9. Дәрістің тақырыбы Отбасы психологиясына арналған психокоррекция Жоспар



бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі41,35 Kb.
#20333
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 лекция

Психологтың кәсіби сапалары

Педагогтың кәсіби жеке тұлғалық сапасы (педагогикалық бағыттылық, өнегелілік сапа, коммуникативтік, ұйымдаст-қ, перцептивтік, дидақтикалық қабілеттілік, педагогикалық мәдениеттілік, техникалық шығармашылық).

Кәсіби оқыту педагогының бойындағы кәсіби-жеке тұлғалық қасиеттер дегеніміз – бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің қорытындысына әсер ететін, әлеуметтік- психологиялық білімнің жиынтығы болып табылатын жоғары құндылықтарды адамның мойындауы.

Оның негізгі орталық түсінігі ретінде кәсіби оқыту педагогының оқушыға деген қарым-қатынасы қолданылады, яғни ол барлық әлеуметтік рөлдердің ішінен бірінші орынға адамды қойып, балаға адам ретінде қарау, оның алға жылжуын ойлау сияқты қасиеттер ең бастысы болып табылады. Кешегі күнде балаға деген қарым-қатынас жеке тұлға ретінде емес, кішкентай өсіп келе жатқан адам, бірақ өзінің болашақ өміріне дайындалушы ретінде қарады. Яғни мұғалімдердің көпшілігінде «ол әзір адам» емес, бірақ болашақ адам деген көзқарас қалыптасты.

Ал бүгінгі күнде балаға деген көзқарас, қарым-қатынас өзгеріп, оларға адамгершілік қарым-қатынасында қарау басты орынға «адам-адам», ал екінші орынға «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы жарияланды. Ал оны әрі қарай дамыту болашақ педагогтардың қолында. Балаға деген адамгершілік қарым-қатынастың практика жүзінде орындалуы кәсіби оқыту педагогының кәсіби іс-әрекет процесі барысында жүзеге асады: педагогтың жұмысы маман ретінде, оның балаға деген қарым-қатынасын іске асыруы және педагогтың кәсіби шеберлік деңгейі де объективті түрде балаға деген қарым-қатынасымен анықталады.

Кәсіби оқыту педагогының еңбегіне деген қарым-қатынасы және оған жауапкершілікпен қараудың арқасында, педагогикалық деклорация практикалық субстанция жетістігіне жетеді. Атап айтқанда, кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарау негізінде кәсіби тырысуы, кәсіби оқыту педагогы жұмысының нәтижелігі, іс-әрекет өнімділігінің сапасы арқылы жүзеге асады. Ал бұл педагогты әрқашанда өз әрекетін тәрбие мінездемесімен салыстыруға, оның салдарын талдауға және балалардың дамуы мен олардың бақыты үшін жұмыс жасауға мәжбүр етеді.

Алайда, маманның кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тікелей адамның өз-өзіне және таңдап алған мамандығына деген қарым-қатынасымен байланысты. Егер де ұйымдастырылған еңбек барысында жақсы қасиеттерге иеленген жеке тұлға еңбек субъектісі ретінде алға шықса, онда ол еңбек нәтижелігін және оның қорытындысының жоғары болуын талап етеді. Жеке тұлғаның құндылығы, яғни оның жақсы қасиеттерге ие болуы, педагогтың кәсіби шығармашылыққа жолын ашады, өз күшінде сенімділік тудырады, өзінің кәсіби біліктілігінің маңызын мойындауға және өмірінің негізгі саласы болған, балаларды тәрбиелеу жұмысына сыйластықпен қарауға мүмкіндік береді.

Психологтың кәсіби этикасы - психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қауымдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.

Қызмет жүйесінде психологиялық іс-атқару барысында этикалық кодекс талаптарын енгізу және қолдану . Психологиялық зерттеу зерттелушінің қатысымен жүргізіледі. Сондықтан психолог және зерттелуші арасындағы этика жайлы мәселе қозғалады. Олар қандай қағидаларға сүйенеді?

Америка психологиялық ассоциациясы (АПА) және Канада мен Ұлыбританиядағы осындай ұйымдар зерттелуші адам және жануарлармен қарым-қатынас жайлы негізгі нұсқаулар жасап шығарды (АПА 1990 ж.). Осылайша АҚШ-та федералды заң органдары федералды қаржыға жүргізілетін зерттеулерге іштей бақылау кеңесінің бояуын талап етеді. Бұл кеңес жүргізілетін зерттеулерді бақылап, белгілі этикалық қағидаларға сай нұсқаулардың орындалуына кепіл болуы керек.

Зерттелуші-адам мен этикалық қарым-қатынастың бірінші қағидасы -қауіптің аз болуы. АҚШ-тағы осы нұсқауда зерттеудегі болатын қауіп күнделікті тұрмыстағы қауіптен жоғары болмауы керек. Адамға физикалық зиян немесе жарақат болмауы керек, бірақ қандай да бір зерттеу жобасында болған психикалық стресс этикалық жағынан қаншалықты ақталатыны белгісіз. Әрине, күнделікті өмірде адамдар сыпайы бола алмайды, алдайды да басқаларды мазалайды. Егер зерттеу жобасы үшін зерттелушіге психолог осылай қарайтын болса, бұл қалайша этикалық жағынан ақталады? Міне осы сұрақты бақылаушы кеңес әрбір жеке жағдайда қарастыруы керек.

Зерттелуші-адам мен этикалық қарым-қатынастың екінші қағидасы -олардың келісімін талап етуі. Зерттелушілер өз еркімен келісіп, кез келген мерзімде зерттеуден ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Оларды зерттеудің ерекшеліктерімен жалпы таныстыру керек. Бұл кейде зерттелушінің білмеуі кажет жағдайларына қайшы келеді






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет