9 практикалық сабақтың тақырыбы



бет5/6
Дата15.03.2023
өлшемі37,01 Kb.
#74603
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 ïðàêòèêàëû? ñàáà?òû? òà?ûðûáû

Топтық технология.
Бұл класта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін класты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді. Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талапмүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының 
ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді: 
• жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді); 
• жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, 
қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі 
қызметі мен айқындалады
• жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте 
оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың 
бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған). 
Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда 
болған,атауы-беланкастер жүйесі); 
Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай 
өтіледі (мангейм жүйесі); 
• Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы 
ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-
жылдарына тән); 
• Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б. 
• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және 
т.б.). 
Кезеңдеп оқыту технологиясы.
Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет