88 жалпы орта білім беретін мектеп Тәрбие сағаты Тақырыбы



Дата23.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#120622
түріСабақ

88 жалпы орта білім беретін мектеп

_____ Тәрбие сағаты_______
Тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам»


Сыныбы: 7 « Д»
Сынып жетекшісі:Акылбекова А.О


Мектеп:

№88жоббм

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Акылбекова А.О

Күні:

2.10.23

Сынып: 7Д

Қатысушылар

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Қарттарым асыл қазынам

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

Психологиялық ахуал туғызу
Қарттар күні құтты болсын,
Қариялар, денсаулығың мықты болсын.
Отбасың,бала-шағаң аман болып, Жастарға мызғымастай бақыт қонсын!
«Допты қағып ал» әдісі бойынша допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алу, назарларын сабаққа аудару, қызығушылықтарын туғызу.



Жұмбақты шешеді

Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.



ҚБ
Мадақтау, қолдау

доп

Сабақтың ортасы
20 минут

1-қазан қарттар күні мерекесі
Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.
1. Айару
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі-соқпақ,сөзі-нәр.
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты

2. Мақсат
Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып әнмен тіл бердің.
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!

4. Томирис
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі –
Үлкендерге «Сіз» деген.

ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»


ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Смайликтер тарату





Слайд, видеоролик, плакаттар
https://www.youtube.com/watch?v=sr-obOBpwU0
Суреттер
Мәтін



10минут

Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?


Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?


Қолында ауыр сөмкелері бар қария жолдан өте алмай тұр. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?


Көшеде сенімен сөйлескісі келіп, бір қария әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?


Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?


Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?





Жағдаяттан шығу жолдары (Карточкаларды алып өзекті мәселелер туралы ой қозғау, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын ойлап табу)
Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасйды.
Ой қозғау.
Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе?






Плакат

стикерлер



Сабақтың соңы
5 минут

Сабақты қорыту.
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!



Өзара келіскен жест бойынша кері байланыс береді.
Кестені толтырады

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату

Стикерлер қалам


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет