14.06.2014ж. № 23 /7699/
А ќ ќ у ‰ н і
Жалғанда адамдар бір-бірімен дидарласып
көріскенде, «Денсаулығың қалай?» деп
бастайды. Демек, дүниенің жылтыраған бар
байлығына еш бергісіз денсаулықтың қандай
қымбат екенін осы бір қарапайым мысалдан-
ақ байқауға болады.
Денсаулыққа бей-жай, жүрдім-бардым қарау
ақыр соңында орны толмас қиындықтарға
әкеп соғады. Ал денсаулықты реттеуде
медицина қызметкерлерінің, яғни ақ халатты
абзал жандардың, атқарып жүрген жұмысы
маңызды, арқалап жүрген жүгі ауыр.
Халықтың
денсаулығы
жағдайының
жақсы болуы қашанда асқан жауапкершілікті
талап етеді. Мемлекет те бұл бағытта
ешқашан аянып та, тарылып та көрмеген.
Мүмкіндік болған кезде қолдан келгеннің
барлығын жасайды. Шет-шалғай жатқан елді-
мекендерге пойызбен болсын, тік ұшақпен
болсын, автокөлікпен болсын көшпелі ем-дом
шараларын ұйымдастырады үзбей.
Тұрғындар саны сегіз жүзге де жетпейтін
Бесқарағай ауылында фельдшерлік-акушерлік
пункт (ФАП) өз жұмысын дөңгелентіп отыр.
Штатта бас-аяғы бес қызметкер бар. Атап
айтқанда, А.Ахметова – медбике, Р.Қайырбаева
– фельдшер, Г.Бормотова – санитар, Е.Уақбаев
– автожүргізуші және Г.Сальников – күзетші.
ФАП-тың апталық тірлігі қым-қуатқа толы.
Күнделікті қаралып жүретін бесқарағайлықтар
қажетті ем-домын уақытында алып жүреді.
Медбике Алма Ануарқызының айтуынша,
жүрек дертіне шалдыққан һәм жүрек
талмасы бар жиырма жеті тұрғынға және
қан қысымы сырқатына ұшырап жүрген елу
алты бесқарағайлыққа ай сайын тегін дәрі-
дәрмектер беріледі, жіті бақылауда жүреді. Ал
фельдшер Рымкеш Қабиденқызы өз кезегінде
биылғы жылдың сәуір айында облыстық
денсаулық
басқармасының
мұрындық
болуымен автополиклиника келгенін, онда
әр түрлі медицина мамандары екі күннің
ішінде 352 ауыл тұрғынын тексергенін, оларға
тиісті кеңес-нұсқаулар берілгенін, сонымен
бірге мамыр айында облыстық тубдиспансер
тарапынан
жылдағыдай
«Флюкар»
автоқұрылғысы келіп, 154 бесқарағайлықты
рентгенге түсіргенін айтты.
ФАП ішіндегі күндізгі стационарда биылғы
жылдың өзінде 58 адам ем-дом алып
үлгеріпті. Ғимараттағы аптекада қажетті
деген дәрі-дәрмектер ғана қалта көтеретін
бағамен босатылады. Сол сияқты жүктілік
мерзімінде жүрген аяулы жандар, нәрестелі
болған аналар, кішкентай балалар, мектеп
жасындағы оқушылар, егде жасқа жетіп,
созылмалы дерт мазалап жүрген қариялар
әрқашан жіті бақылауда екен. Сайып
келгенде, Бесқарағайдағы ФАП тұрғындардың
денсаулығын бақылауда сапалы қызмет
көрсетуімен ерекшеленеді.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.
2014 ж.
№23 (7699)
ГАЗЕТ 1940 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ШЫҒАДЫ
БЕРЕКЕ. БІРЛІК. ЫНТЫМАҚ.
14
Еркін баға
маусым
сенбі
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын
жүректен құттықтаймыз!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер
мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда
қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының
басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға
заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету
жолында бар мүміндіктер жасалуда.
Құрметті
медицина
қызметкерлері!
Ерен
еңбектеріңізге,
шипалы
алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз
халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен
құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-
жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз.
Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік
асулардан көріне беріңіздер.
Аудандық мәслихат
депутаттары.
ГИППОКРАТ
АНТЫНА БЕРІК
ЖАНДАР ТІРЛІГІ
15 маусым - Медицина қызметкерлері күні қарсаңында
«Өмір дегенде келер шіркін терең ой,
Өмір дегенің өте шыққан бір күн ғой»
М.МАҚАТАЕВ
Адам өмірі – тынымсыз қозғалыста өтіп
жатқан тылсым құбылыс, оның мөлшерін
әркімнің пешенесіне бүкіл әлемді жаратушы
Аллаһтың әмірімен жазып қойған. Оны біз
өлшеулі ғұмыр, уақыт дейміз. Оның өлшемі
– күндер, айлар, жылдар. Онда тоқтау жоқ,
керуен тәрізді жылжи береді.
Міне, осыдан он жыл бұрын Ертістің Лебяжі
өңірінің тумасы, белгілі азамат, партия,
кеңес
органдарының
білікті
қызметкері
Садық Малғаждарұлы Нұрғалиев дүниеден
озды. Ол еңбек жолын қатардағы ұстаздан
бастап, мектеп директорының орынбасары,
шаруашылық партия комитетінің хатшысы,
аудандық мәдениет бөлімінің басшысы,
аудандық газет редакторы болып абыройлы
қызмет атқарды.
Өзінің табиғи талантын, табандылығы
мен қайсарлығын, асқан жауапкершілігі мен
іскерлігін «Восточный» кеншарының партком
хатшысы қызметінде таныта білді. Атақты
жерлесіміз, Тақыр ауылының тумасы, өткен
соғыста ерен ерлік көрсеткен, жоғарғы әскери
академияны бітірген тұңғыш қазақ азаматы,
корпус командирының орынбасары, полковник
Әбілқайыр
Баймолдиннің
есімі
аталған
шаруашылыққа, орта мектепке берілуіне
көп еңбек сіңірген Садық Малғаждарұлы
болатын. Осы жұмыста ол ерекше белсенділік
пен қажырлық көрсетіп, әрбір ұжым мүшесін
тапсырылған міндеттерін ойдағыдай орындауға
жұмылдырды. Оның тікелей бастамасымен
ұйымдастырылған түрлі үгіт-насихат және
ақпараттық шаралар оң нәтиже берді. Ауданда
тұңғыш рет апталық жарыстар жеңімпаздары
құрметіне
арнайы
орнатылған
«Даңқ
жұлдызы» жағылып, олардың отбасыларына
Алғыс хаттар жіберіп отырды. Шаруашылық
басшысы мен Сәкеңнің жанкешті еңбектерінің
арқасында кеңшар ұжымына партия, үкімет
органдарының
ауыспалы
туы
беріліп,
В.Э.Грецингер – Октябрь революциясы, Садық
Нұрғалиев Еңбек Қызыл ту ордендерімен
марапатталды.
Ол жетекшілік еткен аудандық мәдениет
саласында да қыруар жұмыстар атқарылды.
Жасынан өнерге жақын Садық домбырада
әрбір күйді жан-тәнімен, жүрек сезімімен
беріліп
орындағанда
тыңдаушыларын
таңғалдырып, ерекше әсер қалдыратын.
Оның шығармашылық қабілеті аудандық
газет редакторы кезінде айқындала түсті.
Газет бетінде аудан экономикасы, халықтың
әлеуметтік
жағдайлары
туралы
өзекті
мәселелер кеңінен әрі терең талданылып,
салиқалы ой-пікірлер жұртшылықтың көңілінен
шыға білді. Оның жеке ұсынысымен аудандық
газеттің аты «Аққу үні» болып өзгеріп, Лебяжі
ауылы «Аққу» деп аталды.
Біз пендешілікпен оның өлең – жыр
жазатын қабілетін кезінде байқамаппыз.
Достарына, әріптестеріне арнаған әзіл-оспақ
өлеңдері ұтымды, тілі жатық, ойы терең еді.
Оның «Таң суреті», «Анама», «Ақсақалдар,
армысың» атты өлеңдері «Сарыарқа самалы»
газетінде жарық көрді. Өкінішке орай, оның
біршама өлең-жырлары сақталмағандықтан,
жинақталып шығарылмай қалды. Оның мына
өлең жолдары анаға деген ыстық сезімін,
балалық борышы мен перзенттік парызын өте
әсерлі паш етеді.
«Кешір ана! Борышың көп мойнымда,
Сенің әрбір ақыл сөзің ойымда.
Сенің ыстық, ана, жанды құшағың,
Мәңгілікке сақталады бойымда».
Десек те, орнында бар оңалар дегендей,
немересі Наржан Павлодар педагогикалық
институтының
филология
факультетінің
студенті, атасының жолын қуып, ұстаз болуды
ұйғарып, шығармашылық саласында алғашқы
қадамдар жасап жүргені көңілімізге медет. Адал
жары Бақыт Шаяхметқызы, Ержан мен Айгүл,
келіні Зайра, күйеу баласы Мұрат, немерелері
Айгерім, Наржан, Нұргүл Садық марқұмның
шаңырағының отын маздатып, береке-бірлігін
нығайтып отырғаны баршамызға аян. Марқұм
жаратылысында адалдығы мол, тумысында
турашылдығы ерекше, тәрбиесінде мінезділігі
тартымды, азамат еді. Ой-пікірін тайсалмай
жеткізетін қайсарлығы баладай аңқау, сәбидей
сенгіш, иланғыштығымен ұштасып, оның
тұлғасын толықтыра түсетін.
Досымыздың
жарқын
бейнесін
еске
алып, марқұмға иман байлығын берсін, ал
ұрпақтарына зор бақыт, ұзақ өмір тілейік.
Кезінде өзі жырға қосқан Лебяжінің «саз
батпағы» мамықтай жұмсақ болғай!
Қадыр ӘЖІМҰРАТҰЛЫ.
Жарқын бейнең
жадымызда
Тағзым
Қазақстан Республикасы қоршаған
орта және су ресурстары Министрлігі
бастамасына
сәйкес
Белорусь
Республикасы, Ресей Федерациясы
сынды Кедендік Одақ елдерімен
бірге ауданымызда 5-маусым -
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау
күніне орай тазалық акциясы өтті.
Аумақты
тазалау
жұмысы
елді-мекендердегі
саябақтарда,
гүлзарларда, сонымен қатар осы
аумаққа қатысты жалпы көлемі
35,522
шаршы
метр
болатын
шомылатын
алаңда
жүргізілді.
Аталмыш тазалық акциясына 1913
адам қатысты. Оның ішінде 51 ұйым
мен аудан жұртшылығы, 15 бірлік
техникасы жұмылдырылып, 43 тонна
қоқыс арнайы алаңға шығарылды.
«Дүниежүзілік қоршаған ортаны
қорғау» тақырыбын арқау еткен іс-
шара қоршаған орта саласындағы
білімді
еселеуге,
халықтың
экологиялық мәдениетін дамытуға,
қоғамды экологиялық мәселелерге
жұмылдыруға, сондай – ақ, Кедендік
Одаққа
мүше
мемлекеттердің
табиғатты қорғау ведомстволарының
ынтымақтастығын нығайтуға жағдай
жасап, осы бағыттағы күштерді
үйлестіруге мүмкіндік береді.
С.Халемов, тұрғын үй –
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің
басшысы.
Т а з а л ы қ а к ц и я с ы ө т т і
Тазалық
14.06.2014ж. № 23 /7699/
А ќ ќ у ‰ н і
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасының басты мақсаты елiмiздiң
орнықты
әлеуметтiк-демографиялық
дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан
азаматтарының денсаулығын жақсарту
болып
белгіленгендігі
белгілі.
Ал
аталмыш
бағдарламаның
міндеттері
болып азаматтардың денсаулығын сақтау
және
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылықты
қамтамасыз
ету
мәселелерi бойынша сектораралық және
ведомствоаралық
өзара
iс-қимылды
күшейту, Бiрыңғай ұлттық денсаулық
сақтау жүйесiн дамыту және жетiлдiру,
медициналық және фармацевтикалық
бiлiмдi жетiлдiру, медицина ғылымын және
фармацевтикалық қызметтi дамыту болып
табылады.
«Саламатты
Қазақстан»
бағдарламасын іске асыру мерзiмi екі
кезеңнен тұрады. Бiрiншi кезеңі 2011 - 2013
жылдарды, ал екіншісі 2014 - 2015 жылдар
аралығын қамтиды.
Денсаулық
сақтау
саласының
нәтижелерін анықтайтын негізгі нысаналы
индикаторлар да бар. Олар халықтың
күтiлiп отырған өмiр сүру ұзақтығының
2013 жылға қарай 69,5-ке дейiн, 2015
жылға қарай 70 жасқа дейiн ұлғайту, ана
өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туылғандарға
шаққанда 2013 жылға қарай 8,1-ге
дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейiн
төмендету,
нәресте
өлiм-жiтiмiнiң
1000 тiрi туылғандарға шаққанда 2013
жылға қарай 14,1-ге дейiн, 2015 жылға
қарай 12,3-ке дейiн төмендету, жалпы
өлiм-жiтiмнiң 1000 адамға шаққанда
2013 жылға қарай 8,14-ке дейiн, 2015
жылға қарай 7,62-ге дейiн төмендету,
туберкулезбен науқастанғандарды 100
мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай
98,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 94,7-ге
дейiн төмендету, 15-49 жас аралығындағы
жас
тобында
ЖИТС
(жұқтырылған
иммун
тапшылығының
синдромы)
инфекциясының таралуын 0,2 - 0,6 %
шегiнде ұстау.
Былтырғы
жылы
нысаналы
индикаторлар
аудан
көлемінде
оң
өзгерістерге ие болды деп айтуға әбден
болады. Мысалыға, нәрестелер өлiм-
жiтiм көрсеткіші 1000 адамға шаққанда
2 есе, жалпы өлім-жітім көрсеткіші
6,7%-ға , туберкулезбен ауыратындар
көрсеткіші 9,9 % -ға төмендеді. Былтыр
туберкулезбен сырқаттанған жалғыз адам
тіркелсе, 2014 жылдың 1-тоқсанында
бұл дертке шалдыққан адамдар мүлдем
болған жоқ. Туберкулез ауруы себебінен
салыстырылып
отырған
2
жылдың
алғашқы 3 айында да өлім фактісі жоқ.
Бағдарлама бойынша алға қойылған
мақсаттарға жетудің негізгі бағыттары да
белгілі болды. Бірінші бағыт бойынша,
азаматтардың
денсаулығын
сақтау
мәселелерi
қарастырылған.
Онда
сектораралық және ведомствоаралық
өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру
мәселелері қамтылған. Саламатты өмiр
салты және мiнез-құлық факторларымен
түсiндiрiлген әлеуметтiк мәнi бар аурулар
деңгейiн төмендету. Халықтың санитарлық-
гигиеналық сауатын көтеру, әр адамның өз
денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру
арқылы аурудың алдын алу шаралары
мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
азаматтардың
денсаулығын
сақтау
қағидаларының негізі болып табылады.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек
көрсету ұйымдарында салауатты өмір
салтын насихаттау бекітілген нормаларға
(стандарттарға) сәйкес жүргізілуде. Осыған
байланысты барлық емдеу ұйымдарының
«Денсаулық мектептерінде» науқастармен
дәрістер жүргізілді.
Жыл сайын аудан көлемінде дәстүрлі
«Денсаулық фестивалі» аясында және
«Денсаулық жолы» акциясы бағытында
түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Сол сияқты салауатты өмір салтын
насихаттау мақсатында ашылған аудандық
газеттің бетінде «Денсаулық бұрышы»
айдары бар. Онда арнайы дайындалған
медиа-жоспарға сәйкес апта сайын аудан
дәрігерлерінің салауатты өмір салтын
қалыптастыру бағытында дайындаған
әртүрлі
тақырыптағы
мақалалары
жариялануда.
Аудан
медицина
қызметкерлері
облыстық
салауатты
өмір
салтын
қалыптастыру орталығының күнтізбелік
жоспарына сай жыл сайын өткізілетін
жүрек-қан тамырлары, онкологиялық,
жұқпалы-паразитарлық, жыныс жолымен
берілетін аурулар, туберкулез ауруы мен
жарақаттардың алдын алуға арналған
айлықтар мен онкүндіктерге қатысады.
Тұрғындар
арасында
саламатты
өмір салтын қалыптастыру мақсатында
денсаулық сақтау мекемелерінде «Ашық
есік күндері» де ұйымдастырылады.
Темекiнi және алкогольдi шектен
тыс тұтынудың таралуын төмендету
бағытында 4 семинар-тренинг, 15 лекция
және 128 тренинг ұйымдастырылды.
Мектеп
жасындағы
210
баланың
қатысуымен 5 бейнетаспалы фильм
көрсетілді.
Денсаулық
бұрыштары
жаңартылып, 10 санитарлық бюллетеньдер
шығарылды. Ақпараттық-білімдік маңызы
бар 86 буклет пен 350 парақшалар
таратылды. «Аққу үні» аудандық газетінде
шылым шегу мен маскүнемдіктің алдын алу
тақырыптарында 2 мақала жарияланды.
Темір
тапшылығына
байланысты
анемия ауруымен науқастанғандардың
көрсеткішін төмепндету үшін халық
арасында дұрыс тамақтануды дәріптеу,
жүкті әйелдер мен балаларды құрамында
темірі бар дәрілік заттармен қамтамасыз
ету және салауатты өмір салтын насихаттау
бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізіліп
келеді.
Ал екінші бағыт бойынша, негiзгi
әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және
жарақаттардың алдын алу шараларын,
скринингтiк
зерттеулерiн
күшейту,
диагностикасын емдеу және оңалту
мәселелерін насихаттайды. Халықтың
денсаулығын одан әрi нығайту және
негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен
жарақаттардың деңгейiн төмендетуді де
қарастырады.
ҚР статистика Агенттігінің мәліметтеріне
сәйкес 2013 жылы нәрестелердің 1000 тірі
туғанға шаққанда өлім-жітімі есепті кезеңде
3,3 пайызды немесе ол 1 баланы құрайды.
Облыс денсаулық сақтау басқармасының
шұғыл ақпараттары бойынша нәресте
өлім-жітімі жағдайы ауданда өткен жылы
тіркелген жоқ. Үстіміздегі жылы 1 жасқа
дейінгі нәресте өлім-жітімінің 1 жағдайы
тіркелді. Оның себебі – іштен туа біткен
ауытқу салдары. Перзентханада туа
салысымен бірнеше минуттан соң көз
жұмды. Аталған жағдай толық аудандық
аурухана мен облыс денсаулық сауқтау
басқармасы деңгейінде талқыланды.
Бұл көрсеткішті осы деңгейде сақтау
және жетілдіру бағытында жұмыстар
одан әрі жалғасуда. Ауданда нәресте мен
перинаталды өлім жайттарын төмендетуге
бағытталған
іс-шаралар
жоспары
қабылданған, онда жүкті әйелдерді
бақылау (оларды ерте есепке алу, толық
клиникалық тексеруден өткізу, «қауіпті
топтағы» жүктілермен жұмыс жүргізу,
жүктілікті жалғастыру туралы мәселелерді
уақытында шешу, баланың ерте тууының
алдын алу, шарананы антенаталды
қорғау көзделген), бала туу жасындағы
әйелдермен жұмыс (отбасын жоспарлау,
жүктілікке
абсолюттік
медициналық
қауіптері бар, перинаталды кезеңде
нәрестелері шетінеген, әлеуметтік-сәтсіз
отбасындағы әйелдер топтарын бөлу,
босанудан кейінгі оңалту т.б.) көзделген.
Одан басқа бұл іс-шаралар жоспарында
туған нәрестенің денсаулығын қорғау
бағытындағы
істер
де
қамтылған
(уақытында патронаж жасау, 1 жасқа дейінгі
балаларға, әсіресе «қауіпті топтағыларға»,
жүйелі түрде бақылау жүргізу, сәбилерді
дұрыс тамақтандыру).
2013 жылы есепке алынған 211 жүкті
әйел ішінде 1 әйелдің жүктілікке абсолютті
медициналық қауіптері бар болса, ал
17 әйелдің жүктілікке салыстырмалы
медициналық қауіптері болды. Олардың
барлығы облыстық перзентханада сәтті
босанып, отбасыларына оралды.
Биылғы жылдың басында есепке
сәйкес аудандағы бала туу жасындағы
әйелдер арасында 170 әйелдің жүктілікке
абсолютті медициналық қауіптері бар
(5,1%) және 540 әйелдің жүктілікке
салыстырмалы медициналық қауіптері
тіркелген (16,1 %).
Жүкті,
жүктілікке
абсолюттік
медициналық
қауіптері
бар,
экстрагениталды жүйелерде науқастары
бар
әйелдер
мен
әлеуметтік-сәтсіз
отбасындағы әйелдер арасында үнемі
мониторинг жүргізіледі. Әрбір он күн сайын
ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың
дәрігерлері орталық аудандық ауруханаға
жүктілікке
абсолюттік
медициналық
қауіптері бар әйелдердің тізімін және
олармен жүргізілген жүктіліктің алдын алу
істері жайында ақпарат беріп отырады.
Жасөспірімдер
арасындағы
күтпеген
жүктіліктің алдын алу, одан сақтану жолдары
туралы жүргізілетін санитариялық-ағарту
жұмыстары жалғасуда.
Ауданда жарақаттанумен, уланумен
тіркелгендердің көрсеткіші 2013 жылы
2012 жылмен салыстырғанда 42,3 %-
ға өскен. Осы себептерден өлім-жітім
көрсеткіші соңғы екі жылда бір деңгейде.
Осы көрсеткіштердің жақсаруына жедел
және шұғыл медициналық көмек көрсету
пунктінің
материалдық-техникалық
қамтамасыз етілуін, ондағы медицина
мамандарының біліктіліктерін жетілдіру,
балалар мен жастар арасында жол
апатының, тұрмыстық жарақаттанудың
алдын алу мақсатындағы айлықтар мен
онкүндіктердің өткізілуі оң әсерін тигізуде.
Қан айналым жүйесiнiң ауруларымен
науқастанғандардың
көрсеткіші
2013
жылы 2012 жылмен салыстырғанда 24,8%
өскен, алайда қанайналым жүйесiнiң
ауруларынан
өлiм-жiтiмнiң
көрсеткіші
44,1% төмендеді.
Өткен жылы ауданда қатерлі ісікпен
тіркелгендердің көрсеткші 2012 жылмен
салыстырғанда 9,8 %-ға, ал соның
салдарынан мерт болғандардың көрсеткіші
17,7 %-ға өскені белгілі болды. Алайда ол
аурулардың асқынған түрімен (аурудың
IV сатысы) ауырғандардың үлес салмағы
2012 жылғы 28,6 % -дан өткен жылы
21,7%-ға немесе 24,1 %-ға төмендеді.
Осы
көрсеткіштерді
тұрақтандыру
мақсатында да алдын алу шаралары
бастапқы
медициналық-санитариялық
көмек көрсету деңгейінде жалғасын
табуда. Есепте тұратын науқастарды тегін
босатылатын дәрілермен қамтамасыз
ету, ауруларды уақытында анықтау үшін
скринингтік медициналық тексерулерді
жүргізу
және
аудандық
медицина
ұйымдарының материалдық-техникалық
базасын нығайту үнемі назарда.
Скринингтік тексерулерден 2013 жылы
10206 адам, оның ішінде 6840 ересектер
және 3366 жасөспірімдер мен балалар
өтті. Барлығы 838 ауру түрлері анықталды
(ол тексерілгендердің 8,2 %), олардың
ішінде 588 адам диспансерлік есепке
алынды (бұл анықталғандардың 70,2%),
сауықтыру шараларымен 791 адам
қамтылды (94,4 %).
Үстіміздегі
жылы
да
скринингтік
тексерулер ересек адамдар және балалар
мен жасөспірімдер арасында өтеді.
Үшінші
бағыт
санитариялық-
эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiруді
көздейді.
Өткен жылы ауданда қызылша-
мен,
паротитпен,
полиомиелитпен,
қызамықпен,
дифтериямен,
сірес-пе
аурымен науқастанғандардың жағдайлары
тіркелген жоқ. Жедел ішек ауруымен және
туберкулезбен
сырқаттанғандардың
көрсеткіштері
едәуір
төмендегені
байқалды. Аудан аумағында жедел ішек
ауруларының ошақтары мен жаппай астан
улану жағдайлары да тіркелген жоқ.
Көкжөтел,
дифтерия,
сіреспе
ауруларын алдын алуға байланысты екпе
жұмыстары 1 жасқа дейінгі балалардың
99 %-ын қамтыса, ал қызылша, қызамық,
эпидемиялық
паротит
ауруларына
қарсы екпемен 100 % баланы қамтыды.
Осындай екпе жұмыстары 6 жастағы
балалардың 100 %-ын да қамтыды.
Мектеп
алды
даярлық
топтағы
6
жастағылар туберкулезге қарсы қайтадан
51 %-ына егілді. Дифтерия ауруына қарсы
егу 12 жастағылар арасында 96 %, ал 16
жастағылар арасында 94 % жүргізілді.
Аудандағы
барлық
медицина
мекемелерінде
ЖИТС-инфекциясына
сапалы да жасырын консультативтік
және тестілік тексерулерге мүмкіндік
бары себебінен 15 - 49 жас аралығын-
дағы тобында ЖИТС-инфекциясының
таралуын 0,1 % шегiнде ұстауға мүмкіндік
туды. Орталық аудандық ауруханасының
сенім кабинетінде ЖИТС-инфекциясын
шұғыл анықтау мүмкіндігі бар. Жыл бойы
985 адам тексеруден өтті. Аудан бойынша
осы инфекциямен ауыратындар саны 13
–ке тең болды.
Төртінші бағыт тиісінше бiрыңғай
ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнде
медициналық көмектi ұйымдастыруды,
басқару мен қаржыландыруды жетiлдiруді
қамтиды. Сол сияқты медициналық көмек
көрсетудiң тиiмдi және қолжетiмдi жүйесiн
құруға бағытталған.
Жыл сайын аудандық денсаулық
сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі
өсуде. 2013 жылы облыстық бюджет
қаражаты есебінен 264075,3 мың теңге
сомасында (2012 жылы – 250623,0 мың
теңге) қаржыландыру қарастырылды. Бұл
қаржыландыру көлемінің 5,1 %-ға өсуін
аңғартады.
Қаржыландырудың
глобалдық
бюджетке ауысуына байланысты жан
басына шаққандағы тариф көлемі 2012
жылғы 501 теңгеден есепті жылда 1394
теңгеге дейін өсті (64 %).
Емделуге науқастардың медициналық
ұйымды еркін таңдауы үшін ОАА-да
емделуге жатқызу бюросы порталының
жұмысы қалыпты жағдайда жүргізілуде.
Өткен жылы аталған портал арқылы
біздің ауданнан 610 науқас облыстық
емдеу мекемелеріне жіберілді. 580 науқас
емделуге жатқызылса, өзінің наразылығын
білдіріп, емделуге бармаған 30 адам
порталдан алынып тасталды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша
емделуге жатқызу бюросы порталының
жұмысына, медициналық көмектің сапасы
мен
қолжетімділігіне
тұрғындардан
нақтыланған шағымдар тіркелген жоқ.
Тұрғындарға
мамандарылған
медициналық көмектің қолжетімділігін
қамтамасыз ету үшін орталық аудандық
аурухана мамандары да өткен жылы
29 рет елді - мекендерге шығып,
1287 адамды қабылдады. 2013 жылы
облыстық диагностикалық орталық
мамандарынан
құралған
дәрігерлер
тобы 10 адамды (Ұлы Отан соғысы
ардагерлері мен оларға теңестірілгендер
санатындағыларды) қабылдаса, облыс
балалар ауруханасынының дәрігерлері
54 баланы тексеруден өткізді. Одан басқа
жылжымалы
медициналық
кешеннің
мамандары ауданның барлық елді -
мекендерінде қызмет көрсетіп, 4343
адамды, олардың ішінде 885 баланы,
қарады. Бұл жұмыстар алдағы жылдары
да жалғаса бермек.
«Саламатты Қазақстан» бағдарла-
масының
бесінші
және
алтыншы
бағыттарын іске асыру іс-шаралары
республикалық деңгейде жүргізіледі.
Ал биылғы 2014 жылы атқарылатын
негізгі
іс-шаралар
бағыттары
ҚР
денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011-2015
жылдарға
арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасы
аясында
халыққа
медициналық қызмет көрсетуді одан
әрі жақсарта отырып, аудан халқының
денсаулығын нығайту мен денсаулық
сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінің
екінші кезеңін іске асыру арқылы
амбулаторлық-емханалық көмек көрсету
сапасын жақсартуды іске асыруды
көздейді.