9 НҰСҚа арапрв Сержан 3-011 топ ом тақырыбы: «Жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі синдромының фармакотерапиясы»



бет2/5
Дата05.05.2023
өлшемі24,69 Kb.
#90547
1   2   3   4   5
Байланысты:
СРСП Сапар Б. 3-011 ОМ (копия)

Дəрі-дəрмектік ем:
- артериалдық гипертонияны түзету: АПФ ингибиторлары (эналаприл), ангиотензин II рецепторларын бөгегіштер, кальций өзектерін недигидропиридиндік бөгегіштер (верапамил, дилтиазема топтары), орталық əсер ететін (метилдопа), β-адреноблокаторлар (доксазозин), β-адреноблокаторлар (атенолол), түйіндік диуретиктер (фуросемид);
- гиперпаратиреозды түзету: кальций глюконаты немесе карбонаты, алюминий гидроксиді;
- гиперлипидемияны түзету: статиндер (симвастатитн, провастатин). Статиндер дозасын СКФ 30 мл/мин. төмен кезде азайтады;
- анемияны түзету: эритропоэтин, темір препараттары, өмірлік көрсетімдер бойынша қан, эритроцитарлық масса құю;
- су-электролиттік тепе теңдікті түзету: диализ алды кезеңде диурез бойынша сұйықтықты толтыру. Ісінулер болса – диурездік терапия. Креатинин деңгейі 180-200 мкмоль/л –гидрохлотиазид препараттары көрсетілмеген. Терминальді стадияда, диурез болса, диализ арасындағы күндерде диурездік терапия көрсетілген, үлкен дозада фуросемид (120-200 мг бір рет) – қалдықты зəр көлемін ұзақ уақыт сақтап тұру үшін;
- ацидозды түзету: егер қан сарысуындағы бикарбонат канцентрациясы 18 ммоль/л дан кемді құрасы (кешкі стадияларда –15 ммоль/л ден аз). Кальций карбонатын 2-6 тəулікке тағайындайды, кейде натрий карбонатын 1-6 г/тəулікке.

  1. Осы науқасты басқару тактикасын негіздеу керек пе?

Әрине, бұл науқасты басқару тактикасын негіздеу керек. Ем жүргізу барысында науқастың клиникалық шағымдарына қарай отырып ем тағайындаймыз. Сол себепті алдымен қай шағымына байланысты қандай ем тағайындаймыз және оның келесі препаратпен бірге қабылдаса қалай болатындығын, сонымен қатар бұл препараттарды қабылдағанда қандай диета ұстау керек міне осының барлығын басқарып, қадағалап отыру керек. Сондай-ақ тағайындаған ем қандай нәтиже беретінін немесе берген препараттардың науқаста жанама әсер туындатпайтынын барлығын тексеріп, нақты көз жеткізіп ем тағайындау керек. Мұның барлығын бас дәрігер басқарып тексеріп отыруға міндетті.

  1. Қандай препараттар бүйрек жеткіліксіздігінің даму қарқынын төмендетеді?

Бүйрек жеткіліксіздігінің даму қарқынын төмендететін препараттар қабынуға қарсы заттар мен иммунодепресанттар. Бұл препараттар тобы ағзада болып жатқан қабыну процессіне әсер етіп ағзаның иммунитетін көтереді. Қабынуға қарсы заттардың әсері:

  • Простаноидтардың (простагландиндер, тромбоксан), лейкотриендердің және тромбоциттерді активтейтін фактордың түзілуін бақылайтын фосфолипаза А2-ны тежеу- глюкокортикоидтар осы принцип бойынша әсер етеді.

  • Простаноидтардың биосинтезін реттейтін циклооксигеназаны тежеу – қабынуға қарсы стероидты емес заттардың әсер етуі.

  • Сонымен қатар қабынуға қарсы заттардың тағы басқа да негізгі әсер ету бағыттары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет