Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары
1.Психолог клиентпен белгіленген уақытта кездесіп оның проблемаларын бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады.
2.Психолог кеңес алушының құқығын құрметтейді,кәсіби қарым-қатынас жасау шараларын шамасы келетіндерімен шектейді.Психолог клиенттің өзінің мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне сенеді.
3.Психолог клиентке үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқада бір әдіспен жеткізеді,оны эмоционалды түрде қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіру арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады.
4.Психолог кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен тыңдап оның проблемаларын обьективті анықтау үшін кеңес алушының «ізімен жүріп»терең және жан-жақты түсініп алады.
5.Психолог клиентке алдында тұрған проблемалар туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды,ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады.
6.Психолог клиентке әр қадамына ырзашылығын білдіріп оны өзімен бірге қосылып проблемаларды шешу жолында қызмет жасауға шақырады.
7.Психолог клиентке барлық мәселені жан-жақты талдап,оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |