3-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Морфологиялық құрылымы сақталмай жазуға негізделген принцип
A) орфоэпиялық
B) лексикалық
C) морфологиялық
D) фонетикалық
E) дәстүрлі-тарихи
2. Жаһан сөзі қандай принципке негізделіп жазылған?
A) фонетикалық
B) морфологиялық
C) тарихи-дәстүрлі
D) орфоэпиялық
E) лексикалық
3. Біркелкі жазуды қамтамасыз ережелер жүйесі
A) морфологиялық норма
B) грамматикалық норма
C) орфографиялық норма
D) лексикалық норма
E) орфоэпиялық норма
4. Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғаны көрсетіңіз.
A) Жергілікті сөздер.
B) Ғылыми терминдер.
C) Нақыл сөздер.
D) Бейнелі сөздер.
E) Мақал-мәтелдер.
5. Жазуда ескерілмей, бастапқы қалпын сақтап жазылатын принцип
A) фонетикалық
B) морфологиялық
C) орфоэпиялық
D) лексикалық
E) грамматикалық
6. Құрамында сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөз
A) құндылықтар
B) тұрақтылыққа
C) тәуелсіздіктің
D) халқымызбен
E) тарихымызға
7. Тарихи-дәстүрлі принцип
A) Морфемалар құрамындағы дыбыс алмасуларын ескермеу
B) Сөздің бастапқы қалпын сақтап жазу
C) Айтылуы бойынша жазу
D) Морфологиялық құрамын сақтап жазу
E) Сөздің бұрын жазылып қалыптасқан түрін сақтап жазу
8. Іс қағаздарға тән емес қатарды белгілеңіз.
A) Құжаттарыңды түгендеп, белгілі бір жерге мұқият жинап қой.
B) Қолхат – белгілі бір тұлғаның мүліктік, қаржы сипатындағы затын екінші бір тұлғаның немесе өзінің алатындығын жазбаша растайтын қағаз түрі.
C) Арыз – ұйым басшысының атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын қағаз түрі.
D) Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын қағаз түрі.
E) Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |