№9 Аралық бақылау №3. №10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары


Жиек ішектің бөлімдері және қызметі, ішастарға қатынасы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата06.12.2022
өлшемі3,95 Mb.
#55133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
7. Жиек ішектің бөлімдері және қызметі, ішастарға қатынасы. 
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 43-47 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 67-72 беттер. 


Өрлемелі жиек ішек (colon ascendens) – іштің оңжақ бүйір аймағында
(regio abdominis lateralis dextra) орналасқан, соқыр ішектен жоғары 
вертикалді бағытталып, оңжақ қабыртқаасты аймаққа (regio hypochondriaca 
dextra) жетеді де көлденең жиек ішекке ауысады. Белдің шаршылы және 
іштің көлденең бұлшықеттеріне, оңжақ бүйрекке жанасып орналасады. 
Ішастарға қатысты мезоперитонеалді орналасқан.
Көлденең жиек ішек (colon transversum) – оңжақ қабыртқа асты 
аймақта (regio hypochondriaca dextra), жиек ішектің оңжақ (flexura colica 
dextra) немесе бауырлық (flexura hepatica) иілімінен басталады. Көлденең 
жиек ішек солжақ қабыртқа асты аймақта (regio hypochondriaca sinistra-да) 
солжақ жиектік (flexura colica sinistra) немесе көкбауырлық иілім (flexura 
lienalis) түзеді, осы жерде көкбауырмен және солжақ бүйрекпен жанасады. 
Солжақ иілім көкет-жиек байламымен (lig.phrenicocolicum-мен) бекіген 
(фиксацияланады).
Көлденең жиек ішек төмендемелі жиек ішекке жалғасады. Жоғарыдан 
– бауыр және асқазанмен жанасса, төменнен – жіңішке ішектің ілмектерімен, 
артынан – ұйқыбез және он екі елі ішекпен, алдынан – іштің алдыңғы 
қабырғасымен шектеседі ( асқазан толған кезде көлденең жиек ішек төмен 
қарай ығысып іш қуысының тереңдігінде орналасады). Ішастарға 
байланысты орналасуы – интраперитонеалді және өзінің жеке шажырқайы
(mesocolon transversum) болады.
Төмендемелі жиек ішек (colon descendens) – іштің солжақ бүйір 
аймағында (regio abdominis lateralis sinistra), іштің қабырғасына жанаса 
орналасады. Төмендемелі жиек ішек жиырылғанда (қуысы тарылғанда), оның 
алдыңғы бетіне жіңішке ішектің ілмектері шығып жанасады. Өрлемелі жиек 
ішек 
сияқты 
төмендемелі 
жиек 
ішекте 
ішастарға 
байланысты 
мезоперитонеалді орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет