9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту



бет6/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
дәріс сабағы 1

Жекелік қағидасы. Yйрету тиімділігі жаттығушы мүмкіншілігіне сай, тандап алынған әсердің сәйкес келуіне байланысты. Үйретудің жекелігі жалпы анықтамада баланың жеке мүмкіншілігіне сәйкес оқу тапсырмаларын дифференциялау және оны шешу түрінде көрінеді. Бұл заңдылықтар, жекелілік қағидасының мазмұнын анықтай отырып үш жағын анықтауға мүмкіндік береді: а) баланың жеке ерекшеліктерінен оның даму болашағын көруге болады; ә) баланың күшті жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын дамытуға; б) кез келген жекелілік қағидасы үйретудің жалпы заңдылықтары негізінде құрылуы тиіс. Жекелілік белсенді процесс болып табылады. Ол баланың ерекшелігін есепке алып қана қоймайды, сонымен қатар үйрету процесінде оның формалары мен функцияларын жетілдіреді. Мысалы, спорттың координациясы күрделі түрлерінде көпжылғы жаттығулар әсерімен қозғалыстағы ойлау қабілетінің артуына жәрдемдесетін жүйке процесінің инерциялығы біршама артады. Жаңа пайда болған ерекшеліктер үйретудің келесі сатысында жекелілік сипатына түзетулер енгізуді талап етеді. Жекелілік кағидасы қазіргі балалардың даму деңгейін есепке алып отыруды қажет етеді. Сондықтан да, мысалы, он жыл бұрын оқығандарға арналған стандартпен қазіргі баланың дене дайындығы дәрежесін бағалау дұрыс болмас еді. Дегенмен, жас жеткіншектер белгілі бір қызметі атқару барысында өздерінің мүмкіншіліктерін бірдей көрсете алмайды. Осыған байланысты жекелілік қағидасы балалардың жеке айырмашылық сипатын есептеуді талап етеді. Бұл айырмашылық көп жақты және төмендегі жайлардан байқауға болады; а)балалар денсаулығы бірыңғай деңгейде емес; ә)бір медициналық топтың өзінде әртүрлі дене дайындығы бар екендігі ескеру; б)бірыңғай бағдарламалармен бір оқу тобына жасы бірдей емес балалардың оқу жағдайларында; в)бір топтың өзінде екі жыныстағы оқушылардың болуы; г)басқа да мінездемелер болғанымен білім және қозғалыс дағдыларының көлемі әртүрлі болуы; ғ)ойлау процесінің бірдей сипатта болмауы; ж)балалардың әртүрлі дене жұмыс қабілеттілігі; з)шығармашылық белсенділігінің, танымдық және практикалық қызмет етудің бірдей деңгейде болмауы; и)әртүрлі типте жасай алмайтыннан жасайтынға ұмтылыс; к)оқуға деген ұмтылыстың бірдей болмауы; л)еріктің әртүрлі деңгейдегі көрінуі.

Оқытудың дербес жекелілігі нақты жеке адамға тән ғана сипаттауларды есепке алуды қарастырады, бірақ бұл өте көп жақты және күнбе-күнгі жұмыс процесінде анықтау өте қиынға соғады. Дербес жекеліліктің күрделілігі жаттықтырушының бір мезгілде жаттығушылардың санының көбеюімен байланысты. Жекелілік жолдарын байланыстырудың негізгі қағидалары нақты типтік жекеліліктің ең кең көлемдегі дербес жекелілікке сүйенуін қарастырады, не болмаса бұл «типтік жекеліліктің ішіндегі дербестік» деген формула түрінде көрінеді. Жекеліліктің қай жолы болмасын әртүрлі жағдайдағы дене тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуі қажет. Мысалы, білім беру мекемелерінде бірыңғай мемлекеттік бағдарламамен міндетті түрде жүргізілетін жалпы дене тәрбиесінде типтік жекеліліктің үлес салмағы үлкен. Типтік жекелілік спорттық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі қажеттілік болып қала береді. Ақырында оқытудың типтік және дербес жекелілігі бірыңғай жүйенің деңгейінде міндетті жаттығуды жеке жаттығумен байланыстыруға мүмкіндік туғызатын, жекеленген балалардың қызығушылығын арттыру және оқу бағдарламасы белгілеген деңгейге өзгелерді жетістіру жағдайын жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет