35.Жасушалық цикл және оның негізгі фазалары. G1, S, G2. M. Адамның бойы жасушалардың көлемі мен санының көбеюімен негізделеді, бұл кезде бөліну немесе митоз үдерісімен қамтамасыз етіледі. Жасушалар пролиферациясы өсудің жасушадан тыс факторларының əсерінен өтеді, ал жасушалардың өздері жасушалық цикл деп аталатын, жағдайлардың қайталанатын реттілігінен өтеді. Жасушалық циклдің төрт негізгі фазасын ажыратады: G1 (пресинтетикалық), S (синтетикалық), G2 (постсинтетикалық) жəне М (митоздық). Содан кейін цитоплазма мен плазмалық мембрана бөлініп, нəтижесінде екі бірдей жаңа жасуша түзіледі. G1, S, G2 фазалары интерфаза құрамына кіреді. Хромосомалар репликациясы синтетикалық фаза немесе S-аза кезінде өтеді. Жасушалардың көпшілігі белсенді бөлінуге ұшырамайды, олардың митоздық белсенділігі G1 фазасының 20 1 тарау. Жасушаның молекулалық биологиясының сұрақтары құрамына кіретін G0 фазасы кезінде басылады. М-фазаның ұзақтығы 30-60 минутты құрайды, ал барлық жасушалық цикл шамамен 20 сағатта өтеді. Жасқа байланысты адамның қалыпты жасушалары (ісіктік емес) шамамен 80-дей митоздық циклден өтеді
Постмитотикалық кезең - G1- жасушалық құрылымдардың қайта түзіліп, қалпына келтірілуі, жасушаның өсуі мен құрылыстық нәруыздардың және ферменттердің қарқынды синтезделуі , ДНҚ молекуласының синтезделуі (репликация) мен энергияның мол жинақталуы(егер жасуша бөлінуге даяр болса) сияқты күрделі процестермен сипатталады. Екі хроматида (n) түріндегі генетикалық материал өз алдына жеке хромосомаларға (2n) айналып, әрқайсысы бір- бір ДНҚ молекуласына ие болады- 2n2c. Бұл кезеңнің ұзақтығы 9-12 сағатқа тең.
Синтетикалық кезең - S. Бқл кезде ДНҚ молекуласының репликациясы (екі еселенуі) жүреді. Репликациядан кейін әр хромомомада екі ДНҚ молекуласы болады(2n4c). Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 10 сағатқа тең.
Постсинтетикалық кезең - G2.Жасуша бөлінуге даярлық жасай бастайды. Онда арнайы нәруыздардың синтезі жүріп, жасушаның митоздық бөлінуіне өажетті құрылымдар қалыптасады. Бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин синтезделінеді. Жасушаның тұқым қуалау материалы диплоидты хромосомалар жиынтығында орналасып ол әр жұп хромосомада ДНҚ- ның 4 молекуласы түрінде болады- 2n4c. Бұл кезеңнің ұзақтығы 4,5-5 сағатқа тең.
Митоз –жасушаның бөліну кезеңі. Ол 4 фазадан тұрады: а) профаза; ә) метафаза; б) анафаза; в)телофаза