9. Дәрістің тақырыбы Отбасы психологиясына арналған психокоррекция Жоспар


Психологтың кәсіби іс-әрекет типтері



бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі41,35 Kb.
#20333
1   2   3   4   5   6
Психологтың кәсіби іс-әрекет типтері
Түзетуші және дамытушы бағдарламалау психодиагностиканың және консультатцияның нәтижесінде адамда жүріс-тұрыс нормадан тыс немесе психиканың даму нормасынан ауытқулар көрінгенде психокоррекциялық жұмыс жүргізіледі.Коррекциялық жұмыс-бұл психологтың белгілі бір психикалық қызметіне сапасына немесе жеке адам жүріс-тұрыс түрлеріне әсер ету және осы ауытқуды жеңуге бағытталған. Бұл әсер ету психикалық дамудың жас ерекшелік нормасы негізінде әрдаймы пайда болады.(мысалы танымдық,эмоциалдық-еріктік процестер нормасында , жүріс-тұрыс нормасында және жеке адамдық сапалар нормасында) Осыдан шығып психолог түзету жұмыс бағдарламасын құрады.

Түзетуші сабақтар дар түрде немесе топта ұзақ уақыт бойы өтеді.Осы сабақтардың мақсаты,мысалы,зейіннің жетіспеушілігінен өту сол немесе басқа оқиғаға эмоциялы адекватты емес реакцияны түзету өзін-өзі ұстауды күшейту эмоциялық өзін-өзі бақылаудың дамуы жеке адамдық сапаларды түзету,жүріс-тұрыс түрлерін адамның әлеуметтік өзара әрекеттесу нормаларын түзету.Психологиялық нормадан ауытқулар психикалық денсаулықта және әлеуметтік жүріс-тұрыс аумағында маңызды ауытқулармен байланысты болғандықтан психолог-практик өзінің коррекциялық жұмысын нейропсихологтармен ,психиатрлармен,әлеуметтік педагогпен бірге тығыз өзара әрекеттесіп құру керек.Коррекциялық жұмысты ұйымдастыруда негізінен оқу іс-әрекетінде туындаған қиыншылықтар оқушының жүріс-тұрысының бұзылуы және дезаптация кәсіби немесе күндегі іс-әрекеттегі мәселелер ересек адамның эмоциялы-еріктік уайымдауындағы мәселелер.

Топтық психокоррекциялық коммуникативті қабілеттерді дамытуға,басқа адамның жүріс-тұрысын және қалпын талдауға үйренуді қалыптастыруға өзін және айналадағы адамдар адекватты түрде қабылдауды бағыттауға болады.Сонымен бірге жеке адам аралық өзара әрекеттесудің нормалары түзуленеді,жағдайда әр жақтан жауап беруге әртүрлі жағдайларда және әртүрлі топтарда тез орын өзгертушілік қабілетін дамиды.

Психокоррекциялық әдістер сапасында түрлі интеллектуальды тренингтер,өзін-өзі реттеуге үйрену әдістері әлеуметтік-психологиялық тренингтер рөлдік ойындар топтық дискуссиялар жатады.

Сол сияқты практикалық психологиялық жұмыстың әдістері дамытушы сабақтарда да қолдана алады.Түзетуші жұмысқа қарағанда дамытушы жұмыс адамның сапаларының қабілеттерінің үйренулерінің одан әрі дамуына бағытталған.Түзетуші және дамытушы жұмыстардың арасында қатал бөліну жиі болмайды,өйткені психикалық дамудың нормалары онша көріне бермейді және теориялық концепциямен және нақтылы әдістемемен жағдайланған.Сондықтан берілген жұмыстың түрін дамытушы-түзетуші деп атайды.

Психолог-практик шын кәсіби іс-әрекетте бүкіл аталған жұмыс түрлерін атқара алады.Сонымен бірге белгілі бір анықталған түрде мамандандырыла алады.Әрбір осы практикалық психологиялық іс-әрекеттің түрлерінде маңызды өзгешелігі бар болғанын білу маңызды және нақтылы психолог жеке адамдық сапаға және кәсіби дайындыққа байланысты осылардың біреуімен сәттірек жұмыс атқара алады.Одан басқа психолог-өзінің күшін оларды шешу үшін бағыттау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет