95
зерттеу сұрағы
Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген
дәуірі деп саналады?
Оқулық
ХІХ ғасырдағы қазақтың ән-саз өнері 175–177 беттер.
Тірек сөздер: Әнші, рухани мұра.
ресурстар
Қазақтың этнографиялық категориялар,
ұғымдар мен атауларының
дәстүрлі жүйесі. 5 томдық. Алматы, 2011-2014.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.
Көрнекілік
Фотослайд, ХІХ ғасыр әнші композиторларының суреттері.
Мақсатты айқындау
ХІХ ғасыр композиторларының шығармаларындағы
өмір қайшылығы,
тұрмыс-тіршіліктің боямасыз көрінісі, қоғам өмірінің маңызды әлеуметтік
мәселелері, адамдардың күнделікті тұрмысындағы оқиғалар,
махаббат,
қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны айқын бейнеленгенін жеткізу. Біржан
сал
Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы,
Сегіз сері, Жаяу Мұса,
Мұхит
Мералыұлы, әндерінің желісінде өздері өмір сүрген қоғамның тыныс тірші-
лігінің көрініс тапқандығын жеткізу.
Дамытушылық маңызы
. ХІХ ғасырдың әнші композиторларының
шығармаларымен таныстыру арқылы
қазақ халқының орындаушылық
мәдениетін, рухани мұрасын құрмет тұтуға, шығармашылық ой-саналарын
арттырып, қабілеттерін шыңдауға, өнер мен білімге деген құштарлықтарын,
осы тақырыпты ғылыми зерттеу жұмысына алу мақсатын дамыту.
Тәрбиелік маңызы
. ХІХ ғасырдың әнші композиторларының шығарма-
ларымен танысу оқушыларды мәдени мұрамызды, рухани байлығымызды,
халық мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді, эстетикалық талғамын “тұлғатанулық”
танымын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: