8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


дерек:  Домбыраның құрылысы Бас



Pdf көрінісі
бет102/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

дерек: 
Домбыраның құрылысы
Бас. Құлақтарды отырғызу үшін жасалады да, мойынға кіріктіріле бе-
кітіледі. Кейде тұтас ағаштан мойнымен бірге шабылады. Әдеттегі дом-
быралардың басы түрлі тұрпатта, міндетті түрде құлақ кіргізілетін екі немесе 
үш-төрт тесікті етіп жонылады. 
Құлақ. Ішекті тартып, босату және аспапты күйге келтіру қызметін 
атқарады. Қатты ағаштан жасалады.
Шайтантиек (бас тиек). Бас пен мойын түйіскен жерде орналасқан. Ішек-
терді мойыннан белгілі бір қашықтықта көтеріп тұру және бір-бірінен алшақ 
аралықта ұстап тұру қызметін атқарады.


98
Мойынғақ (мойынбет, сызғыш деп те аталады) – перне тағу арқылы 
дыбыстардың орнын анықтап, дөп басып ойнауға арналған негізгі бөлшектің 
бірі. Иілмейтін қатты ағаштардан жонылады. Оның иілмеуі домбыра
бөлшектерінің қалыптасқан өлшемдерінің ауытқымауына әсер етеді. Мой-
ынғақ мойынның бет жағына, 5-6 мм қалыңдықта жапсырылады.
Мойын. Құрастырылып жасалатын домбырада бас, шанақ және қақпақ 
желімделіп, бекітілетін; үстіне мойынғақ жапсырылатын; перне байланатын 
немесе отырғызылатын бөлшек. Тұтас ағаштан шауып жасалатын домбыра-
да шfнақпен, баспен біртұтас болады. Тартылған ішектің қысымына төтеп 
беретін ең жауапты бөлшек болғандықтан, бұл да қатты ағаштан жасалады.
Шанақ. Ішектен шыққан дыбысты қайта жаңғырту қызметін атқарады. 
Шанақ тұтас ағаштан шауып жасалады. Сондай-ақ бірнеше қауыншақтан 
(тілшеден, шанақшадан) құрастырылады.
Қауыншақ (немесе тілше, шанақша). Бір ұшы тұғылға, ал екінші ұшы 
тұғырға желімденеді. Арнайы қалыптың көмегімен құрастырылады. Бәрі 
дерлік бір текті қатты ағаштан жасалады. Домбыра көлеміне қарай саны да 
өзгеріп отырады.
Тұғыр (мойын-тұғыр). Шанақшалардың бір ұшын және қақпақтың жі ңішке 
басын ұстап тұру қызметін атқарады. Мойынның жуан басы қауын шақтардың 
және қақпақтың бір ұшы орнығатындай етіп кертіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет