8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет101/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Мақсатты айқындау
Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойына ұрпақтан ұрпаққа 
жетіп отырған мәдени мұра. Оның домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, 
үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген, сырнай, бұғышақ, шың, шаңқобыз, 
сырнай, сазген, желбуаз, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, 
дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан, тайтұяқ 
сияқты түрлерімен, қолданыс аясымен, жасалу жолдарымен таныстыру. 
Музыкалық аспаптардың күрделілігі, бірегейлілігімен таныстыру. 
Дамытушылық маңызы.
ХІХ ғасырдағы музыка аспаптарының түр лері-
мен, оның құрылымымен, қолданыс аясымен таныстыру арқылы оқу шыларды 
өнерге баулу. Оқушылардың қазақтың музыкалық аспап тарының бірін үйреніп 
алуға деген құштарлық сезімін дамыту, қалыптастыру. 
Тәрбиелік маңызы. 
Оқушылардың эстетикалық талғамын, логикалық 
ой-жүйесін қалыптастырып, шығармашылыққа баулу. Еңбекқорлыққа, 
патриоттыққа тәрбиелеу. 
сабақтың деректік материалдары
Ықылас Дүкенұлы атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар 
мұражайының экспозиция мен қор материалдары негізінде халық музыка 
аспаптарының классификациясымен танысу (мұражай сайты). 
Қазақтың ұлттық музыка аспаптарына қатысты зерттеулер мен жаз балар.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары халық арасына таралуы ертеден 
басталған. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан. 
Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, әуені мен саздылығы, 
өзіндік орындаушылық дәстүрі бар. Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен 
тіршілік тынысын, табиғат сұлулығын тебіреніп, көңілінен шыққан туын-
дыларын музыкалық аспаптар арқылы бейнелеп берді. Күй жанрларында 
халықтың өткендегі өмірі мен тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, 
арман тілегі, туған жерге деген махаббатын толғаған.
Музыка аспаптары кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыс-
тан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасаған.
Қазақтың музыкалық аспаптары ішекті (жетіген, шертер, домбыралар, 
қобыз), үрмелі (қамыс және мүйіз сырнайлар, адырна, сыбызғы, ұран, кер-
ней), шалып ойнайтын (шаңқобыз) және соқпалы (даңғыра, дауылпаз, дабыл, 
асатаяқ) болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет