9 Тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі


Кәсіпкерлердің өз міндеттемелерін қамтамасыз ету шарттары мен тәсілдері



бет7/7
Дата22.07.2023
өлшемі97,29 Kb.
#104642
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
14 лекция КК жауапкершылыгы 2

4. Кәсіпкерлердің өз міндеттемелерін қамтамасыз ету шарттары мен тәсілдері

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (268 – бап) міндеттеме деп бір адам ( борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасау, не болмаса белілі бір әрекет жасаудан тартыну міндеттілігін айтамыз.
  • Міндеттемелер төменде берілген азаматтық құқықтар мен міндеттерден, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден туындайды.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер:

  • 1. Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
  • 2. Заңдарға сәйкес азаматтық- құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
  • 3. Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
  • 4. Заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдеу нәтижесінде;
  • 5. Өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер,ғылым , әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

6. Басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (нгізсіз баю) салдарынан;

  • 6. Басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (нгізсіз баю) салдарынан;
  • 7. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
  • 8.Заңдар азаматтық- құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
  •  

Міндетемені орындау келісідей әдістер арқылы қамтамасыз етіледі:

  • Айып төлету.
  • Кепіл.
  • Борышқордың мүлкін алып қалу.
  • Кепілдік.
  • Кепілпұл.
  • Кепілдік жарна.
  • Заңмен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да әдістер.

Міндеттеме мынадай жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатылады:

  • Міндеттеме тиісті дәрежеде орындалса;
  • Талаптан бас тарту төлемі төленсе;
  • Борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса;
  • Борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға болса;
  • Орындауға мүмкіндік болмаса;
  • Мемлекеттік органның құжаты шығарылса;
  • Азамат қайтыс болса;
  • Заңды тұлға таратылса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет