14)Жасуша мембранасының құрылысы. Жасуша мембранасының қызметі, қасиеттері. Мембраналық нәруыздардың негізгі түрлері. • Қазіргі кезде адам ағзасында құрылысы, қызметтері түрліше болып келетін жасушалар сипатталған, яғни 200-ге жуық типі бұл биомембраналардың да көптеген түрі бар дегенді білдіреді. Ядро қабықшасының сыртқы және ішкі мембранасы, митохондриялардың ішкі және сыртқы мембранасы, ЭПТ, Гольджи кешенінің, лизосомалар мембраналармен қапталған.
Биомембрананың негізгі қызметтері мен қасиеттері: •
Тұйықтылығы- биомембраналардың ұштары ашық болмайды.
• 2. Таңдамалы өткізу, заттарды жасушаға және жасушадан артық заттарды сыртқа шығарады. •
3. Сигналдарды қабылдап, жасушааралық және жасушаішілік берілуін қамтамасыз етеді. •
4. Жасушааралық байланысу арқылы ұлпалардың түзілуін қамтамасыз етеді. •
5. Қозғалғыштығы тұйық болғанымен үнемі динамикалық қозғалыста болады. •
6. Ассиметриялығы-сыртқы және ішкі беттері құрамы бойынша ерекше болады.
15)Биологиялық мембрана құрылымы. Мембраналық липидтердің негізгі түрлері. • фосфолипид – гидрофильді бас бөлімініе бір-бірімен байланысқан азоттық негіз қалдығы, фосфат тобы және глицериннің 3атомдық спиртінің қалдығы кіреді. Гидрофобты құйрығы құрамындағы май қышқылы глицеринмен байланысқан. Қанықпаған олеин, қаныққан пальмитин май қышқылдары.
• -гликолипид-құрамында сфингозин болады;басының құрамында бір көмірсу кіреді.
• -сфинголипид-қосатомды аминоспиорт-сфингозин кіреді. Маңызды өкілі-сфингомиелин(азоттық негіз ретінде холин болады)
• -холестерин 4 көмірсутекті циклдан және көмірсутекті бүйір тізбегінен тұрады. Липидтік қосқабаттың ортасында орналасады.
16)Мембрана арқылы заттардыңтасымалдануы. Төменгі молекулалы заттардың тасымалдануы. Активті, пассивті. • Мембрана арқылы ұсақ заттардың тасымалдануының 3 түрі бар: пассивті:• -жай диффузия • -жеңілдетілген диффузия активті:• -белсенді тасымалдау
Жай диффузия –өздігінен ешбір кедергісіз заттардың концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтуі (май қышқылы, зәр қышқылы, Н2О, СО2, О2). Жеңілдетілген диффузия – концентрация градиентімен бағытында өтеді, бірақ бұл құбылыс өздігінен жүзеге аспайды. Ол ерекше тасымалдаушы ақуыз- транслоказа арқылыжүреді. Белсенді диффузия – мембрана арқылы затардың өткізілуі транслоказа көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта, яғни концентрация аз бағыттан концентрация көп бағытқа өтеді. Заттардың бұлайша өткізілуі белгілі бір мөлшерде энергия жұмсаудықажет етеді.