Жеке пәндік педагогикалық технология. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген. 2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология. Мақсаттық бағыттары: - қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру; - ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру; - қабілетті балаларды дамыту;
Өзіндік дамыту технологиясы Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту. Дамыта оқыту технологиялары. 1.Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков əдісі əртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту əдісі.
2.Д.Элькони В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони Давыдов технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дəстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өзмүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
3.Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі.
Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады. Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады. Бұл технологияда ұжымдық жұмыс əдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен жəне қорытынды бөлімнен тұрады.Əр оқушы оқу модулінде сағат саны əртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нəтижесінде оқушы:
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін
шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ал өзімнің іс-тəжірибеме келер болсам, 7 модулі аясында жаңа əдіс-тəсілдерді үйрету технологиясын қолдану арқылы мақсатты түрде күткен нəтижеге жетуге болатындығын, тиімділігін əрекетті зерттеу барысында көз жеткіздім. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау жəне ісəрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тəсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық əрекеттерге жəне басқаларды сыни тұрғыданойлауға баулуды көздейді. Бұл нұсқаулықтағы ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып, нəтижелі сабақта оқушы жауаптарынан ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, əрбір ситуациялық мəселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.
Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың өзгергенін көріп таңқалды. Солкүннен бастап сабақтарым қызғылықты өте бастады. Əсіресе топпен жұмыстанғанда жаңа əдіс-тəсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым. Менің пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалі арқылы емес, өз ісəрекеті арқылы жетті. Жаңа əдістəсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нəтиже күткен едік. Дəстүрлі өткізіп жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тəсілде өткен сабақтан мынадай айырмашылықтарды таптым.