9 практикалық сабақтың тақырыбы


Деңгейлік саралау технологиясы



бет4/6
Дата15.03.2023
өлшемі37,01 Kb.
#74603
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 ïðàêòèêàëû? ñàáà?òû? òà?ûðûáû

Деңгейлік саралау технологиясы
Деңгейлік-саралау – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Сабақ барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасалады. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады.
Оқушылық деңгей:

  • жаттап алуға лайықталған болу керек;

  • алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік берілуі;

  • тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Яғни, мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже анықтамаларын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмалар құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Жекелеп оқыту технологиясы
Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады:

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.

Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.


Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінің белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет