9 лекция тақырыбы. Аналитикалық геометрияның пайда болуы және дамуы



бет8/12
Дата19.04.2023
өлшемі68,38 Kb.
#84477
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
9-15 лекция тезисі

Бөлшектердің алғашқы жүйелері. ½ және 1/3 қарапайым бөлшектер ерте заманнан бері белгілі болған. Осы екі бөлшекті екіге бөлу арқылы бөлшектің екі қатары пайда болды- екілік және үшті-екілік. Бұл екі қатар: а) ½ , ¼ (четь немесе четьверт), 1/8 (пол четв немесе полчетверти), 1/16 (пол-полчети), 1/32 (пол-пол-полчети немесе кіші четь) және т.б. б) 1/3, 1/6 (полтрети), 1/12 (пол-полтрети), 1/24 (пол-пол-полтрети немесе кіші треть) және т.б.с.с.
Бүтін санның бірлігін жартысыз айту үшін ол санның бірлігінің алдына “пол” сөзтіркесі қойылды. Қазіргі кезде: полтора (пол-втора) дейді және уақытты санағанда: полтретьего, полшестего дейді.
Киев Русьтегі математикалық ескерткіштер. Х-ХІ ғғ. Киев мемлекеті жоғары дәрежелі мәртебеге және мәдени гүлденуге ие болды. Ол Византия және Батыс Европпамен қарым қатынас жасады. Владимир Святославовичтің кезінде Киевте оның өзіне жақын адамдарының балаларына арналған мектеп ашылды; Ярослав Мудрыйдың кезінде (1019-1054) жыл санау куә болатын көптеген кітаптар жазылған. Княздық дворларда, шіркеулерде, монастырьларда кітапханалар ашыла бастайды. Киевпен қатар бұл өлкенің ірі мәдени орталығы Новгород болды. Жылсанауда Новгородта Ярослав Мудрый жаңа мектеп ашты деп жариялайды. Мұнда былай делінген: “прииде к Новугороду собра от старост и поповых детей триста учити книгам”. Бастапқы арифметикалық сауаттылық қарапайым новгородтықтардың ішіндеде жиі кездесті (ХІІ-ХІІІ ғғ.). Бірақ бізге сол кездегі математикалық білімдер туралы мағлұматтар жетпеген. Тек жекелеген жазба деректері ғана бізді Киев Русінің математикасымен таныстырады, олар өте аз.
Тарихи құжаттардың бірі “Правда Русская” – заңдар жинағы болып табылады. “Правда Русская” ХІ-ХІІ ғғ. құрастырылған және бізге бірнеше редакциялардан жеткен, олардың қолжазбалары ХІІІ-ХV ғғ. жатады. Бұл шығарма метрологияның қайнар бұлағы болып табылады.
Геометриялық прогрессияға арналған есептер математиктерді көне дәуірден бері қызықтырып келеді. “Правда Русская”-ның математикалық мақалаларының авторлары оны қалай есептегені туралы белгісіз. Дегенмен оларға тек, қосып, 2, 6 және 10-ға көбейтіп, 50-ге бөлу керек болды. Өте қиын санау күнтізбелік және хронологиялық санауларда керек болды, ол туралы нәтижені бізге толығымен жеткен новгородтық ғалым Кириктің көне орыс математикалық шығармаларынан табамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет