9 лекция тақырыбы. Аналитикалық геометрияның пайда болуы және дамуы


Мектеп математика курсын оқытудағы тарихшылдық ұстанымы



бет12/12
Дата19.04.2023
өлшемі68,38 Kb.
#84477
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
9-15 лекция тезисі

Мектеп математика курсын оқытудағы тарихшылдық ұстанымы. Атап айтқанда, Қазақстан Републикасы Білім және ғылым министрлігіне «жаратылыс-математикалық ғылымдардың пәндерін оқыту деңгейін жоғарлату; оны өсіп келе жатқан ұрпақты қазіргі заманғы әлемнің жаратылыс ғылыми суретін, білім мен қазіргі өндіру және басқа да қызмет сферасында ғылымның қолданылуы туралы практикалық ондық қалыптасуына бағыттау» бұйрық етіледі.
Оқушылардың ғылыми көзқарастық қалыптасу мәселелерінің, жан-жақты тәрбие мен даму мәселелерінің үзіліссіз байланысы мен бірлігі - қазіргі заманның мектептегі математика курсын оқу кезеңінде тарихи-математикалық матералды қолдану керек екен деген қорытындыға әкеледі.
Шынында да, оқушылардың патриотизм мен интернациолизм рухында тәрбиелеу үшін ғылым тарихымен таныстырудың маңызы қандай екендігі белгілі. Өткеннің ұлы ойшылдардың өмірі, олардың ғылыми және өз ой-пікірлері оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру процесіне үлкен ықпал жасайды. Мысалы, ұлы ғалым Беруни астрономия, математика, география, геология, ботаника облысында жасаған жаңалықтармен атақты: ол адамзат тарихына ұлы философ-гуманисті және поэт ретінде кірді. Сонда Берунидің жаңалықтарына ғылымның келесі дамуы практикалық қолданысына күшті не берді? Күмән жоқ, ол таза біліммен адамды дамыту үшін оны іздестіру маңызы зор деп санады. Беруни үшін ең басты - зерттеу және түсіну сондықтан, осы ақиқатты оқушының адамгершілік көзқарастық негізін салу қазіргі мұғалім үшін өлшеу үшін қолданған Жердің радиусын Беруни әдісімен таныстыруға қарағанда маңызды болу керек (VІ-сыныпта геометрия сабағында жанама өлшеу жасаудың идеяларын оқығанда)
Мектептің математика курсының материалдарымен байланысты болу арқылы тарихи мәліметтер есте тез сақталады, сондықтан оқу ақпаратын есте сақтау құралы ретінде болады. Бұдан біз оқушылардың есінде математиканың даму тарихының бөлек ажыраған эпизодтар емес, ал оның негізгі идеялары мен әдістерінің бұрылу процесінің сақталып қалудың маңызын көреміз. Математика оқушы алдында дамудың шығармашылық процесінде шығу керек. Сонымен бірге, ғылым тарихы оқушыға теориялық ғылыми таным мен адамның практикалық іс-қызметі арасындағы өзара байланыс пен өзарашарттасудың іс-әрекет жасағанда бақылау жасағанда мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың диалектико-материалистік дүниеге көзқарастың және ғылыми ойлаудың эффектифті қалыптасуына көмектесуі. Математиканы оқыту процесіне тарихи математикалық мәліметтер жүйесін еңгізу, бәріне қарағанда, мұғалім тарихи курстармен (мысалға, халық шаруашылығында, әскери істе және тағы басқа қосымшалары бар ықтималдықтар теориясының тууына азартты ойындарды ұтып алуды талдау түрткі болды делінеді) байланысты қызығушылық элементін заңды деп мойындағанды білдіреді. Бірақ қызығушылық тек бастапқы сыныптарда емес, сонымен бірге ғылыми бастауда оңай қадам бола алады.
Әдебиеттер: [1,3,6,7]; [14,15,18,20,21,22]; [26-31];[32-34];[35-37].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет