9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту


Шамаға лайықты болу және индивидуалдандыру қағидасы



бет8/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
дәріс сабағы 1

Шамаға лайықты болу және индивидуалдандыру қағидасы. Бұл принцип баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді және осыған байланысты оның күші келерліктей тапсырмаларды анықтауды қарастырады. Балалардың дене тәрбиесі саласында бұл қағиданы сақтаудың маңызы ерекше, өйткені әр түрлі жаттығуларды орындау баланың бекімеген ағзасының өмір үшін маңызды функцияларына тікелей әсер етеді және денеге күш түсіруді шамадан тыс арттыру денсаулық жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Шамаға лайықты болудың ықтимал мөлшері баланың жас мүмкіндігі және тапсырмалар қиындығы дәрежесінің сәй­кес келуімен анықталады. Бағдарламаның нормативтік талаптары барлығына қарамастан баланың индивидуалдық әл-қуатын және оның әлдеқайда жоғары талаптарға әзірлігін есепке алу қажет. Баланың мүмкіндіктері мәліметтерді – дене әзірлігі нормативі бойынша сынақтан өткізу, дәрігерлік зерттеулер, тікелей педагогикалық бақылау мәліметтерін қоса отырып анықталады. Шамаға лайықты болу қиыншылықтардың болмауын емес, керісінше, оларды баланың дене және психикалық күш жұмсауы жолымен ойдағыдай жеңуі мүмкіндігін ойластырады. Шын мәніндегі шамаға лайықтылықтың тексерілуі пульсометрияларды, хронометрияларды және т. б. қолданған жүйелі дәрігерлік-педагогикалық бақылаумен мақұлданады немесе жоққа шығарылады. Шамаға лайықтылықтың негізгі шарттарының бірі – дене жаттығуларын біртіндеп күрделендіру және сабақтастығы болып табылады. Сабақтастық қимыл-қозғалыстардың әртүрлі формаларының өзара байланысынан, олардың өзара әрекеттесуінен және құрылымының жалпылылығынан көрінеді. Тәжірибе жүзінде бұған сабақтарда материалды дұрыс таратумен қол жетеді. Барған сайын неғұрлым қиынырақ тапсырмаларға көшу кезінде бірте-біртелікті сақтаудың да маңызы аз емес. Осыған байланысты көптеген қимыл-қозғалыстық дағдыларды меңгеру үшін алдын ала әзірлеу, жетелеу жаттығуларын пайдаланған жөн.

Индивидуалдандыру - дене тәрбиесі процесін құру, сабақтардың құралдарын, әдістері мен формаларын таңдау кезінде баланың индивидуалды типологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Әр баланың өзіндік функционалдық мүмкіндіктері бар. Қимыл-қозғалыстарды игеру процесі әртүрлі өтеді, организмнің денеге түскен ауыртпалықтан алатын әсері, бейімделу динамикасы әртүрлі. Дене тәрбиесі жүйесін құрған кезде индивидуалдандыру проблемасы өзара байланысты екі бағытта – жалпы және мамандандырылған дайындық бағыттарында шешімін табады. Балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, т.б. бағдарламасы бойынша жалпы дене тәрбиесі өмір үшін маңызды, міндетті қимыл-қозғалыстық дағдыларды, білімді игеруге және дене қасиеттерін дамытуда бір деңгейге жетуге бағытталған. Мұндайда индивидуалдандырудың мәні - жалпы бағдарламалық талаптарды орындаудың индивидуалдандыратын қосымша құралдарды пайдалануда, үйрету мен тәрбиелеу әдістерін іріктеуде. Мамандандырылған бағыт (мысалы, ересектердің спорттық мамандандырылуы) мамандануды жетілдіруді қарастырады. Мұнда сабақтардың бар мазмұны индивидуалдық дарындылықты есепке ала отырып, құрылады. Индивидуалдандыру белгілі бір баланың типологиялық ерекшеліктерін есепке алуға ғана тәуелді емес: оларды оптималды үйрету және тәрбиелеу мақсатында ескермей кетуге болмайды, дегенмен, бәрін анықтаушы да олар емес. Міндет туа біткен нышандарды күшейте түсуден, жаңа жағымды қасиеттер, қабілеттер тәрбиелеуден, қажет болған жағдайда жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерін мақсатты бағытта өзгертуден тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет