9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту



бет7/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
дәріс сабағы 1

Қайталау қағидасы. Қайталау қағидасы қозғалыс дағдыларының бірте-бірте қалыптасуы және көп қайталау арқылы арнаулы білімнің калыптасу тиімділігін көрсетеді. Қайталау-үйрену нәтижесінде қол жеткен, нәтижені біріктірудегі басты және жалғыз ғана тәсіл. Оқу материалы үнемі қайталануға тиіс. Қайталау қағидасын іске асыру барысында тәрбиелік маңызы бар үлкен міндеттерді шешуге мүмкіншілік пайда болады.

Қайталау қағидасын жүзеге асыру үш негізгі жағдайға байланысты:



    1. 1.Дене жаттығулары үнемі қайталанып тұруға тиісті. Осы талап сақталған жағдайда ғана пайдаланатын жаттығулар адамның денесіне тұрақты түрде және нық әсер етеді.

    2. 2.Дене жаттығулары адамды шаршатып шалдықтырады, сондықтан да демалыс үшін үзілістер міндетті түрде болу тиісті.

3.Дене жаттығулармен айналысқан кезде, адам денесінде бейімделу процестері болады, бірақ ол жағдайлар ұзаққа созылуы мүмкін емес. Сондықтан жаттығудың тек қана қайталану саны емес, сонымен қатар екі ортада берілетін демалыс үзілісінің саны мен ұзақтылығын бақылауға тиістіміз. Жай қайталау еске түсірудің тұрақты жағдайында қозғалыс қимылының негізгі нұсқасын игеруге мүмкіндік туғызады. Қайталаудың екі түрі болады: жәй жане іріктеп қайталау. Жай қайталауды көшірме жолымен оқыту деп білеміз. Мысалы, үйретуші стандартты техниканы түсіндіріп әрі көрсетеді, ал оқушы оны сол күйінде орындауға ұмтылады, орындауды көрген үлгісіне жақындатуға тырысады. Жай қайталау оқыту ісінде көп қолданылғанмен, оның дидактикалық мүмкіншіліктері шектеулі. Іріктеп қайталау басқа міндеттерді қарастыра отырып қозғалыс қимылын әртүрлі жағдайларда орындауға болатындай қылып бағыт береді. Іріктеп тиімді қолданған жағдайда үлкен дидактикалық тиімділікке қол жетеді. Іріктеп қайталау амалдарының әртүрлілігі жаттығуға деген қызығушылықты арттырумен бірге балалардың жаңа тапсырмаларды белсенді түрде орындауына жағдай туғызады. Іріктеп қайталауда жоғары тиімділікке төмендегі ережелерді сақтағанда ғана қол жеткізуге болады:

1.Үйренушілер берілген жаттығуларды жеткілікті деңгейде игерген жағдайда, сонымен қатар қозғалыс қимылға қажетті талдау жасауды меңгерген кезде ғана вариативтік жаттығулардың ауыз толтырып айтарлықтай тиімділігін атай аламыз.

2.Іріктеп қайталау амалдары белгілі бір шектен асып кетпеуі керек.

3.Негізгі қимылдың орындалу тұрақтылығы болған сайын іріктеу өлшемі де жоғары болады.

4. Оқуға бөлінген уақыт ішінде қимыл нұсқалар санын көбейтіп орындау тиімді болып келеді.

Қайталау қағидасын жүзеге асыра отырып, мына ережелерді ұстанған жөн: берілген тапсырмалардың қайталау санын және олардың арасындағы демалыстың ұзақтығын белгілей отырып, бала денсаулығының жағдайын, дене тәрбиесі туралы білімі мен дене дайындығының деңгейін, сонымен қатар оқушыға түсетін үлестің деңгейін есепке алу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет