«Кітап- бағалы сыйлық»
Жаңа сөздер:
Асыл- драгоценный (-ая,-ое)
Қазына- байлық - богатство
Жинақ-сборник
Бағалы-ценный
Асыл қазына, өлең жинақтар, кітап байлық, бағалы сыйлық.
«Кітап дүкенінде» тақырыбына диалог.
-Сәлем... -Сәлем... Сен бүгін кітап дүкеніне барасың ба? - Иә, мен бүгін кітап дүкеніне барамын - Дүкеннен не сатып аласың? - «Абайдың қара сөздерін» сатып аламын. Ал сен қандай кітап аласың? - Мен мақал - мәтелдер кітабын алғым келеді. -Бірге барайық.. - Иә, барайық
Сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Мәтін не туралы? 2.Сіз үшін ең бағалы сыйлық – қандай сыйлық? 3. Сізге қандай кітап сыйлағанын қалар едіңіз?
Мәтіннің мазмұнын айт. Кітап – бағалы сыйлық Кітап - асыл қазына. Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдайтын адамдар қазір де кездеседі. Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Балаларға қазақша, орысша немесе үш тілді энциклопедиялар, көркем әдеби кітаптар сыйлауға болады. Кітап қай заманда да болсын өте жақсы сыйлық болып қала бермек.