімінің басшысы-аға сот орын-

даушы  Е.Елубайұлы,  аудандық  жеке  сот 

орындаушы  Ж.Тұңғышбаев,  жеке  нота-

риус  Қ.Назарова,  аудандық  жұмыспен 

қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және 

хал  актілерін  тіркеу    бөлімінің  әдіскері 

Г.Әлімбетова қатысты. 

Іс-шара 


барысында 

қоғамдық 

қабылдауға  келген  тұрғындарға,  жеке 

және  заңды  тұлғаларға  арнайы  құқықтық 

кеңестер,  сонымен  қатар  қолданыстағы 

заңнамалар 

аясында 

кеңестер 

мен 

түсініктемелер берілді. 



Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ

Республикалық акция

ҚҰҚЫҚТЫҚ 

КөмЕКТЕР БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 

қазандағы  №1131  қаулысының  талаптарына  сәйкес, 

қылмыстылық  пен  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу 

мақсатында  «Амбулаториялық  –  емханалық  қызметі 

бар  Сырдария  аудандық  орталық»  емханасы,  Сырда-

рия  аудандық  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы, 

«Сырдария жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, Сыр-

дария аудандық ішкі саясат бөлімдерімен меморандум 

жасалды. 

Меморандум негізінде  Сырдария аудандық ішкі са-

ясат бөлімі мен Сырдария аудандық пробация қызметі 

бірлескен  жұмыс  жоспарын  бекітіп  тиісті  жұмыстар 

жүргізуде.

Бірлескен  жоспар  негізінде  бекітілген  мәдени, 

спорттық-сауықтыру  шараларына  қатысуға    және 

әлеуметтік-психологиялық кеңестер алу үшін             22-

7-16  аудандық  пробация  қызметі  немесе  21-3-81 

аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  сенім  телефондары 

арқылы мәлімет ала аласыздар.  

Өткізілетін  шараларға  белсенділік  танытуға 

шақырамыз! 





Іс-шара атауы 

Уақыты 

Ұйымдастыруға жауапты 

1

Сырдария ауданы бойынша  пробация қызметінің 

есебінде тұрған  қоғамнан оқшаулаумен байланысты 

емес қылмыстық жаза түріне сотталғандарды оңалту 

мақсатында психологтардың қатысуымен кездесу өткізу; 

Қыркүйек,  

2016 жыл 

 

Сырдария ауданы бойынша  пробация қызметінің 

инспекторы-

 Ш.Идрисов, 

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің 

әдіскері-

Ғ.Оралов  

2

Жасы 30 толмаған  пробация қызметінде тіркеуде тұрған  

азаматтар арасында дойбыдан(шашка) жарыс өткізу, 

(шараның мақсаты: сотталғандардың бос уақытын 

тиімді пайдалану )

Қазан,  


2016 жыл 

 

Сырдария ауданы бойынша  пробация қызметінің 

инспекторы-

Ш.Идрисов 

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің 

әдіскері-

Ғ.Оралов  

3

Тереңөзек кенті орталығындағы №35, №36 мектеп 

лицейінде оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылықтардың 

алдын алу мақсатында түсіндірме сабақтарын өткізу;  

Қараша,  

2016 жыл 



 

Сырдария ауданы бойынша  пробация қызметінің 

инспекторы-

Ш.Идрисов 

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің 

әдіскері-

Ғ.Оралов  

4

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу 

мақсатында дайындалған ақпараттық брошюркалар 

дайындау және тарату; 

Желтоқсан,  

2016 жыл 



  

Сырдария ауданы бойынша  пробация қызметінің 

инспекторы-

Ш.Идрисов 

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің 

әдіскері-

Ғ.Оралов  

СЫРДАРИя АуДАНДЫҚ ІШкІ САяСАТ БөЛІМІ ЖӘНЕ СЫРДАРИя АуДАНДЫҚ 

пРОБАцИя ҚЫзМЕТІМЕН БІРЛЕСкЕН ЖҰМЫС ЖОСпАРЫ

АуДАН БОЙЫНША БАС БОСТАНДЫғЫНАН 

АЙЫРу ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛғАНДАР ЖӘНЕ 

пРОБАцИя ҚЫзМЕТІНІң ЕСЕБІНДЕ ТҰРғАН АзАМАТТАРғА


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет