№9 Аралық бақылау №3. №10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары


Жіңішке ішектің тоқ ішектен айрықша ерекшеліктер



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата06.12.2022
өлшемі3,95 Mb.
#55133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
9. Жіңішке ішектің тоқ ішектен айрықша ерекшеліктері

Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 41-43 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 64-66 беттер. 
Тоқ ішектің өзіне тән ерекшеліктері болады (15-сурет): 
1) таспалар (taeniae) – тек үш жерде орналасатын ұзынабойлық 
бұлшықетті талшықтардың қалыңданған жері (ескеретін жағдай, таспалар 
аралығында басқа ұзына бойлық бұлшықет талшықтарының болмайтындығы 
және үш таспаның да құрттәрізді өсіндінің негізіне келіп аяқталатындығы, 
яғни операция кезінде осы таспалар бойымен жүріп өсіндіні оңай табуға 
болады): 
-шарбылық таспа ( taenia omentalis) – шарбының бекитін орны; 
-бос таспа (taenia libera) – бос жатады;
-шажырқайлық таспа (taenia mesocolica) – шажырқай бекінген жер; 
2) қампаймалар (haustrae) - ішектің сыртқа қарай томпайып кеңейген 
жерлері; haustrae-ның түзілуі – таспалардың, яғни ұзына бойлық бұлшықет 


талшықтарының ұзындығы тоқ ішектің ұзындығынан қысқа, сол себепті 
іркілістер (кеңеюлер) пайда болып қампаймалар түзілетіндігін білген жөн. 
3) шарбылық өсінділер (appendices epiploicae) – ішектің ішастарлық 
(сірнелі) қабығының астында әр жерлерде жинақталған шелмай тіндерінен 
тұратын сырға тәрізді өсінділер; 
4) тоқ ішек – сұр түсті, ал жіңішке ішек – күлгін қызыл түсті (қан 
тамырларға бай болғандықтан). 
15-сурет. Тоқ ішектің өзіне тән құрылыс ерекшеліктері (taeniae, haustrae,
appendices epiploicae


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет