91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


Жасушаның молекулалық биологиясы. Эукариотты жасуша органеллаларының молекулалық құрылысы мен қызметтері



бет9/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74
Байланысты:
91. Ãåêêåëüä³? áèîãåíåòèêàëû? çà?û. ?ðû? æàïûðà?øàëàðû. Ýêòîäåðì

2.Жасушаның молекулалық биологиясы. Эукариотты жасуша органеллаларының молекулалық құрылысы мен қызметтері. 
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органикалық заттардың химиялық энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, ақуыздар, т.б. органикалық қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.
1. Эукариотты жасушалардың мөлшері үлкен және морфологиялық оқшауланған ядросы бар. 
2. Ядроның негізі хроматин болып табылады. 
3. Ядро жасушаның ортасында орналасқан.
4. Эукариоттық жасушалардың өмірлік циклі тұқым қуалайтын аппараттың күрделі қайта құрылуымен қатар жүреді. 
Эукариотты жасушалардың негізгі компоненттері: плазмолемма, цитоплазма, ядро. 
Эукариотты жасушалардың цитоплазмасы химиялық және құрылымдық жағынан күрделі. Цитоплазманың негізгі компоненттері: гиалоплазма, цитоскелет, қосындылар және оргоноидтар
3.Жасушалық ұйымдасудың прокариоттық түрі. Прокариот жасушаларының құрылымдықерекшелігі. Бактериялар.
Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Жасушалардың прокариоттық типіне бактериялар және көк жасыл балдырлар жатады. Жасушалық ұйымдасудың прокариоттық типі (бактериялар): көлемдері кіші (0,5-3мкн), жекелеген ядросы болмайды, сондықтан ДНҚ түріндегі генетикалық материал цитоплазмадан қабық арқылы шектелмеген. Мембрана жүйесі дамымаған, органоидтар болмайды, тек нәруыз синтезін жүзеге асыратын рибосомалар ғана болады. Генетикалық аппараты гистон нәруыздары болмайтын жалғыз сақиналы хромосомадан тұрады, ДНҚ-ның кішігірім молекулалары – плазмидалар болады, олар физикалық жағынан геномды хромосомалардан бөлек және дербес репликациялануға қабілетті. Прокариоттық жасушаларда жасушалық орталық болмайды, цитоплазма жасушаішілік орын алмастыруы мен амебоидты қозғалыс типті емес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет