89. Лимфа түйіндері,құрылысы,функциясы. Лимфалық жүйенің жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі рөлі


Эпифиз. Гипофиз. Курылысынданы ерекшеліктерді кесте аркылы керсетініз. Ор гормонга сипаттама берініз



бет6/9
Дата17.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#57763
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
сессия адам

95. Эпифиз. Гипофиз. Курылысынданы ерекшеліктерді кесте аркылы керсетініз. Ор гормонга сипаттама берініз.
Эпифиз (шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
96. Ішкі секрециялык бездерінін өсу, даму, зат алмасуданы маңызы, жасқа сай ерекшеліктері.
Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.[1] Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін.
Гипофиз немесе мидың төменгі қосындысы: ми сыңарларының астыңғы жағында, түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан. Аралық мыймен жұмысы да, әрі құрылысы жағынан да ете тығыз байланыста келеді. Оның орташа салмағы 0,7 г. Гипофиз сыртын қатты ми қабығы жауып өтеді, оның өзі алдыңғы, артқы және аралық деп аталатын үш бөліктен тұрады. Бұл үш бөлігі үш түрлі без тәрізді қызмет атқарады.

Гипофиздің көлемі өте кішкентай болғанымен, қызметі өте күшті әрі әрқилы келеді. Оның әрбір бөлікшесі жеке без маңызын атқарып, жалпы қанға 20-дан аса гормон бөледі. Мұның алдыңғы бөлігі адамның жалпы дамуына, өсуіне әсер етеді. Сонымен қатар басқа ішкі секрециялық (қалқанша, бүйрекүсті және жыныс) бездерінің жұмысын реттейді.



Ересек адамның гипофизі ісік ауруына ұшырап, қызметі өзгерсе, акромегалия дейтін науқасқа тап болады. Ол жағдайда адамның бет сүйектері, төменгі жақ сүйектері, қол, аяқ басының сүйектері әдеттен тыс өсіп, дене сыны бұзылады. Ал егер гипофиз қызметі баланың жас кезінде өзгерсе, соматотропты гормон қанға көп бөлінсе, бала алып болып, әдеттен тыс өседі. Егер осы гормон қанға өте аз белінсе, аласа бойлы, яғни ерге-жейлік қалыпта қалады. Осы ауруға 16 жастан кейін душар болса, бойы дұрыс өскенмен, жыныстық жетілуі артта қалады. Бірақ ми қызметтері ергежейлілерде де кемімейді.
Эпифиз (мидың жоғарғы қосалқысы)—аралық мидың таламус бөлігінің үстінде, III қарыншаның арт жағында, төрт төмпешік үстінде орналасқан. Ұзындығы 7—10, көлденеңі 5—7 мм, бұл без жасөспірім балада ересек адамға қарағанда ірілеу келеді. Өсіп-даму жағынан кемелді көлеміне 7 жасқа таман жетеді.
Қалқанша бездің атқаратын қызметіне байланысты өтетін аурулық жағдайды екіге бөледі. Гиперфункция немесе қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормонның көп бөлінуі. Гипофункция керісінше қызметінің нашарлап, гормонының аз шығуы. Оның қызметінің жеткіліксіздігі баланың ерте жасынан байқалса, бойы өспей, тістері кеш шығып, ми қабілеті төмендейді. Мұндай ауруды «микседема» деп атайды. Оның алғашқы белгілері баланың 8 айлығында-ақ сезіле бастайды. Ол аурумен ауырған бала 4 жасқа дейін аяғын баса алмайды, бас-аяғы ісініп, шашы түсіп; тілі үлкейіп, түсі сұп-сұр болады. Баланың ақыл-ойы, жыныстық жетілуі нашар дамиды. Бойының аласалығына қарамай салмағы ауыр болады.
Айырша без (вилочковая железа) төстің ішкі жағында жабыса жатады, мұның өзі екі бөліктен түзілген. Бөліктерінің ортасы дәнекер тканімен байланысып отырады. Әрбір бөліндінің жоғарғы жағы сүйірленіп қалқанша безге дейін жетсе, төменгі жағы толықтана келіп, жүрек қапшығына дейін барады. Айырша бездің мөлшері, жұмысы адам жасына қарай өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестеде орташа салмағы 12 г болады. Содан жыныстық жетілу кезінде (14—15 жаста) без жақсы дамып, салмағы 30—40 грамға дейін жетеді. Бұдан әрі бездің өсуі баяулап жұмысы нашарлай бастайды. 60—70 жаста бездің салмағы 6 грамға дейін азаяды. Қәрі адамдарда без тканьдері майға айналып, жұмысы мүлдем жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет