№9 Аралық бақылау №3. №10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата06.12.2022
өлшемі3,95 Mb.
#55133
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7


Оқытушының жетекшілігімен білім алушылардың өз бетінше 
атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары (ОБӨЖ) 
 
№9 Аралық бақылау №3. 
 
№10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары. 
1. Асқазан: құрылысы, топографиясы, ішастарға қатынасы, қызметі, 
жалғамалары

Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 12-24 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 46-57 беттер. 




2. Ұлтабар, дамуы, оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, 
ішастарға қатын
асы 
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 29-36 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 57-61 беттер. 
Он екі елі ішек жіңішке ішектің басталар бөлімі. Пішіні таға тәрізді (1,2-
суретТЕР). 
I.Голотопиясы: оңжақ қабырға асты (regio hypoсhondriaca dextra), іштің 
оңжақ бүйір және кіндік (regio abdominis lateralis dextra et regio umbilicalis
аймақтарында орналасады; 
II.Склетопиясы: 
-жоғарғы бөлігі: I-ші бел омырқа деңгейінде проекцияланады; 
-төмендемелі бөлігі: I-III-ші бел омыртқалар аралығының деңгейіне 
орналасады; 
-горизонталді бөлігі: III-ші бел омыртқасының тұсында жатады; 
-өрлемелі бөлігі: III-ші бел омыртқасы деңгейінен II-ші бел 
омыртқасына дейін көтеріледі; 
-горизонталді бөлігінің артымен қолқа және төменгі қуыс вена өтеді
ал алдында – жоғары шажырқайлық артерия және вена орналасады; 
Он екі елі ішектің құрылымдары: 
А) төрт бөлігі ажыратылады (1, 2-суреттер); 
1.Жоғарғы бөлігі (pars superior): тірі адамда жоғарғы бөліктің асқазаннан 
басталатын аймағы кеңейген – оны он екі елі ішек буылтығы (bulbus duodeni
деп атайды: 


-bulbus duodeni: тірі адамда (рентгенограммада) – негізі асқазан 
қақпасынан басталатын үшбұрышты көлеңке түрінде көрінеді, ал мәйітте 
асқазанның valvula pylori-нен он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінің сілемейлі 
қабатындағы бірінші дөңгелек (циркулярлы) қатпар аралығына сәйкеседі. 
2.Төмендемелі бөлігі (pars descendens); 
3.Горизонталді бөлігі (pars horizontalis); 
4.Өрлемелі бөлігі (pars аscendens); 
Б) үш иіні болады:
а)жоғарғы иін (flexura duodeni superior) – жоғарғы бөлігінің 
төмендемелі бөлігіне өткенде жерінде түзіледі; 
б)төменгі иін (flexura duodeni inferior) – төмендемелі және горизонталді 
бөлімдердің арасындағы иін; 
в)он екі елі-аш ішек иіні (flexura duodenojejunalis) – он екі елі ішектің 
аш ішекке өтер жерінде орналасқан: 
-flexura duodenojejunalis II-ші бел омыртқаның солжақ бетіне 
байламдармен (дәнекер тіндермен) бекіп орналасады;
1-сурет. Он екі елі ішектің синтопиясы және макроскопиялық құрылысы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет