№9 Аралық бақылау №3. №10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата06.12.2022
өлшемі3,95 Mb.
#55133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—08 в 23.07.18

 
 
 
2-сурет. Он екі елі ішектің синтопиясы (сызба). А — алдыңғы беті; Б — 
артқы беті: 1 — hepar; 2 — pancreas; 3 — mesocolon et colon transversum; 4 — 
v. mesenterica superior; 5 — a. mesenterica superipor; 6 — vesica fellea; 7 — a. 
gastroduodenalis; 8 — v. portae; 9 — ductus choledochus; 10 — a. 
pancreaticoduodenalis superior
posterior; 11 — ren dexter; 12 — ureter dexter; 13 
— v. cava inferior; 14 — aorta abdominalis. 


3. Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының 
құрылысы, қызметі.
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 36-41 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 61-64 беттер. 
Жіңішке ішектің шажырқайлық (intestinum tenuae mesenteriale) бөлігіне 
– аш ішек пен мықын ішек кіреді. Шажырқайлық бөлімнің шамамен 2/5 
бөлігі аш ішекке, қалған 3/5 ұзын бөлігі мықын ішекке тиесілі. 
Аш ішек (jejunum) – II-ші бел омыртқасы денесінің деңгейінің 
солжағында, он екі елі ішектің жалғасы ретінде, flexura duodenujujunalis-тен 
басталады және іш қуысының солжақ жоғарғы бөлімінде орналасады.
Мықын ішек (ileum) – аш ішектің жалғасы, іш қусының оңжақ төменгі 
бөлімін алып жатады және сол жақ мықын шұңқырында соқыр ішекке
жалғасып аяқталады; 
Жіңішке ішектің екі жиегі ажыратылады (3-сурет): 
-шажырқайлық жиек (margo mesenterialis) – шажырқайдың бекитін 
орны; 
-бос жиек (margo liber) – шажырқайлық жиекке қарсы бос жатқан 
жиегі. 
3-сурет . Аш ішектің шажырқайлық және бос жиектері мен микроскопиялық 
құрылысы 
 
4-сурет. Мықын ішектің бүрлері (сызба) (Р. Д. Синельников бойынша): 1 - 
артериялар (қызыл); 2 - веналар (көк); 3 - лимфа капиллярлары (сары) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет