ХХ ғасыр басында қазақ елінің экономикалық саяси – әлеуметтік жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Қаладағы өндіріс пен кәсіпорындардың дамыуы, теміржол жүйесінің келуі далаға капиталдың ағылуын күшейтті.Қазақтың негізгі кәсібі мал шаруашылығы товарлы шаруашылыққа айнала бастады.Осы тұста қазақ даласын басқарудың жаңа жүйесі күшіне енді.ХХ ғасырдың басы Ресейде ірі тарихи оқиғаларға жол алып, оның империализмге өтуі революциялық қозғалыстың орталығына айналдырды. Ресейде өтіп жатқан барлық оқиғалар қазақ еліне де өз әсерін тигізді. Патша үкіметі қақтығыстарды шешудің бір мақсаты етіп қазақтың шұрайлы жерлерін мемлекет қарамағына алып, орталық Ресейдің жерсіз шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру болды, сөйтіп қазақ жеріне қоныс аударушылардың жаңа легі пайда болды. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында ұлт–азаттық қозғалыстармен қатар түрлі саяси – идеялық бағыттар өріс алды. Мұның негізгі себебі – жергілікті халық мүддесімен санасуды мүлде қойған патша шенеуліктің зорлығы, қоныс аударушылар келуімен басталды. Елдің ата – қонысынан айрылуы, халықты орыстандыру саясатының ашықтан – ашық сипат алуы болды.ХХ ғасыр басындағы ағартушы демократтардың үлкен бір тобы өз шығармаларында халық тұрмысындағы ірілі – ұсақты қайшылықтарды бейнелеп, ел алдындағы маңызды проблемаларды көтерді, мәдениетті елдер қатарына жетуге, өнер – білімге шақырды.1905 – 1907 жылдардағы буржуазиялық – демократиялық төңкерістер Қазақстанда да қоғамдық саяси ойдың иегері дамып, мәдениеттің жандануына ықпал етті. Бірінші орыс төңкерісінен кейінгі жылдары Қазақстанда қоғамдық сананың өзгеріске түсіп, ұлттық баспасөздің негізі қалануы үлкен оқиға болды. Ұлттық мерзімді баспасөздің әдеби тіліміздің дамуына үлкен әсері болғанын Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, т.б. жақсы түсінді. Олар өз ұлтының сана – сезіміне сәуле шашып, қазақ халқын азаттық, теңдік жолындағы күреске шақыру үшін баспасөздің, ұлттық басылымдардың қазақша шығуына ат салысты. Сонымен ХХ ғасырдың басы Қазақстанда азаттық жолындағы күрес, саяси – әлеуметтік қозғалыстың дамыған кезі болып саналады. Сол кездегі қоғамдық – саяси ойды бір арнаға бағыттап ұлттың санасын оятуда, әлеуметтік мәселелерді шешу де ұлттық баспахана, баспасөз ашу қажеттігін жақсы түсінген М.Сералин, А. Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. қазақтың көрнекті зиялылары ана тілінде баспасөз құрып, оқулықтар жазып шығару жұмысын қолға алды.
ХХ ғасырдың басында Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда шығып тұрған мерзімді
баспасөз беттерінде еліміздің тарихы, шаруашылық жағдайлары, мәдени өмірі мен
ағартушылар (Шоқан,Ыбырай, Абай) туралы көптеген құнды мақалалар басылған. 1905 жылдардан басталған қазақша баспасөз ашу идеясы бірте – бірте жүзеге асты. 1911– 1913 жылдары шығып тұрған «Қазақстан», 1913 – 1918 жылдардағы «Қазақ» газетін өркендеуін түпкі мақсаттарына айналдырды.
ХХ ғасырдың басында Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда шығып тұрған мерзімді баспасөз беттерінде еліміздің тарихы, шаруашылық жағдайлары, мәдени өмірі мен ағартушылар (Шоқан,Ыбырай, Абай) туралы көптеген құнды мақалалар басылған.