ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру - мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек» делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Интеллект (лат.іntellectus -таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
оқуға деген қабілеттілік;
қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестіріледі.