Беріктілік қағидасы. Егер ғылыми қағиданың жүзеге асу деңгейін оқытудың өз барысы бағалайтын болса, беріктілік қағида оқушының жұмысқа дайындылығын бейнелейтін қорытынды нәтижені бағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыдағы айтылған қағидалар мынадан көрінеді, біріншіден, үйренген козғалыс дағдылары мен білімнің сақталуының қажетті ұзақтылығымен; екіншіден стандартты емес жағдайда қажетті уақытта оларды пайдалану мүмкіншілігімен, сонымен қатар әуелде үйреніп алған дағдылар мен біліммен байланыстыруда; үшіншіден, өте күрделі оқу материалдарын алдағы уақытта игеру үшін қажетті алғышарттар жасаудан көрінеді. Беріктілік қағидасы оқушының жеке жетістігі болып қалатын оқу материалын игеруді камтамасыз етеді, қимыл-қозғалыс дағдысын орнықты меңгеру деген мағынада қарастырылады. Беріктілік қағидасын жүзеге асырудың бірден-бір шарты барлық оқыту қағидаларын сақтау болып табылады. Басқа қағидалардың ешқайсында бұндай жан-жақты тәуелділік жоқ. Беріктілік приципінің жүзеге асырылуы екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт - арнаулы білімдердің беріктік бағытын қалыптастыру. Бұның негізіне педагогика және психология курстарында ашылған теориялық түсініктерді бұрын бар біліммен байланыстыру, негізгі идеяларды бөліп қарау, баяндау кезінде әдістердің әртүрін пайдалану, т.б. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет, кейбір теориялық түсініктерді еске сақтау қозғалыс қимылдарын игерумен қатар (бір мезгілде) жүреді. Бұл ретте қимылды орындау дағдысы осы қимыл туралы алынған ақпаратты орындау үшін материалдык негіз маңызына ие болады. Бала теориялық материалды есту және көру қабілеттеріне сүйене отырып есте сақтау мүмкіншілігіне ғана ие болып қалмай қимыл арқылы да бойында жинақтау мүмкіншілігіне ие болады. Екінші бағыт - берік қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Қозғалыс дағдыларының беріктілігі көптеген факторларға тәуелді. Алайда, түрлі қозғалыс міндеттерін шешуде есте сақтау механизмі әртүрлі болады. Берік дағдыларды калыптастыру дене мүмкіншіліктерінің қажетті даму деңгейі ғана емес (арқан бойымен өрмелегенде-күш касиетін), басқа да қасиеттерді талап етеді (мысалы, шыдамдылық. икемділік). Мүмкіншіліктерінің даму деңгейінің азайған кезінде қозғалыс қимылын жалпы орындау мүмкіншілігін жоғалтып алуы мүмкін, бірақ оны орындаудың барлық ережелерін сақтауы тиіс. Баланың игерген қозғалыс қимылдарының үлкен қоры ол жаңа дағдыларды қалыптастырудың алғышарты ғана емес, онымен бірге оның беріктілігінің іргетасы. Бұның барлығы да қозғалыс қимылдарын үйренуге және оны өмірге пайдалануға, дене дайындығының беріктігі туралы айтуға негіз болады.