91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


)Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. р-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы



бет17/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
19)Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. р-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы.
Рибосомалық РНҚ-лардың құрылысы. • Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші) құрамына кіреді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 18S-р РНҚ, 28S-р РНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18S-р РНҚ – ның 1 молекуласынан және 30 ақуыз молекулаларынан құралған. Рибосоманың үлкен субъединицасы (бөлшегі) - 3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан-5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 28S-р РНҚ және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады. РРНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі-гуанин (Г) және цитозин (Ц) сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлде қайда көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның екінші реттік құрылымында қостізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп кездеседі
20)Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі.т-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы.
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ –лар болад, оларды Т-РНҚала; Т-РНҚфен; Т-РНҚлей; т.б деп бейнелейді, ал инициаторлық т-РНҚ –т-РНҚ и мет . Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі-13-15 % , олар: -гидроуридин (гУ)және псевдоуридин (пУ) ; -инозин (И); -метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин (мГ); -диметилуридин (м 2У). Бұдан басқа, т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмекшелер» пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты жапырағына ұқсас болады. Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі. Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға қабілетсіз болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі. Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі-3 1 ұшында 4 нуклеотидтен тұратын акцепторлық бұтақшасының болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен (А) тиісілі аминқышқылы ковалентті байланысады. Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады. Т-РНҚ-лардың үшінші ретік құрылымы тұрақты болады. Олар ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіпотырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет