9-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша тоқсандық жиынтық бағалау І тоқсан 1-бөлім. «Мәңгілік Ел – Мұратым»



бет1/3
Дата18.03.2023
өлшемі60 Kb.
#75401
  1   2   3
Байланысты:
1604459789-9-ТЖБ-ҚТ-1 4


9-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша
тоқсандық жиынтық бағалау
І тоқсан
1-бөлім. «Мәңгілік Ел – Мұратым», «Жаһандану мәселелері»
Оқу мақсаттары:
9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;
9.1.4.1-мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды;
9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
9.4.1.1-мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Бағалау критерийлері:

Орындау уақыты: 40 минут




1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, күрделі жоспар құрыңдар.

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.


2-тапсырма. Оқылым мәтінінің құрылымына 2-3 сөйлеммен талдау жасап, жанры мен стилін анықтаңдар.



Мәтін құрылымы

Жанры

Стилі














Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет