«8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Қуанышев абылайхан асылбекұлының жоғары оқу орнындағы тәрбие сағаты



Дата10.05.2023
өлшемі16,29 Kb.
#91522
Байланысты:
Тәрбие сағаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

«8D02304 – Әдебиеттану»
мамандығының 1-курс докторанты 

ҚУАНЫШЕВ АБЫЛАЙХАН АСЫЛБЕКҰЛЫНЫҢ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ЖҰМЫСЫНЫҢ 


Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы С Ы


Алматы, 2023 жыл
Тәрбие сағатының жоспары
Топ: 202 Курс: 2
Өткізілетін күні: 23.02.2023
Өткізілетін жері: М.Әуезов атындағы ұлттық драма
Театры «Ай мен Айша» қойылымы
Тәрбие сағатын өткізуші: «8D02304 – Әдебиеттану»
мамандығының 1-курс докторанты
А.А. Қуанышев. 
Практика жетекшісі: аға оқытушы П.Қ. Бисенбаев
Тақырыбы: Театр – тәрбие құралы
Мақсаты: Рухани тәрбие – білімгерлерді рухани ұғым, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Білімгерлер оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, оқығанды талқылау процесінде іске асырғанда рухани құндылықтар олардың әлеміне айналады.


Тәрбие сағатының өткізілу реті.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы. Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды. Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Қанымызға сіңген құндылықтар құлдырамау үшін құлдырамау үшін біз ішкі рухани әлемімізді жақсы шығарма, театр, кино арқылы байытып отыруымыз керек. Өйткені өнердің ол түрлері әрқайсымызға ой салады. Оны сараптау – әркімнің санасының сүзгісінен шығады.
2. Театрға алып бару Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман дилогиясының негізінде қойылған пьеса.
3. Театр тарландарымен таныстыру: Театр холында ілініп тұрған өнер иелері мен олардың ойнаған рольдеріне, пьесаға, пьеса авторларының шығармашылығына шолу жасап, балалардың театрға деген қызығушылығын арттыру.
4. Қорытынды: Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман дилогиясының негізінде қойылған драманың қойылымынан шыққан соң, роман мен спектакльдің айырмашылығын талқылайды. Кім, нені байқады? Шығарма әсерлірек пе, әлде керісінше ме? Спектакль шығарманың биігіне жете алды ма? Режиссер шығарманы сахнада қалай көрсетті?  сынды сұрақтарға жауап беру арқылы олардың байқампаздығын анықтап, ойын жүйелі жеткізуіне көмектесу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет