9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту



бет3/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Жүйелілік қағидасы. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелілік - сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеген абзал. Сондықтан да жүйелілік қағидасын қолданғаңда өткен сабақтың ізін, өтіліп жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында көп сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмінің берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайындық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезендерінің алмасуымен өтеді, бұлардын негізінде бір-бірімен байланысты организмнің болдыру және қалпына келу процесі жүреді.

Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады:



Жұмыс кезеңі - бұл кезеңде белгілі бір жұмыс көлемі орындалады, қозғалысты қамтамасыз ететін қуат көзі таусыла бастайды, организмнің жұмыска қабілеттілігі төмендейді.

Салыстырмалы қалыптасу кезеңі. Мұңда жұмыс ауытқуының орнына жұмыс қабілеттілігі, функционалдық көрсеткіштер жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.

Жоғары өтем кезеңі. Организм жұмысқа кеткен қуатты артығымен қалпына келтіреді.

Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді.

Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы демалысты екі күннен әрі созбау керек. Өткен сабақтың әсері толық жоғалмай тұрғанда келесі сабақ өтілуге тиіс. Оқу материалының жүйелілігі және оны жүзеге асыру әдістері оқытудың міндеттері мен мақсаттарына байланысты. Өз кезегінде міндеттер мен мақсаттар жаттығушылар контингентінің ерекшеліктерін, жаттығуды жасау кезіндегі жағдайын, т.б.-ды бейнелейді. Балалардың жасының, дене дайындығының деңгейі оқытудың жүйелілігіне тез арада әсер етеді. Бағдарламадағы оқу материалы, оның мазмұны жаттығушылардың жас ерекшеліктеріне сай келіп белгілі бір жүйелілікке ие болуы қажет. Бұл қағиданың негізі-педагогикалық процестің мазмұнының тұтастық дәрежесіне үйрету тиімділігінің тәуелділігін ашып көрсететін заңдылық болып табылады. Мазмұнның тұтастығы үйретудің кез келген бөлігінде жаттығуды ұйымдастыру формаларын, әдістерін, құралдарын, өзара байланысты міндеттер жүйесінің болуын қамтиды. Педагогикалық процестің бұл элементтерінің қабілеттілігі, әрбір жеке элементтерге жатпайтын сонымен қатар, жаңа мүмкіншіліктер тудыратын өзара байланыстарға әкелу жүйелік мақсатын кұрайды. Жүйелілік пән ішіндегі және пән аралық байланысты орнықтыру арқылы қамтамассыз етіледі. Білім мен дағдының жүйелілігі - ойлау кезіндегі жүйелілік дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Жеке сабақтың жүйелілігі оның барлық элементтерінін логикалык бір-біріне бағыныштылығына тәуелді. Сабақтардың бірыңғай тіркесі, белгілі календарлық уақыттың шеңберінде оқу материалдарының кейбір көлеміне үйренуге бөлінетін сабақтар сериясынан құралады. Қандай да болмасын оқыту жүйесі дене тәрбиесі білімінің деңгейі мен нақты бағытын анықтайды. Олай дейтін болсақ, білімнің әрбір түрі, тиісті, әдістер, кұралдар көмегімен оқу-тәрбие міндеттерінің арнайы жүйесін шешуді талап етеді. Жүйелілік қағидасы дене тәрбиесі мақсатында пайдаланылатын шараларының бүкіл кешені үшін (шынықтыру, қимыл-қозғалыстық дағдыларды қалыптастыру) жетекші, міндетті болып табылады. Жүйелілік - мектеп жасына дейінгі кезеңнің бүкіл бойында дене тәрбиесі процесінің үздіксіздігінде, реттілігінде, жоспарлылығында; ағза үшін жүк түсіру мен дем алдыруды алмастыру, міндетті дене шынықтыру сабақтарының ширақ реттелуінде, олардың сабақтастығының, мазмұндарының әртүрлі жақтарының өзара байланысының бір ізділігінде болады. Сипаты жөнінен әртүрлі дене жаттығуларын (ертеңгілік гим­настика, дене шынықтыру сабақтары, серуендегі қимыл-қозғалыстық іс-әрекет т. б.), сондай-ақ шынықтыратын шараларды жүйелі түрде күн сайын белгілі бір уақытта орындап тұру балаларды белгіленген денсаулық сақтау-тәрбиелеу тәртібіне әдеттендіреді. Дене жаттықтырумен үнемі айналысу әсерімен ағзада әртүрлі жүйелердің, мәселен, жүрек-қан тамырлары жүйесінің және т. б. жақсы ыңғайда қайта құрылуы жүріп жатады. Жүйелі айналысуды тоқтатқан, үзіліс кезде қол жеткен функционалдық мүмкіндіктер деңгейінің төмендеуі, ал кейде белсенді бұлшық еттік тканьнің меншікті салмағының азаюынан, оның құрылымдық компоненттерінің өзгеруінен және басқа жағымсыз құбылыстардан көрінетін регресс те байқалады. Сөйтіп, дененің толық дәрежеде жетілуі үшін алдағы сабақтар тудырған жақсы өзгерістердің дамуын қамтамасыз ететін дене тәрбиесі процесінің үзіліссіздігін сақтау және оларды бұдан кейінгі сабақтарда (дене шыныктыру сабақтары, ертеңгілік гимнастика, ойындар және жаттығулар) бекемдендіре түсу қажет. Дене тәрбиесі қалыптасатын қимыл-қозғалыстық дағдыларды қайталауды талап етеді. Қимыл-қозғалыстық динамикалық стереотиптер көптеген қайталаулар кезінде ғана қалыптасады. Тиімді қайталау үшін игерілген нәрсе жаңамен үйлесетін, яғни, қайталау процесінің түрленгіштік сипаты болатындай (жаттығуларды, орындалу шарттарын өзгерту, әдістер мен тәсілдердің әртүрлілігі, сабақтың формасы мен мазмұнының тұтас алғанда айырмашылығы) жүйе қажет. Мұнымен бірге қайталау морфологиялық және функционалдық реттегі ұзақ уақыттың бейімделгіштік қайта құрылуын қамтамасыз етеді, осылардың негізінде дене қасиеттері дамиды (A. Н. Крестовников). Жаттығулардың түрленгіштігі балаларда бағдарлау-зерттеу рефлексін, ынта, эмоция, назар тудырады. Қалыптасқан динамикалық стереотипке жаңа қоздырғыштарды ендіру күрт өзгеріссіз бірте-біртелікті сақтаған кезде болып жатады. И. П. Павлов педагогикада бірте-біртелік пен жаттығуды негізгі физиологиялық ереже деп санау қажет екенін атап көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет