3
тағылым
№80 (8488) 15 қазан, 2016 жыл
Егеменді ел болып, еңсемізді көтеріп, бойы-
мызды тіктедік. Көптеген тұрмыс түйіткілдерінің
біртіндеп шешімін тауып келе жатқандығы
қуантады. Мұның бәрі әр адамның өз жұмысына
деген жауапкершілікті, адал еңбекті талап етеді.
Ойлап отырсақ, дамыған бір кездегі бауыр-
лас республикалардан көш ілгері озық тұрудың
көптеген мәнді себептері бар екеніне анық көзіміз
жетті. Оларға дамудың үлгі – өнегесін көрсетіп
отырмыз. Бастысы – ел тыныштығы, ауызбірлік,
халықтың хал-ахуалы жақсарып, тұрақтады.
Тұңғыш
Президенті
Н.Назарбаевтың
көрегендігі, сындарлы саясатының нәтижесінде
жүзеге асырылған әлеуметтік – экономикалық,
құқықтық, саяси, білім беру мен мәдениет
салаларындағы орасан зор жауапкершіліктің
шешуші роль атқарғанын бүгінде ХХІ ғасырдағы
ең озық 30 елдің қатарына ену бағдарламасы
белгіленген міндеттер алпауыт мемлекеттердің
өзінен де лайықты бағасын алғаны қуантарлық.
Алдағы мақсат Елбасының «Қазақстан - 2050»
стратегиясының өзегіне айналып отыр. Стра-
тегияны іске асыруға бағытталған көп салалы
жұмыс негізгі 5 бағытқа топтастырылып, «5 ин-
ституционалды реформа» дүниеге келді. Аталған
реформа аясында жасалған 100 нақты қадамнан
тұратын «Ұлт жоспары» - экономиканың нақты
салаларындағы өзгерістерге бағытталған «Нұрлы
жол» және индустриалды – инновациялық
даму бағдарламаларымен сабақтас құжат. Бұл
құжаттарды тектен – текке әңгіме арқауы етіп
отырған жоқпыз. Ғасырдың ширегіне толып
жатқан жас мемлекетіміздің ғасырлық болашақ
үшін бағыты айқын екендігін мақтанышпен айту.
Ендеше
осындай
ұлы
мақсат,
асыл
мұратымызға айтулы үлес қосу еселі еңбек ету
үстіндегі ауданымыздың бағдары айқын, еңбек
адамдарының жүзі жарқын деуге болады. Осы
орайда еліміздің толағай табыстарына қасиетті
Шаған ауылының еңбеккерлері қосқан үлесі
зор екенін мақтанышпен айта аламыз. Барлық
жетістік ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ар-
налып отыр. Осы үрдісті өзінің бар саналы
ғұмырын ауылшарушылығына арнаған еңбекқор
абзал жанға, ұрпақ өсірген, «Алтын алқалы»
анаға, азаттықтың арайлы таңымен өмір есігін
«іңгәләп» ашқан тәуелсіздігіміздің құрдасына
«Тәуелсіздік маған не берді?» деген сауал қойған
едік. Енді сауалға жауаптарды ұсынып көрелік.
Райкүл Жалғасбаева – еңбек ардагері,
«Сырдария ауданының құрметті азаматы»
- Қойылған сұрақ өте орынды екен. Осы жасыма
дейін сан түрлі мерекелерді көріп, небір мерейлі
шақтарды бастан өткердік ғой. Жасыратыны жоқ
солардың көпшілігінде озат күрішші, еңбеккер
ретінде жиын төрінде отырып, биік мінбелерден
сөз сөйледік. Төккен терімнің төлеуі шығар, ол
күндерді де бүгін асқан ықыласпен еске аламын.
Әйтсе де Егемен еліміздің байтақ
Отанымыздың тек өзіне ғана тән мерекелердің
орны бөлек екендігін айтып, дәлелдеп жатудың
қажеттігі жоқ шығар. Әсіресе, Тәуелсіздік
күні секілді аса бір шуақты мерекелер-
де көңілім шалқып, жаным жадырап қалады.
Өзімді әлденеше жасарғандай сезінемін. Ал,
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының орны тіпті
бөлек.
Еңбек майданына ауыл орталығындағы орта
мектепті 1966 жылы бітірген соң, 18 жасымда
араластым. Трактор, машина руліне отырып, ел
дәулетін арттыруға үлес қостым. Күріш егетін
жастар бригадасына жетекші болып, даңғайыр
диқан Ыбырай Жақаев бастамасына үн қостық,
жетістіктерге қол жетті. Қазақстан комсомолы
ХІІ съезіне ВАКСМ – нің ХVІІ съезіне делегат бо-
лып қатыстым. 1971 жылы Қазақ ССР Жоғарғы
Советіне Республика басшысы Д.Қонаевтың
қолынан «Еңбек Қызыл Ту» орденін алғаным мен
үшін мәңгі есте қалатын құбылыс.
Бірнеше медальдар, грамоталар, Алғыс хат-
тар, марапаттар жетерлік. Өндірістен қол үзбей
жүріп Алматыдағы ауылшаруашылығы инсти-
тутын сырттай оқып бітірдім. Шаруашылықта
зейнеткерлікке шыққанша агроном болып, адал
еңбек үлгісін көрсетіп, жастарға ақылшы – ұстаз
болдық. Қазіргі таңда еңбек етемін деген жанға
мүмкіншілік мол. Тек адал еңбек жасауға ниет-
тен. Еліміздің бас – аяғы 25 жылдың ішінде өз
қатарластарынан оқ бойы озық шығуы ақыл –
парасатпен жүргізілген саясаттың нәтижесі деп
білемін.
Мерейімді шалқытатын тағы бір осынау
игіліктердің бәріне ұйытқы болып жүрген Ел-
басымыз Н.Назарбаевтың ерен еңбегі, ықылас
– пейілі дер едім. Оның бер жағында ау-
дан, облыс басшылыры да тынымсыз, еңбек
сүйгіш азаматтар. Ауыл – аймақты жиі ара-
лап, тыныс – тіршілігіне мән бере қарағаны,
ауылдың халқы, еңбеккерлермен жүздесуі,
пікірлесуі ұнайды. Жетістіктерге бастама болуы,
ұйымдастырушылық қабілеті бар, шаруашылықты
тізгіндегендерге сүйсіне қараймын.
Кешегі мен бүгінгіні салыстырғанда болашақ
жайын қалай қозғамай кетерсің? Өмір көрген
көңілге түйгенім мол еңбеккер ана ретінде ой
тұжырымдайтын болсам, болашағымыз жарқын,
келешегіміз қазірден кемел, Тәуелсіздігіміз ба-
янды болса, тұрмыс-тіршілігіміз де күннен –
күнге жақсарып, олқы тұстарымыздың орны
тола түспек. Жастарға, жалпы қауымға айта-
рым, басымызға қонған бағымыз баянды болып,
әрдайым тіліміз бен дінімізді сақтап, тәуелсіз
еліміздің жарқын болашағы үшін күш біріктірейік.
Шуақты мерекеміз – алда жақындап келе жатқан
Тәуелсіздік күні құтты болсын, басымызға қонған
бағымыз баянды болсын деп тілейік!
Алтынай Баекешова, Алтын алқа иегері:
- Ана ретінде әрдайым атқан таңға, батқан
күнге ризашылығымызды білдіріп, елімнің,
отбасымның амандығын тілеймін. Өйткені,
Тәуелсіздік – Алланың берген сыйы, халқымызға
жасаған қамқорлығы деп түсінемін. Қазақ
әйелдері азаматтардың демеушісі, қиын сәтте
ақылшысы болып, талай – талай бұралаңы мен
бұлтарысы көп кезеңдерде ұрпақ өсіріп, отының
басында, ошағының қасында жақсылықтың
мәйегін маздатты ғой!
Мен 1936 жылы өмірге келіппін. Балалық бал
дәурен шақ асау толқындары жағалауға ұрған,
шағаласы ойнаған, балықтары тулаған Арал
теңізі жағалауында өтті.
Мен Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын сәби
кезімнен сезініп, ширап, ширығып өстім десе де
болады. Есейген соң Санатбаймен тұрмыс құрып,
еңбек істедім. Тұрмыс пен жұмыстың қиындығын
жастықтың әсерімен білмеген екенмін.
Шүкір, кездескен қиындықты жеңе отырып,
отағасы екеуміз өмірге он бала әкелдік. Екеуміз
де балажан, мейірбан екенімізді кейін білдік.
Алланың берген үпір-шүпір перзенттерін біреуден
кейін, біреуден ілгері оқытып, тәрбиеледік.
Адалдыққа, біреудің ала жібін аттамауға үйреттік.
Балаларым аман – есен, бүгінде үйлі – баранды
болып өз алдарына отау тігіп отыр.
Айболған, Қарасай, Сайын, Майра, Рахме-
тулла, Мәрия, Гүлнар, Руслан, Рүстем, Жасұлан
мен Нағи, Ғани Тәуелсіз еліміздің белді азаматта-
ры мен азаматшалары ретінде әр салада жемісті
еңбек етіп жүр.
- Дана халқымызда «Ұлың үйленсе –
ырысың, қызың үйленсе – өрісің» дейді. Ыры-
сым мен өрісім кеңейген бақытты анамын. Ұл –
қыздарымнан 31 немере – жиен, 6 шөбере сүйіп
отырмын. Немерелер шетінен өнерлі, спортқа
бейім. Әртүрлі спорттық жарысқа қатысады.
Әсіресе, Әзиз, Данияр бокстан бірнеше рет
жүлде алды. Биыл бір немерем Айда мектеп
бітіріп, жақсы білімінің арқасында мемлекеттік
білім грантымен дәрігерлік жоғарғы оқу орны-
на түсті. Бақыттың, жақсылықтың қадірін ана-
дан артық ешкім білмес. Шүкір, тәубе 25 жыл-
да елдіктің, береке – бірліктің дәмін таттық, ба-
лаларым тілін, дінін құрметтесе, өзім Елбасының
қамқорлығына бөленіп, «Алтын алқаны» өңіріме
тақтым. Қуанарлығы сол, ойы - озат, ертеңгі
жарқын өмірдің ұландары жетіліп келеді.
Теледидар мен баспасөзді әлім келгенше мән
бере тыңдаймын, оқуға тырысамын да. Егеменді
елдің әл – ауқаты жылдан –жылға оңалып, жағдай
жақсаруда, соған қуанамын. Жақында Астанада
ел төрінде болғанымда келбетіне сүйсіне қарап,
көз тоймайтын сәулетіне аналық ақ тілегіммен
риза болып, батамды бердім. Осының бәріне
қуанып, балаларыма «Білімді бол деп Елбасы
үнемі үлкен толғаныспен айтып келеді, оқыңдар,
сендердің замандарың жақсы»,- деп күн сай-
ын естеріне салып отырамын. Елімнің, жерімнің
осылайша түрленгеніне қуанып, бір марқайып
қаламын. Осы жолда тер төгіп, адал еңбек жасап
жатқан Елбасынан бастап барлық азаматтарға
рахмет! Ана ретінде тілегім, аспанымызды бұлт
шалмасын!
Ботагөз Дүбірбаева. № 37 орта мектептің
мұғалімі, жас маман.
-Мен өзімді Тәуелсіздіктің төл құрдасымын
деп есептеймін. Себебі, 1991 жылы дүниеге
келіппін. Әке – шешем «Ботадай көзің жайнап
жүрсін, сен атаулы қасиетті күні өмірге келдің,
жақсы оқып, қоғамның белсенді мүшесі болуың
керек»,- деп жиі айтатын. Орта мектепті үздік
аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнына түстім. Бұл
күнде №37 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін.
Елбасы өзінің дәстүрлі олдауында әрбір
азаматқа адаспайтын жол, айқын да ашық
бағдар көрсетті. Жастарға үлкен міндеттер, зор
жауапкершілік жүктеп отыр. «Қазақстанның
болашағы жастардың қолында» деп бізге
сенім артады. Осыны біле отырып «Біз елімізге
қандай жақсылықтар әкеледі екенбіз?!» де-
ген ой толғантады. Ал, осы сұраққа тек білім
арқылы, көп іздену арқылы жетуге болады. Ел
басшысының жас ұрпақ болашағына алаңдауы,
сол жас ұрпақ «Қандай заманда өмір сүреді?»
деп ой жіберіп біз үшін қам жеп, біздің ертеңімізді
ойлауы ақылдылық пен даналыққа жатады.
Бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жастар
үшін, олардың келешегі үшін өнімді жұмыс жасап
жатыр. Соның айқын дәлелі «Дипломмен ауылға»
бағдарламасы ауылда тұрақты еңбек жасайтын
білімді жастар санатына деген қамқорлықтың
бір парасы. Менде осы бағдарламаның аясын-
да материалдық және моральдік қамқорлыққа ие
болған жас маманның бірімін. Өзімді бақытты са-
нап, осындай қамқорлыққа мемлекетке қайтарым
ретінде адал жұмыс жасап, күш жұмсаймын,
игілікті істерге бастамашы боламын. Жолдасым-
да қоғам үшін қызмет жасайды, Ернұр есімді
перзентіміз бар және болашағына жауаптымыз.
Биыл Тәуелсіздікке 25 жыл! Мен үшін бұл
ерекше мереке, үлкен бақыт! Өйткені, елімнің
ең жарқын күнімен бірге есейіп, ақылым өсіп,
білімім толығып келеді.
Ұстаздарым мен ата – анамның сенімін ақтап,
Қазақстанның білімді азаматшасы бола отырып,
оның жарқын болашағы жолында жастық жалы-
нымды арнаймын! Әрине, мен өзіме сенемін!
Нағыман ӘЙТЕНОВ
Қазақстан Журналистер Одағының
мүшесі
АЗАТТЫҚТЫң АРАйЛЫ ТАңЫ
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ бақыт, егемендік еркін
өміріміздің кепілі дейміз. Орынды айтылған сөз. Киелі ұғымды бойтұмардай
қастерлегенімізге қанша уақыт өткенін есептесек 25 жыл бұрын нұрлы болашағымызға
ұмтылған елімізді ізгі ниеттілердің қаз тұрған нәрестеге теңегені бүгінгідей есімізде. Қуаныштысы,
арада өткен жылдар белесінде жас мемлекетіміз танымастай өзгерді. Әсіресе, басымыздан
кешірген саяси – әлеуметтік оқиғаларды алсақ, қол жеткен табыстарымызға шын
көңілден қуанарымыз хақ.
Аудандық Әділет басқармасының
базасында «Нұр Отан» партиясы
аудандық филиалы мен басқарма
қызметкерлері бірлесіп «Әділет кеңес
береді» республикалық акция аясын-
да қоғамдық қабылдау өткізді.
Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету,
азаматтық қоғамның ішкі құрылымында
саяси белсенділік қалыптастыру, қоғам
мен билік арасында байланыс алаңын
кеңейту мақсатында өткізілген қоғамдық
қабылдауға «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары
М.Омаров, аудандық Әділет басқармасының
басшысы А.Досымов, аудандық аумақтық
филиалы бөлімінің басшысы-аға сот орын-
даушы Е.Елубайұлы, аудандық жеке сот
орындаушы Ж.Тұңғышбаев, жеке нота-
риус Қ.Назарова, аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
хал актілерін тіркеу бөлімінің әдіскері
Г.Әлімбетова қатысты.
Іс-шара
барысында
қоғамдық
қабылдауға келген тұрғындарға, жеке
және заңды тұлғаларға арнайы құқықтық
кеңестер, сонымен қатар қолданыстағы
заңнамалар
аясында
кеңестер
мен
түсініктемелер берілді.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
Республикалық акция
ҚҰҚЫҚТЫҚ
КөмЕКТЕР БЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23
қазандағы №1131 қаулысының талаптарына сәйкес,
қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу
мақсатында «Амбулаториялық – емханалық қызметі
бар Сырдария аудандық орталық» емханасы, Сырда-
рия аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы,
«Сырдария жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, Сыр-
дария аудандық ішкі саясат бөлімдерімен меморандум
жасалды.
Меморандум негізінде Сырдария аудандық ішкі са-
ясат бөлімі мен Сырдария аудандық пробация қызметі
бірлескен жұмыс жоспарын бекітіп тиісті жұмыстар
жүргізуде.
Бірлескен жоспар негізінде бекітілген мәдени,
спорттық-сауықтыру шараларына қатысуға және
әлеуметтік-психологиялық кеңестер алу үшін 22-
7-16 аудандық пробация қызметі немесе 21-3-81
аудандық ішкі саясат бөлімінің сенім телефондары
арқылы мәлімет ала аласыздар.
Өткізілетін шараларға белсенділік танытуға
шақырамыз!
№
Іс-шара атауы
Уақыты
Ұйымдастыруға жауапты
1
Сырдария ауданы бойынша пробация қызметінің
есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты
емес қылмыстық жаза түріне сотталғандарды оңалту
мақсатында психологтардың қатысуымен кездесу өткізу;
Қыркүйек,
2016 жыл
Сырдария ауданы бойынша пробация қызметінің
инспекторы-
Ш.Идрисов,
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің
әдіскері-
Ғ.Оралов
2
Жасы 30 толмаған пробация қызметінде тіркеуде тұрған
азаматтар арасында дойбыдан(шашка) жарыс өткізу,
(шараның мақсаты: сотталғандардың бос уақытын
тиімді пайдалану )
Қазан,
2016 жыл
Сырдария ауданы бойынша пробация қызметінің
инспекторы-
Ш.Идрисов
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің
әдіскері-
Ғ.Оралов
3
Тереңөзек кенті орталығындағы №35, №36 мектеп
лицейінде оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылықтардың
алдын алу мақсатында түсіндірме сабақтарын өткізу;
Қараша,
2016 жыл
Сырдария ауданы бойынша пробация қызметінің
инспекторы-
Ш.Идрисов
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің
әдіскері-
Ғ.Оралов
4
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу
мақсатында дайындалған ақпараттық брошюркалар
дайындау және тарату;
Желтоқсан,
2016 жыл
Сырдария ауданы бойынша пробация қызметінің
инспекторы-
Ш.Идрисов
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің
әдіскері-
Ғ.Оралов
СЫРДАРИя АуДАНДЫҚ ІШкІ САяСАТ БөЛІМІ ЖӘНЕ СЫРДАРИя АуДАНДЫҚ
пРОБАцИя ҚЫзМЕТІМЕН БІРЛЕСкЕН ЖҰМЫС ЖОСпАРЫ
АуДАН БОЙЫНША БАС БОСТАНДЫғЫНАН
АЙЫРу ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛғАНДАР ЖӘНЕ
пРОБАцИя ҚЫзМЕТІНІң ЕСЕБІНДЕ ТҰРғАН АзАМАТТАРғА
Достарыңызбен бөлісу: