9 лекция тақырыбы. Аналитикалық геометрияның пайда болуы және дамуы


Әдебиеттер: [8-10];[18,20,23];[26-31];[32-34];[35-37]



бет7/12
Дата19.04.2023
өлшемі68,38 Kb.
#84477
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Әдебиеттер: [8-10];[18,20,23];[26-31];[32-34];[35-37].
13 лекция тақырыбы. XVII ғасырда Ресей математикасы (Петербург ғылым академиясындағы математика)
Көне Русьтегі математикалық білімдер. Математиканың дамуы туралы алғашқы мағлұматтар, атап айтқанда арифметика, IX-XII ғғ. Русьтегі Киевтің “Рюриковичтер империясының” гүлденуі мен құлдырауы дәуіріне жатады.
Арифметикалық білім адамдардың практикалық шығармашылығын талап етті: саудадағы есептеулер, түрлендірулер, сонымен бірге құрылыс және әскери жұмыстардың қажеттіліктері.
Метрология. Барлық шаруашылық өмірде өлшеу жүйелері басты рөл атқарады. Олар әр түрлі математикалық есептеулерде және өлшеулерде қатысады.
Көне орыс ұзындықты өлшеулері үш негізгі дене мүшелерінің аттарына ие. Кіші өлшеу – кіші пядь – бұл бас бармақ пен сұқ саусақты ашып алғандағы арақашықтықты айтады, ол шамамен 19 см – ге сәйкес келеді, үлкен пядь – бас бармақ пен шылдыр шүмек арақашықтығы – ол шамамен 22- 23 см.
XII ғасырдың кірпіштерінің көбісінің ені 19 см пядь болады.
Сажень бірлігі – табаннан (өкшеден) жоғарыға көтерілген қолға дейінгі арақашықтық (ол шамамен 215 см), егер адамның бойы 170 – 172 см болса. Простой сажень деп аталатын бұл өлшеу бірліктің басқа түрінің шамасы тарихшылармен Тмутаракандық таста табылған. Онда Керчендік бұғаздың енінің өлшемі туралы мағлұмат бар. Бұл қызықты өлшеудің қорытындысы бойынша “мұздың бетімен Тмутараканиядан Корчевке дейінгі қашықтық” 1068 жылы 1400 сажень болған. Осыдан жай саженнің өлшемін 150 – 158 см деп анықтайды. Ол орта бойлы адамның екі жаққа созып тұрған қолдарын жазып тұрғанда үлкен саусақтарының арақашықтығы болып табылады. Осыны тізбектеп 4 және 8 сандарына бөле отырып, бізге белгілі малый локоть және малый пядь деген өлшеулерді аламыз. Шамасы, простая сажень алғашқыдан қарапайым және үш аршынды болған.
Өте үлкен арақашықтықтарды анықтау үшін ерте Русьте верста немесе поприце деген ұғым болды. Пядь, локоть, сажень, верста, поприце ұғымдары XI – XII ғасырларда кездеседі. Ұзындықты өлшеу түрлері, басқа өлшем түрлері сияқты тұрақтылықпен ерекшеленген жоқ және Ресейдің феодалдық дәуіріндегі төңкерісінен кейін бір князьдықтан екіншісіне ауысып, сонымен қатар сол уақытта өзгеріп отырады. Ресейде қолданылған өлшеу жүйесі 1918 жылдың қыркүйегіндегі РСФСР Совет Халық Комиссарларының декреті бойынша енгізілген метрлік өлшеуден бұрынғы өлшеу жүйесі негізінде ХҮІІ ғасырда орнатылды.
Жер бетін өлшеу, ұсақ денелер өлшемімен тығыз байланыста болды, ең бірінші егін шаруашылығымен Киев мемлекетінде және феодалдық князьдықтарда ХІІ-ХҮ (9) айырымдық схема. Ұсақ денелердің негізгі өлшемі кадь болып (киевская кадь-примерно 14 пудов ржи, а московская-примерно 24 пудов) және оның бөлімшелері қабылданды. 1 кадь=2 палав 4четверт = 8 осминь. ХҮІ-ХҮІІ (9) айырымдық схема. Кадь және половник қолданудан шығып негізгі өлшем болып четверть (равная примерно в пудам ржи) және оның екілік немесе үшті-екілік бөлімдері қалды. 1четверть = 2 осмин= третем= 12 пол-полтретем және т.б.= 3 третем= 6 полу= третем=12 пол –полтретем және т.б. Жер бетінің өлшемі басында бидайдың орта есеппен алғанда егістің өлшемімен анықталған. Реформацияға дейінгі негізгі беттерді өлшеу десятина және четвертпен ХІІІ-ХҮ (9) айырымдық схема пайда болды, сонымен бірге екі четверть десятинаны құраған. Четверть бидайдың ¼--і егілген ауданын береді. Четверть өлшемі оданда кіші өлшемдерге бөлінеді.
Барлық халықтарды мәдениеттің белгілі бір сатысында салмақ пен ақша бірліктерінің арасындағы тығыз байланыс байқалады.
Салмақ және сонымен бірге ақша бірлігі Киев мемлекетінде гривна болды. Оның шығу тегі виантиядан емес, шығыстан деген дұрыс болады, ол Русьпен шығыстың арасындағы тығыз сауда байланысының нәтижесі. Қазбалы қазынадан табылған молшылықтағы күміс құймаларды-орыс гривнасымен, ал салмағы бойынша араб фунтымен дәл сәйкес келеді - ротль (409,5 г), оны арабтар Ирактан алып пайдалаған. Владимир Светославовичтіің алтын ділдәсінің салмағы кейінгі орыс фунты немесе золотниктің 1/96 бөлігіндей болды.
Ол араб алтын динарына сәйкес келеді.Сондықтан көне орыс гривнасы кейінгі фунтқа сәйкес келеді және орыс өлшеуіндігі салмақтың көне бірлігін береді. Золотник сөзі Киев дәуіріндегі құжаттар қатарында кездеседі. Осылай пуд және берковец сөздерінде кездеседі. Бірақ алғашында золотник арнайы салмақ бірлігі немесе алтын ділдәні білдіреді ме түсініксіз. Дәл осы сияқты пуд және берковецтің алғашқы салмағы белгісіз. Ақырында мынадай қатынастар құрылды:
1 берковец=10 пуд, 1 пуд=40 пунт, басқаша айтқанда 16,4 кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет