№9-10 дәріс тақырыбы: Оқу процесінің мəн-мағынасы Жоспары



бет1/3
Дата16.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#93583
  1   2   3

№ 9-10 дәріс тақырыбы: Оқу процесінің мəн-мағынасы

№ 9-10 дәріс тақырыбы: Оқу процесінің мəн-мағынасы

Жоспары:

1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік

2. Оқу- дидактикалық процесс

3. Оқу процесінің қызметтері

4. Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері

5. Таным теориясы жəне оқу

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі


“Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп,
жетекшілік етеді… сыннан өткен тиімді деген жолдарды
ғана нұсқайды” Жүсіпбек Аймауытов
«Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы didaktikos – «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан
Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген
Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде
Дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау)
Дидактика терминін неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) ғылыми айналымға алғаш енгізді. Ол өзінің лекция курсын «дидактика» немесе «сабақ беру өнері» деп атаған еді.
Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол «Ұлы дидактика» (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж.Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызығушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды
Дидактиктер және психологтар (Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) проблемалық оқыту концепциясын жасады. Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты қалыптастырудың мәселелері зерттелінді.
Дидактика үшін оқыту психологиясы (Н.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б.) зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім мазмұнын құрудың психологиялық алғышарттары көрсетіледі.
Дидактиканың дамуына озық тәжірибені жалпылау, жаңашыл-педагогтардың (Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов т.б.) ізденістері септігін тигізуде


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет