№9 Аралық бақылау №3. №10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары


Құрт тәрізді өсіндінің топографиясы, ішастарға қатынасы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата06.12.2022
өлшемі3,95 Mb.
#55133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
6. Құрт тәрізді өсіндінің топографиясы, ішастарға қатынасы
практикалық маңызы

Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 43-46 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 64-67 беттер. 
Құрт тәрізді өсіндінің орналасу түрлері (12-сурет): 
1) құрттәрізді өсінді көбінесе мықын ішектің аяқталған шетінің
артында және төмен, оңжақ мықын шұңқырында орналасады (нағыз 
классикалық орналасуы); 
2) соқыр ішек күмбезінің алдыңғы бетінде, төменгі мықын-соқырішек 
қалташық (recessus ileocaecalis inferior) аймағында жатады; 
3) соқыр ішек күмбезінің артында, яғни ретроцекалды орналасуы; 
4) егер соқыр ішек ішастарға байланысты мезоперитонеалді орналасса, 
онда өсінді ішастар артындағы кеңістікте жатады, яғни құрт тәрізді өсіндінің 
ретроперитонеалді орналасуы болады; 
5) соқыр ішектің дамуының ақаулары болуы мүмкін: appendix 
vermiformis даму барысында бауырға жақын немесе бауыр астында қалып 
қоюы мүмкін (өйткені, қалыпты жағдайда даму кезінде соқыр ішек бауыр 
аймағынан мықын шұңқырына түсуі тиіс) немесе кіші жамбас астауында 
орналасуы мүмкін (бауырастылық және жамбас астаулық орналасулар). 
12-сурет. Соқыр ішектің және
оның құрт тәрізді өсіндісінің әртүрлі
орналасуының іштің алдыңғы
қабырғасына проекциясы (сызба)
1-кіндік; 
2-құрт тәрізді өсінді; 
3-соқыр ішек; 
4-өрлемелі жиекті ішек;
5-кіндікті алдыңғы жоғарғы мықын 
қылтасымен қосатын сызық; 
6-құрт тәрізді өсіндісінің соқыр 
ішекке кіретін орны (Мак-Бурней 
нүктесі), яғни жоғарыда көрсетілген 
сызықтың қақ ортасына сәйкеседі. 
М.Г.Привес және авторлары бойынша аппендикстың орналасу түрлері: 
төмен орналасуы (40-45%), латералді – (25%), медиалді – (17-20%), жоғары 
(соқыр ішек артында) – (13%). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет