Оқытушының жетекшілігімен білім алушылардың өз бетінше
атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары (ОБӨЖ)
№9 Аралық бақылау №3.
№10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары.
1. Асқазан: құрылысы, топографиясы, ішастарға қатынасы, қызметі,
жалғамалары
.
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі
том, 2017ж, 12-24 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 46-57 беттер.
2. Ұлтабар, дамуы, оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы,
ішастарға қатын
асы
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі
том, 2017ж, 29-36 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 57-61 беттер.
Он екі елі ішек жіңішке ішектің басталар бөлімі. Пішіні таға тәрізді (1,2-
суретТЕР).
I.Голотопиясы: оңжақ қабырға асты (
regio hypoсhondriaca dextra),
іштің
оңжақ бүйір және кіндік (
regio abdominis lateralis dextra et regio umbilicalis)
аймақтарында орналасады;
II.Склетопиясы:
-жоғарғы бөлігі: I-ші бел омырқа деңгейінде проекцияланады;
-төмендемелі бөлігі: I-III-ші бел омыртқалар
аралығының деңгейіне
орналасады;
-горизонталді бөлігі: III-ші бел омыртқасының тұсында жатады;
-өрлемелі бөлігі: III-ші бел омыртқасы деңгейінен II-ші бел
омыртқасына дейін көтеріледі;
-горизонталді бөлігінің артымен қолқа
және төменгі қуыс вена өтеді,
ал алдында – жоғары шажырқайлық артерия және вена орналасады;
Он екі елі ішектің құрылымдары:
А) төрт бөлігі ажыратылады (1, 2-суреттер);
1.Жоғарғы бөлігі (
pars superior): тірі адамда жоғарғы бөліктің асқазаннан
басталатын аймағы кеңейген – оны он екі елі ішек буылтығы (
bulbus duodeni)
деп атайды:
-
bulbus duodeni:
тірі адамда (рентгенограммада) –
негізі асқазан
қақпасынан басталатын үшбұрышты көлеңке түрінде көрінеді, ал мәйітте
асқазанның
valvula pylori-нен он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінің сілемейлі
қабатындағы бірінші дөңгелек (циркулярлы) қатпар аралығына сәйкеседі.
2.Төмендемелі бөлігі (
pars descendens);
3.Горизонталді бөлігі (
pars horizontalis);
4.Өрлемелі бөлігі (
pars аscendens);
Б) үш иіні болады:
а)жоғарғы иін (
flexura duodeni superior) – жоғарғы бөлігінің
төмендемелі бөлігіне өткенде жерінде түзіледі;
б)төменгі иін (
flexura duodeni inferior) – төмендемелі және горизонталді
бөлімдердің арасындағы иін;
в)он екі елі-аш ішек иіні (
flexura duodenojejunalis) – он екі елі ішектің
аш ішекке өтер жерінде орналасқан:
-
flexura duodenojejunalis II-ші бел
омыртқаның солжақ бетіне
байламдармен (дәнекер тіндермен) бекіп орналасады;
1-сурет. Он екі елі ішектің синтопиясы және макроскопиялық құрылысы